Автор: author

Шымкент қаласындағы №2 қалалық емханада медицина қызметкерлеріне Жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараға денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен Шымкент университетінің шақыртылған сарапшы маман Ғалымжан Тұрдықұлов қатысты. Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық әрі саяси жүйесінің берік тұғыры. Ол қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынасты реттеп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының аясын айқындайтын негізгі құжат болып табылады. Жаһандану үдерісі үдей түскен қазіргі кезеңде қоғам да үздіксіз өзгеріске ұшырап, жаңа талаптар қалыптасуда. Осы тұрғыдан алғанда, Жаңа Конституция демократиялық құндылықтарды нығайтуға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті жетілдіруге және азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды. Кездесу барысында спикерлер жаңа…

Read More

Шымкентте «Balabi Textile» ЖШС еңбек ұжымымен жаңа Конституциянының мән-маңызын түсіндіру және оның қоғам өміріне тигізетін оң әсерін жан-жақты талқылау бойынша кездесу өтті. Кездесу барысында спикер Ата Заңға енгізілген жаңашыл нормалар ең алдымен адам құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Жаңа Конституция әр азаматтың қадір-қасиетін, бостандығы мен заң алдындағы теңдігін нақтылай түсіп, әділетті қоғам қалыптастырудың берік құқықтық негізін қалайды. Мемлекеттің басты құндылығы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары екені тағы бір мәрте айқындалды. Сонымен қатар ұлттық құндылықтарды сақтау және нығайту мәселесіне ерекше назар аударылды. Отбасы институтын қорғау, қоғамдық келісім мен бірлікті бекемдеу, ұлттық болмысты сақтай отырып, заманауи даму…

Read More

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында ел дамуының жаңа бағыты ретінде білім мен интеллектке басымдық беру айқын көрсетілді. Бұл өзгеріс мемлекеттің дамуындағы маңызды бетбұрыс кезеңін білдіреді. Ендігі кезеңде Қазақстанның болашағы тек минералды ресурстармен ғана емес, ең алдымен адам капиталымен айқындалатыны атап өтілді. Жаңа Конституцияда білім, ғылым, мәдениет және инновация елдің негізгі даму бағыттары ретінде бекітілді. Бұл бағыттар қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыруға, ғылыми жетістіктерді қолдауға және ұлттық мәдениетті дамытуға негіз болады. Аталған басымдықтар елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар инновациялық дамуға ерекше назар аударылды. Жасанды интеллект дәуірінде елдің дамуы жаңа технологияларды енгізумен және зияткерлік әлеуетті арттырумен…

Read More

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды жаңалықтардың бірі – Халық кеңесінің құрылуы болып табылады. Бұл орган ел халқының мүддесін білдіретін жоғары консультативтік құрылым ретінде айқындалды. Халық кеңесінің негізгі міндеті – қоғамдық келісімді нығайту, ұлттық бірлікті күшейту және жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілету. Сонымен қатар Кеңес ішкі саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады. Бұл оның мемлекеттік және қоғамдық процестердің үйлесімді дамуына ықпал ететін маңызды институт екенін көрсетеді. Жаңа Конституцияға сәйкес, Халық кеңесіне бірқатар маңызды өкілеттіктер берілген. Атап айтқанда, Кеңес Құрылтайға заң жобаларын енгізуге құқылы. Сонымен қатар жалпыұлттық референдум өткізу туралы бастама көтеру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл норма азаматтардың…

Read More

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында мемлекеттік билік жүйесін жетілдіруге бағытталған маңызды өзгерістердің бірі – жаңа бірпалаталы Парламенттің құрылуы болып табылады. Бұл құрылым Құрылтай негізінде қалыптастырылып, заң шығару қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Жаңа бірпалаталы Парламент кеңейтілген өкілеттіктерге ие 145 депутаттан тұрады. Бұл депутаттар заң шығару процесіне қатысып, елдің қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды шешімдерді қабылдауға жауапты болады. Сонымен қатар депутаттардың өкілеттік мерзімі 5 жыл болып белгіленген, бұл олардың тұрақты әрі жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Парламентті қалыптастыру кезінде пропорционалды сайлау жүйесі қолданылады. Бұл жүйе саяси партиялардың сайлау процесіне белсенді қатысуына және олардың өкілдік мүмкіндіктерінің кеңеюіне жағдай жасайды. Пропорционалды сайлау жүйесі…

