Автор: author

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент медициналық колледжінің жастары арасында «Құқықтық сауаттылықты арттыру» және «Лудомания — қоғам дерті» тақырыбында маңызды кездесу өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты — жастар арасында лудоманияның зиянды салдарын түсіндіру, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыру, сондай-ақ құқықтық сауаттылықты арттыру. Заманауи қоғамда жастардың құқықтық білімінің деңгейі мен әлеуметтік мәселелер туралы хабардарлығы өте маңызды, себебі олар болашақтың азаматтары және өз қоғамдарының белсенді мүшелері. Кездесуге Шымкент қаласының полиция департаментінің Киберпол бөлімінің аға тергеушісі, полиция капитаны Бақтияров Бақдаулет Мадиярович, Киберпол бөлімінің жедел уәкілі, полиция капитаны Кулбаев Жанарыс Жандосұлы және Жастар ресурстық орталығының психолог маманы, психологиялық көмек және күйзелістің алдын алу бөлімінің маманы…

Read More

Түркістан жоғары аграрлық колледжінде Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Құмар ойынға құмартпа» және «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыптарында маңызды кездесу өтті.  Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында лудоманияның зиянды әсерлері, яғни құмар ойындардың адам өміріне, отбасына, әлеуметтік жағдайына кері әсері туралы ақпарат тарату. Сонымен қатар, салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау және отбасы құндылықтарын дәріптеу. Бұл тақырыптар қазіргі жастар үшін аса өзекті, себебі олар ақпараттық дәуірде өмір сүріп, түрлі әлеуметтік желілер мен ойындардың әсеріне жиі ұшырайды.  Кездесуге Ішкі саясат жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығының» психолог маманы Сайдахан Жібек Мұратқызы мен Абай АПБ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының полиция майоры Бектемисова Гульвира…

Read More

Жастар ресурстық орталығы мен Еңбекші ауданының әкімдігі бірлесе отырып, №43 жалпы орта мектебінде “Cyberbullying-ке жол жоқ!” атты маңызды кездесу ұйымдастырды. Іс-шараның басты мақсаты — буллингтің, оның ішінде кибербуллингтің алдын алу, жастарға психологиялық және құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ киберқылмысқа қарсы күрестің маңызын түсіндіру болды.  Кездесуге Еңбекші ауданы әкім аппаратының бас маманы Әбіл Ерғазы Қасқарбекұлы, Еңбекші ауданы полиция басқармасының учаскелік инспекторы Утегенов Ербұлан, теолог Амангелді Нұрдәулет Бақытұлы, психиатр-нарколог Шайкенова Асель, сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының психологы Әбдірашіт Айзада Үсенқызы қатысты. Спикерлер өз салаларында жинақтаған мол тәжірибелерімен бөлісіп, кибербуллингтің қауіптілігі, оның жастарға психологиялық әсері мен заңдық салдары туралы кеңінен ақпарат берді.  Іс-шарада мамандар кибербуллинг…

Read More

Шымкент қаласының Жастар ресурстық орталығы Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясының студенттері арасында “Дін мен дәстүр” тақырыбында тағылымдық кездесу ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты — жастар арасында дін мен ұлттық дәстүрлердің үйлесімділігі мен маңыздылығын түсіндіру, дұрыс діни білім берудің қажеттілігі және қоғамда бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту болды.  Іс-шараға Шымкент қаласындағы «Байғұт баба» мешітінің найб имамы Керімбеков Анарғали Пірәліұлы, Шымкент қаласы дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының ақпараттық түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру бөлімінің басшысы Байманова Тыныштық, «Қоғамдық келісім» КММ-нің ақпараттық-насихаттық жұмыстарды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Әбдікәрім Нұржан Кеңесұлы және медицина академиясының белсенді студенттері қатысты. Шақырылған мамандар өздерінің тәжірибелеріне сүйене отырып, жастарға дін мен…

Read More

Алматы облысының Қонаев қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) Журналистер клубының маңызды көшпелі отырысы өтті. Оған Алматы, Шымкент қалаларынан және Алматы, Түркістан, Ұлытау, Жетісу мен Жамбыл облыстарынан келген журналистер мен блогерлер клубтарының жетекшілері мен белсенділері қатысты. Жиынның басты мақсаты – Қазақстандағы этносаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтуда медиа мамандардың рөлін арттыру, сондай-ақ олардың кәсіби деңгейін, этносаралық келісім мәселелерін жарықтандыру дағдыларын жетілдіру болды.  Отырыста Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, ҚХА Журналистер клубының төрағасы әрі Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Алишер Сатвалдиев, Конрад Аденауэр атындағы қордың Қазақстандағы өкілдігінің жобалар үйлестірушісі Әділжан Ахметов, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның ұлттық коммуникациялар…

