Автор: author

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында көтерілген мәселелер еліміздің болашағы үшін үлкен маңызға ие. Президенттің айқындаған стратегиялық бағыттары, әсіресе экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды жаңғырту, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларындағы реформалар біздің тұрақты дамуға жетуіміз үшін қажетті қадамдар болып табылады. Бұл шаралар елімізді тек экономикалық тұрғыдан нығайтып қана қоймай, халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға да бағытталған. Президенттің назар аударған энергетикалық трансформация мен ядролық кластер құру мәселелері әлемдік деңгейде еліміздің мүмкіндіктерін кеңейтетін жаңа жолдарды ашады. Қазақстанның энергетика саласында жасалып жатқан өзгерістер тек ішкі қажеттіліктерді қанағаттандырып қана қоймай, халықаралық аренада бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік береді. Мемлекеттік аппараттың тиімді жұмыс істеуі мен…

Read More

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Арыс қаласына жұмыс сапарында жергілікті тұрғындармен, ауыл ақсақалдарымен кездесті. Өрейлі ой, салмақты пікір айтылған кездесуде облыс әкімі қазыналы қариялармен өңірді дамыту жоспарларымен бөлісті. Ел қазыналарының базынасына құлақ асып, әлеуметтік мәселелерді бірге шешуге шақырды. – Өңірімізді газдандыру, ауыз сумен қамту секілді маңызды мәселелер басты назарда. Осы бағыттағы жұмыстарды күшейтіп жатырмыз. Ең алдымен, жұмыстар халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталады. Халықпен етене жақын қарым-қатынаста жұмыс істейміз. Ұсыныс-тілектер мен ескертулер әрдайым назарда, — деді облыс әкімі. Облыс әкіміне «Арыс жылу» МКК қарасты модульдік қазандықтың жұмысы таныстырылды. Аталған қазандық өткен жылы толық жаңартылып, табиғи газға ауыстырылған болатын. Қазандықтардың технологиялық процестері…

Read More

Нұралхан Көшеров жұмыс сапары барысында Арыс қаласына қарасты Қожатоғай ауылдық округінде салынып жатқан 50 мың басқа арналған ірі қара мал бордақылау алаңының даму бағытымен танысты. Аталған жоба инвесторлар есебінен жүргізілуде және Түркістан облысындағы аустралиялық әдіс бойынша жүзеге асып жатқан ең ірі кешендердің біріне айналмақ. Нақтырақ айтсақ, Арыс қаласындағы «Turkestan Agro.kz» ЖШС базасында екі ірі кешен – жаңбырлатып суару әдісімен мал азығы дақылдардын өсіру мен ет бағытындағы мүйізді ірі қара өсірумен айналысатын шаруашылық-репродуктор құрылысы іске қосылады. Құрылыс, бордақылау және жаю схемасы аустралиялық тәсілмен жасалады. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров қала әкімі Қайсар Маңқараевпен бірге кешен жұмыстарымен танысты. Өңір басшысы мал бордақылау алаңының Арыстың…

Read More

Бірлігі жарасқан еліміз өзінің тағы да бір асқаралы кезеңі – Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойына үлкен табыстармен келіп отыр. Бұл турасында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы ТоқаевҚазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзінде: Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бүгінде бұл – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган. Ассамблея өте ауқымды қайырымдылық шараларын дер кезінде және жедел ұйымдастырып келеді. Мұның бәрі көп жылдық жүйелі жұмыстың нәтижесі екені сөзсіз, — деп атап көрсеткен болатын. Осы салтанатты 30 жылдық мерейтой аясында республикамызда саналуан танымдық, ғылыми басқосулар, конференциялар, дөңгелек үстелдер сияқты ғылыми талдамалар жасау, ел…

Read More

Түркістан облысы әкімдігінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау жолдары талқыланған мәжіліс өтті. Күн тәртібінде 6 мәселе қаралды. Атап айтқанда, экономиканы әртараптандыру, инфрақұрылымды және энергетиканы дамыту, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік салаларды дамыту, цифрлық технологияны жан-жақты енгізу, салық-бюджет саясатын реформалау және «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру жөніндегі жоспарлар баяндалды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров жауаптыларға өңір экономикасын көтеру бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды. – Мемлекет басшысы экономикамыздың көлемін арттыруды және өңіріміздің жалпы ішкі өнімін өсіруді тапсырды. Өңдеу өнеркәсібін жедел дамытуды және инвестиция тартуға баса мән беруді айрықша атап өтті. Өңірге жеке инвестиция тарту – аудан,…

