Автор: author

Абай ауданында қазіргі таңда 27 елді мекен бар, олардың ішінде жалпы саны 55 159 тұрғын үй мен 220 көпқабатты үй орналасқан. Аудандағы халық саны 257,7 мың адамды құрайды. Аудан көлемінде 1274 көше мен 230 әлеуметтік нысан тіркелген. Ауданды инфрақұрылыммен қамту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып, көптеген оң көрсеткіштерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, аудан халқы 100% ауыз су және электр жарығымен қамтамасыз етілген. Бұл аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Сонымен қатар, табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Қазіргі таңда 25 елді мекен газбен қамтылған, бұл көрсеткіш 92,6%-ды құрайды. 2024 жылы Қайнарбұлақ тұрғын алабы мен Қайнарбұлақ…

Read More

Түркістанда әлемнің әйгілі мәнерлеп сырғанаушылары және еліміздің мақтанышы Элизабет Тұрсынбаева «Мұз сарайында» алғаш рет «Мұз шоуы» қойылымын қойды. Әлемдік турда сондай-ақ Евгения Медведова, Алина Загитова, Елизавета Туктамышева, бастаған 20-дан астам мәнерлеп сырғанаушы өнер көрсетті. Олимпиада және Еуропа чемпиондары мен жүлдегерлері Түркістан төріндегі мұз айдынының көркін қыздырды. Оларды тәжірибелі жаттықтырушы Этери Тутбаридзе бастап келді. Ол – бірегей спорттық шоулардың авторы. Шараға қатысушылар осындай эстетикалық спорт түрінің және айрықша бекзада өнердің түркістандық көрерменге қолжетімді болғанына қуанышын жеткізді. «Мұз сарайында» өткен бұл шоу – әлемдік деңгейдегі кәсіпқой спортшылардың басын қосқан бірегей жоба. Осы іс-шарада арнайы келген спорт жұлдыздары өздерінің мәнерлеп сырғанаудан ерекше нөмірлерін…

Read More

Түркістанда киелі мекендер тарихи орындардың тазалығын сақтау мақсатында ерекше тазалық жарысы ұйымдастырылды. Шара Қарашық өзені, мазараттар мен мешіттер аумағында өтті. Жарысқа 1000-нан астам адам қатысып, 40-қа жуық команда өздерінің белсенділіктерін көрсетті. Қатысушылар арасында жоғары жән орта арнаулы оқу орындарының студенттері, мешіт қызметкерлері, қаланың ерікті жастары, мемлекеттік қызметкерлер және қоғам белсенділері болды. Қатысушылар киелі Түркістанның тазалығына ерекше көңіл бөліп, тарих пен мәдениетке құрметпен қарап, қоршаған ортаны тазартуға үлкен үлес қосты. Шара барысында 20 арнайы техника жұмылдырылып, көптеген қоқыс жиналды. Түркістан қаласы әкімдігі қатысушыларға ризашылық білдіріп, киелі мекендердің тазалығы мен сақталуының маңыздылығын атап өтті. Жарыс қорытындысы бойынша белсенділік танытқан командалар алғыс хаттар…

Read More

Түркістан қаласындағы «Орталық су спорт кешенінде» Жеңістің 80 жылдығына орай жүзуден жасөспірімдер арасында облыстық чемпионат ұйымдастырылды. Спорттық сайыс спортшылардың жүзуге деген қызығушылығын арттырып, үздіктерді анықтауға бағытталған. Жарысқа өңірдегі аудан-қалалардан іріктеліп келген спортшылар қатысты. Спортшылар 50 және 100 метрге еркін жүзу, брасс, шалқалай, баттерфляй әдісімен жүзуден жарысты. Нәтижесінде жеңімпаздар мен жүлдегер командаларға тиісті деңгейдегі кубок, медаль және дипломдар табысталды.

Read More

Мемлекет басшысы елдің тұрақты дамуына жасампаз ісімен үлесін қосып жүрген еңбекқор жандарды ұлықтау, өнегелі ісін үлгі ету қашанда маңызды екенін айтады. Жарқын болашақ жолында білек сыбана тынбай еңбек етіп, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетіп жүрген жандар мақтауға да, мақтануға да лайық. Солардың қатарында Қасмурзаев Бауыржан Амиранұлы да бар. Ол – қоғамдық көлік саласында 21 жылдық тәжірибесі бар жоғары санатты автобус жүргізушісі. Ол өзінің кәсіби қызметін қоғамдық көлік жүргізушісі ретінде бастап, жолаушылар тасымалы саласында мол тәжірибе жинақтаған. Ұзақ жылдар бойғы еңбегі барысында Бауыржан Амиранұлы жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтай отырып, жолаушыларды белгіленген бағыттар бойынша уақытылы әрі сенімді жеткізуге ерекше мән береді. Оның…