Read More

Шымкент медицина колледжінде жастар арасында ұлтаралық татулық пен діни танымдық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылған кездесу өткізілді. Бұл шара Жастар ресурстық орталығының қолдауымен жүзеге асырылды және жастардың діни сауаттылығын арттыруға, діни ағымдардың қауіптілігін түсінуге бағытталды. Кездесуге Шымкент қаласы дін істері басқармасының дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Аманкелді Нұрдаулет Бахытұлы, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің инспекторы Әмірхан Ұлдана Асқатқызы, сондай-ақ Шымкент медицина колледжінің студенттері қатысты. Шара барысында қатысушыларға діни ағымдардың қауіптілігі, олардың қоғамдағы әсері туралы толық ақпарат берілді. Мамандар жастарға діни экстремизм мен радикализацияның алдын алу жолдары, сондай-ақ жастардың діни сауаттылығын арттыру бойынша практикалық кеңестер ұсынды. Кездесу барысында жастарға бейбітшілік пен татулықтың маңызы,…

Read More

Ресми статистиканың деректері бойынша, бүгінде әлемде 200-ден астам мемлекетте Біріккен 5 мыңға жуық ұлт бар. Саясаттанушылардың есептеулері бойынша, өткен екі жылда әлемде 26-ға жуық жергілікті соғыстар мен ондаған қарулы қақтығыстар байқалды, олардың негізгі себептері ұлттық-діни келіспеушіліктер болды. Осылайша, әлемдік қоғамдастық та, жекелеген мемлекеттер де бір мемлекеттік білім беру жағдайында көптеген ұлт өкілдерінің өзара өмір сүруінің оңтайлы моделін құру үшін этносаяси проблеманы ескеруі керек.  Жаһандық өркениеттердің түйіскен жерінде – еуропалық, мұсылмандық, ресейлік және қытайлық, сонымен қатар орасан зор табиғи ресурстарға ие және салыстырмалы түрде аз халқы бар Қазақстанға басқа жол жоқ. Қазақстанда этникалық әртүрлілікті сақтау мен дамыту мемлекеттіліктің маңызды аспектісі болып…

Read More

Білім саласының маманы ретінде Мемлекет басшысының халыққа Жолдауларынан хабардармыз. Бірақ осы жолы көкейімізден шыққан тұжырымын құзырлы орындар жүзеге асырып, келелі шешімдер қабылдаса екен дейміз. Енді солардың кейбіреулеріне тоқтала кетсек. Президент: «Мемлекет қаржысының тұрақтылығын қамтамасыз етудің бірден-бір жолы – көрпеге қарай көсілу. Сондықтан бюджет қаражатын стратегиялық маңызы жоқ, аса шұғыл емес шаруаларға оңды-солды шашуды доғару керек», деді. Толықтай келісеміз. Мәселен, Алматы қаласында бүп-бүтін тұрған асфальт жолдарды, жиектастарды (бордюрлер), бетон арықтарды қиратып, қайтадан салып жатады. Жылда көретініміз – осы көрініс. Есесіне дәл қазір Алматының іргесінде, қала шекарасынан бір шақырым жердегі Қарасай ауданы Жаңатұрмыс ауылында жылдар бойы жолдар асфальтталмай келеді. Ауыл тұрғындары осы­ның…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін ерекше атап өтті. Бұл маңызды құжат ел дамуында шешуші рөл атқаратын бірқатар жүйелі мәселелерді айқындады. Мемлекеттік басқару ісінің тиімділігін арттыру мәселесін Мемлекет басшысы алғаш 2019 жылғы Жолдауында көтеріп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынған еді. Бұл идея «Адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» деген іргелі қағида аясында көрініс тапты. Жолдаудың сегізінші бағытындағы айтылған пікірлер де оған айқын дәлел. Президент Жолдауында «Қазақстан халқы қазір мүлде жаңа саяси жағдайда өмір сүріп жатыр. Кейінгі 5 жылда ауқымды реформалар жасалды. Еліміздің саяси жүйесі түбегейлі өзгерді. Жұрттың сана-сезімінде бетбұрыс болып жатыр. Халықтың құқықтық…

Read More

Жолдауда ел болашағына бейжай қарамайтын әрбір азаматтың назарын аудар­ғаны рас. Мемлекет басшысының Жолдауы елдің дамуын, ертеңге деген бағыт-бағдарын айқындап берді. Әрине, елімізді өркендету үшін әр салаға көңіл бөлінгені маңызды. Жолдауда еліміздің саяси және әлеуметтік экономикалық даму келешегіне қатысты мәселелер баяндалды. Әсіресе менің назарымды аудартқаны   азаматтардың табысын арттыру және осы жолмен жүру үшін әділ қоғам құру. Аталған мақсатқа қол жеткізуге барлық мүмкіндік бар. Мемлекеттік басқару тиімділігін, әділдігін жетілдіру, заң үстемдігін жоғары деңгейге көтеру өз нәтижесін беретіні анық. Бір атап өтерлігі, ел Президенті бір бағытқа басымдық берместен барлығын теңдей қамтып, нақты жұмыстарды айқындады. Сыртқы және ішкі саясат, сондай-ақ әлеуметтік-саяси блоктің дамуы да …

Read More