Read More

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында елдің дамуына бағытталған бірқатар маңызды жаңалықтар айқындалды. Ата Заңның мазмұны заманауи талаптарға сәйкес жаңартылып, мемлекеттің стратегиялық басымдықтары нақты көрсетілді. Жаңа Конституцияда орталық идея ретінде білім мен ғылымды дамытуға, сондай-ақ мәдениет пен инновацияларды қолдауға ерекше мән берілді. Бұл бағыттар елдің зияткерлік әлеуетін арттыруға, ұлттық құндылықтарды сақтауға және заманауи даму үрдістеріне бейімделуге негіз болады. Аталған басымдықтар мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар Конституцияның ең маңызды мазмұндық бағыттарының бірі ретінде цифрландыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтарын қорғауға қатысты норма бекітілді. Бұл өз кезегінде азаматтардың құқықтары мен заңды…

Read More

Қазақстан тарихындағы маңызды саяси қадамдардың бірі – Жаңа Конституцияның әзірленуі. Бұл құжат ел дамуының жаңа кезеңін айқындап, мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған кешенді реформаларды қамтиды. Осыған орай Шымкент қаласындағы Аймақтық инновациялық университет базасында Жаңа Конституцияны түсіндіруге арналған жиын өтті. Кездесуге профессор-оқытушылар құрамы мен студент жастар қатысты. Жиын спикері, университет оқытушысы Сабыр Иманбердиев өз сөзінде Жаңа Конституцияның басты ерекшелігі – адам құқықтары мен бостандықтарының басымдығы екенін атап өтті. – Адам құқығы мен бостандығы ең жоғары құндылық ретінде бекітілді. Әр азаматтың заң алдында теңдігі, жеке басының қауіпсіздігі, пікір білдіру еркіндігі және әділ сотқа қол жеткізу құқығы нақты әрі айқын көрсетілген. Бұл…

Read More

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек қоғамдық кеңес мүшелерімен арнайы кездесу өткізді. Басқосу барысында ұлттық мүдде, мемлекеттік тілдің қоғамдағы рөлі, дін саласындағы өзекті мәселелер, сондай-ақ жаңа Конституциялық реформа аясындағы өзгерістер мен толықтырулар кеңінен талқыланды. Кездесуде қала әкімінің орынбасары қоғамдағы тұрақтылық пен орнықты даму ұлттық құндылықтарды сақтау және заң үстемдігін нығайтудан басталатынын атап өтті. — Жаңа Конституциялық реформа – ел болашағына бағытталған маңызды қадам. Ондағы өзгерістер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтіп қана қоймай, ғылым мен білімнің дамуына нақты құқықтық негіз қалыптастырады. Бұл – стратегиялық маңызы бар шешім, – деді Сәрсен Құранбек. Жиын барысында қаладағы білім беру саласының қазіргі ахуалы, мектептердегі…

Read More

Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр НарымбетовӘл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді. Бахадыр Мәделіұлы баяндамасын Жаңа Конституция жобасының негізгі бағыттарын түсіндіруден бастады. Оның айтуынша, жаңа редакцияда білім мен ғылымға айрықша мән беріліп, адами капитал мемлекет дамуының басты факторы ретінде айқындалған. Сонымен қатар жер мен жер қойнауы халыққа тиесілі екені нақты көрсетіліп, табиғи ресурстарды қоғам игілігіне тиімді пайдалану мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі ретінде бекітілген. Мәслихат төрағасының сөзінше, бұл өзгерістер демократиялық үдерістерді нығайтып, азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыруға ықпал етеді. Жиында аудан әкімі Маратбек Мықтыбеков өткен жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды. Оның мәліметінше, «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 38 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт…

Read More

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласының өкілдерімен Жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шара барысында ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің мазмұны мен маңызы жан-жақты талқыланды. Жиынға Мирас университеті құқық секторының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Нұржан Жақсылықов арнайы спикер ретінде қатысып, 1995 жылы қабылданған Конституция мен жаңа редакция жобасының негізгі айырмашылықтарына тоқталды. Спикер референдумға ұсынылып отырған реформалардың бірнеше маңызды бағытын атап өтті. Оның айтуынша, басты өзгерістердің бірі – Конституцияның кіріспе бөлігіндегі тарихи және құқықтық құндылықтардың нақтылануы. Жаңа редакцияда заң мен тәртіп, әділеттілік қағидаттарына басымдық беріліп, мемлекеттің тарихи негіздері мен стратегиялық ұстанымдары айқын көрініс тапқан. Сонымен қатар Нұржан Жақсылықов мемлекеттік басқару…

Read More