Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА БАСТАЙТЫН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ
Санатталмаған

ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМҒА БАСТАЙТЫН МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

authorBy author24 февраля, 2026Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Шымкент қаласындағы №2 қалалық емханада медицина қызметкерлеріне Жаңа Конституцияның негізгі қағидаттарын түсіндіруге арналған кездесу өтті. Іс-шараға денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен Шымкент университетінің шақыртылған сарапшы маман Ғалымжан Тұрдықұлов қатысты.
Конституция – кез келген мемлекеттің құқықтық әрі саяси жүйесінің берік тұғыры. Ол қоғам мен билік арасындағы қарым-қатынасты реттеп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының аясын айқындайтын негізгі құжат болып табылады.
Жаһандану үдерісі үдей түскен қазіргі кезеңде қоғам да үздіксіз өзгеріске ұшырап, жаңа талаптар қалыптасуда. Осы тұрғыдан алғанда, Жаңа Конституция демократиялық құндылықтарды нығайтуға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті жетілдіруге және азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадам ретінде бағаланды.
Кездесу барысында спикерлер жаңа Конституцияның елдің орнықты дамуына және әділетті қоғам қалыптастыруына негіз болатынын атап өтті. Аталған бастамалардың негізінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған саяси реформалар жатқандығы айтылды. Оның 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында саяси жүйені кешенді жаңғырту, жасанды интеллект дәуіріндегі басқару тиімділігін арттыру және әлеуметтік-экономикалық дамуды қолдау мәселелері қамтылғаны тілге тиек етілді.
Жиын барысында №2 қалалық емхана ұжымына Конституцияның 70-тен астам бабына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені түсіндірілді. Негізгі жаңалықтардың қатарында Парламенттің құрылымына қатысты реформалар, Вице-Президент институтының енгізілуі, азаматтық және құқықтық кепілдіктердің кеңейтілуі мен нақтылануы бар екені айтылды. Сонымен қатар, Халық кеңесінің қоғамдық-саяси үдерістердегі рөлін арттыру арқылы мемлекеттік билікке халықтың тікелей қатысу мүмкіндігі кеңейетіні атап өтілді.
Кездесуде қатысушылар Жаңа Конституцияның әлеуметтік бағдарын және оның азаматтардың күнделікті өміріне ықпалын жан-жақты талқылады. Ашық пікір алмасу барысында әлеуметтік әділеттілікті күшейту, қоғамдық қатысудың аясын кеңейту және мемлекеттік институттардың азаматтар алдындағы жауапкершілігін арттыру мәселелеріне ерекше мән берілді.
Кездесу қорытындысы бойынша медицина қызметкерлері жаңа Конституция жобасына қолдау білдіретіндерін жеткізді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

17 апреля, 2026

Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде

17 апреля, 2026

Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте

14 апреля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.