Read More

Медицина – жан жылуы мен жоғары кәсібилікті талап ететін қасиетті сала. Бұл мамандықты жүрек қалауымен таңдап, науқастардың саулығы үшін бар күш-жігерін арнап жүрген жандардың бірі – Исабекова Гульзира Шеримовна. Ол өз ісіне деген адалдығы мен жоғары біліктілігінің арқасында әріптестері мен емделушілердің ерекше құрметіне ие болған мейірбике. Гульзира Шеримовна 1976 жылы 28 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында дүниеге келіп, бала күнінен-ақ адам өмірін сақтап қалуға үлес қосуды армандаған. 1995 жылы Шымкент қаласындағы медицина училищесін тәмамдап, еңбек жолын «Шымкент балалар жұқпалы ауруханасының» реанимация бөлімшесінде бастады. Жас маман алғашқы күннен-ақ өз ісіне деген ұқыптылығымен, жауапкершілігімен ерекшеленді. 2002 жылы Шымкент қалалық онкологиялық орталығының…

Read More

Бүгін Түркістан қаласында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында маңызды шара ұйымдастырылды. Бұл күні Түркістандағы «Қаракөз» зиратында Кеңес Одағының Батырлары мен соғыс ардагерлерінің қабірлерін тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның басты мақсаты — еліміздің рухын көтеру және жас ұрпаққа патриотизм мен тағзым мәдениетін насихаттау. Шымкент қаласындағы «Даңқ» мемориалынан басталған зиялы қауым өкілдерінен құралған арнайы экспедиция Түркістанға жетіп, «Қаракөз» зиратында Кеңес Одағының Батыры Расул Есетов пен Ауған соғысының ардагері Абдулхаким Ергешовтің рухына құран бағыштап, зират маңын тазарту жұмыстарын жүргізді. Бұл іс-шара батырларымыздың ерліктерін еске алып, олардың рухына құрмет көрсету мақсатында ұйымдастырылды. Экспедиция мүшелері іс-шараның тек Түркістанмен шектелмейтінін, алдағы уақытта…

Read More

Еңбек адамының қадірі – оның төзімі мен жауапкершілігінде, маңдай терімен тапқан адал еңбегінде. Олар қандай салада болмасын өз ісінің білгірі атанып, елдің әл-ауқатын арттыруға, қоғамның алға басуына күш салады. Ондай жандар елімізде мыңдап саналады. Солардың бірі ретінде Имашев Болысбек Тұрсынбекұлын айтуға болады. Имашев Болысбек 1963 жылы 1 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында қарапайым, еңбекқор отбасында дүниеге келген. Балалық шағынан бастап, ол еңбекқорлық пен жауапкершілікке үйреніп, кез келген істі адал әрі мұқият атқаруға дағдыланды. Болысбек Тұрсынбекұлының білімге деген құштарлығы оның өмірлік жолын айқындады. 1969-1977 жылдары Сайрам ауданындағы мектепте білім алып, алғашқы еңбек машықтарын сол кезден бастап үйренді. Жас кезінен…

Read More

Юлдашев Талғат өз кәсіби мансабын автоэлектрик ретінде бастады. Бүгінде ол- 44 жылдық тәжірибесі бар көлік және автомобиль техникасының маманы. Жылдар бойы ол түрлі деңгейдегі жауапты қызметтерді атқарған оның басты мақсаты көлік құралдарының үздіксіз және тиімді жұмысын қамтамасыз ету болатын. Өз еңбек жолындағы әрбір қадамында, кәсіби біліктілігі мен тәжірибесінің арқасында, ол көлік саласының түрлі бағыттарында маңызды міндеттерді табысты түрде атқарып келеді. Ол әрдайым көлік құралдарының үздіксіз және тиімді жұмысын қамтамасыз етуге жауапкершілікпен қарады. Оның жоғары біліктілігі мен тәжірибесі оған көлік саласының түрлі аспектілеріндегі маңызды міндеттерді орындауға мүмкіндік берді. Өз еңбек жолының әр кезеңінде ол автомобильдердің техникалық жағдайын бақылап, ақауларды уақытылы жөндеуді…

Read More

Фото: пресс-служба акимата Шымкента В Шымкенте 144 семьи из числа очередников получили арендные квартиры в рамках государственной жилищной программы. Новое жилье расположено в микрорайоне Туран. Среди новоселов – многодетные семьи, граждане из социально уязвимых категорий, а также дети-сироты и дети, оставшиеся без попечения родителей. Фото: пресс-служба акимата Шымкента Фото: пресс-служба акимата Шымкента 17 квартир предоставлены многодетным, 106 – социально уязвимым гражданам, еще 21 – детям-сиротам. Фото: пресс-служба акимата Шымкента В настоящее время с новыми жильцами оформляются договоры аренды.

Read More