Read More

Қазақстанның Премьер-министрі Олжас Бектенов білім, ғылым және денсаулық сақтау саласындағы негізгі жетістіктер мен жоспарларды атап өтті. Мәселен, 217 жайлы және 200 тірек мектептен тұратын үүздік білім ошақтарының желісі құрылуда. Негізгі міндет – озық тәжірибені тарату арқылы еліміздің барлық жалпы білім беру мекемелерінде білім сапасын кезең-кезеңімен теңестіру. Сондай-ақ 2025 жылы кәсіптік-техникалық білім беруде басқа оқу орындары үшін негізгі ресурстық орталықтарға айналатын 10 технологиялық көшбасшы колледж құру жоспарланып отыр. Бүгінде Қазақстанда шетелдік университеттердің 23 филиалы жұмыс істеп жатыр, биыл тағы 11 филиал ашылады. Университет ғылымын дамыту және коммерцияландыру ісіне баса назар аударылуда. Мысалы, Сәтбаев университетінде Kazakhmys корпорациясының тапсырысы бойынша таза селен алудың…

Read More

Түркістан облысында халықтың әл-ауқатын көтеру, жұмыспен қамту шараларын күшейту бағытында жүйелі жұмыс атқарылып жатыр. Бұл мәселе өңір басшысы Нұралхан Көшеровтің қатаң бақылауына алынған. Облыс тұрғындарын сапалы жұмыс орындарымен қамту мақсатында 2025 жылғы «Өңірлік жұмыспен қамту картасы» аясында 130 769 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Аталған саладағы жұмыстар облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен өтетін мәжілісте кеңінен талқыланды. 2024 жылы халықты жұмыспен қамту саласындағы атқарылған жұмыстар және биылғы міндеттер, жоспарлар сараланып, тиісті индикаторлар межеленді. Мәжілісте Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева мен «Еңбек мобильділігі орталығы» мекемесінің директоры Абзал Казанкаповтың есептері тыңдалды. Түркістан өңірінде облыс әкімімен бекітілген «Өңірлік…

Read More

Түркістан облысында елді мекендерді көгалдандыру, балық шаруашылығын дамыту мәселелері облыс әкімдігінде сараланды. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров жауапты басқарма басшысы мен аудан-қала әкімдеріне осы бағыттағы жұмыстарды күшейту керектігін тапсырды. – Мемлекет басшысының тапсырмасын сәйкес Түркістан қаласының айналасынан «Жасыл белдеу» құру жоспарланған болатын. Бұл тапсырманың маңызы зор. Облыста елді мекендерді көгалдандыру жұмыстарын жандандыру керек. Ағаш отырғызуда кемшіліктер көп. Егілген ағаштардың сапасын қадағалау қажет. Аудан, қала әкімдері жұмыс істеп жатқан жоқ. Өңірге жерсінетін көшеттер егілуі тиіс. Елді мекендерді көгалдандыру бойынша нақты жұмыстарды атқаруды тапсырамын. Өзге елдердің тәжірибесін пайдалана отырып, тұқымбақтарды дамыту қажет. Өңірде балық шаруашылығын дамыту бағытында семинарлар өткізуді қолға алыңыздар. Одан бөлек…

Read More

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына барып, мекеменің жұмыс барысымен танысты. Сапар барысында қаланың қорғаныс саласындағы қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған негізгі мәселелер талқыланды. Кездесу барысында әскери міндеттерді орындау, азаматтарды уақытылы әскери қызметке шақыру және қорғаныс бағдарламаларын іске асыру жолдары баяндалды. Әкім қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, қауіпсіздік пен қорғаныс саласының даму перспективаларына ерекше назар аударды. Әзімбек Пазылбекұлы Қорғаныс істері басқармасының қызметкерлерімен жүздесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, әскери дайындық деңгейін арттыру, материалдық-техникалық жабдықтарды жаңарту және инфрақұрылымды жақсарту секілді маңызды мәселелер қаралды. 2024 жылғы көрсеткіштерге сәйкес, Түркістан қаласынан 546 азамат Қарулы Күштер қатарына шақырылып, белгіленген жоспар артығымен орындалған.…

Read More

Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына барып, мекеменің жұмыс барысымен танысты. Сапар барысында қаланың қорғаныс саласындағы қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған негізгі мәселелер талқыланды. Кездесу барысында әскери міндеттерді орындау, азаматтарды уақытылы әскери қызметке шақыру және қорғаныс бағдарламаларын іске асыру жолдары баяндалды. Әкім қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ескере отырып, қауіпсіздік пен қорғаныс саласының даму перспективаларына ерекше назар аударды. Әзімбек Пазылбекұлы Қорғаныс істері басқармасының қызметкерлерімен жүздесіп, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Сондай-ақ, әскери дайындық деңгейін арттыру, материалдық-техникалық жабдықтарды жаңарту және инфрақұрылымды жақсарту секілді маңызды мәселелер қаралды. 2024 жылғы көрсеткіштерге сәйкес, Түркістан қаласынан 546 азамат Қарулы Күштер қатарына шақырылып, белгіленген жоспар артығымен орындалған.…

Read More