Жасөспірімдерді ересек өмірге дайындауға бағытталған арнайы бағдарлама қажет. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның кезекті отырысында айтылды. Өйткені елімізде кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктілік көбейген. Қала әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Сәрсен Құранбектің жетекшілігімен өткен мәжіліске басқарма басшылары және жергілікті үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Сәрсен Абайұлы комиссия мүшелерінің жаңа құрамымен таныстырып, алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеу керектігін баса айтты. Бұл мәселені қаншалықты жиі көтерілгенімен, шешу жолы, статистика төмендеген емес. Керісінше жағдай анағұрлым қиындаған. Отырыста мектеп жасындағы оқушыларға, ата-аналарға жекелей кеңес беру және іс-шаралар ұйымдастырылғаны айтылды. — Білім беру ұйымдарында ертежүктіліктің алдын алу мақсатында…
Автор: author
Шымкент қаласының ресми және іскерлік делегациясының сапары аясында Қытайдың Сиань қаласында Бас консулдықтың қолдауымен бауырлас қалалалардың кәсіпкерлерінің қатысуымен сауда-экономикалық форум өтті. Сондай-ақ, Шымкенттің 20-ға жуық компаниясы мен Қытайдың 30-дан астам кәсіпорын өкілдері арасында B2B-кездесулер өтті. Шымкент бизнес-делегациясының құрамына денсаулық сақтау, IT, электр жабдықтарын өндіру, құрылыс материалдары, металлургия, тамақ және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, білім беру, қоғамдық тамақтану және т. б. салалардағы бизнес өкілдері қатысуда. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысушыларды құттықтап, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы мен іскерлік серіктестігінің оң динамикалық өсуін атап өтті. «Бүгінгі кездесулер сындарлы ынтымақтастыққа ықпал етіп, екіжақты жаңа жобаларды іске асыру перспективаларына жол ашатынына сенімдімін. Сиань «Бір белдеу-бір…
Түркістан білім-инновация лицейінің оқушысы Абдурахманов Ислам әлемнің 40 университетіне грант жеңіп алды. Ол БАӘ, АҚШ, Англия, Польша, Малайзия, Швейцария мемлекеттеріндегі қалаған жоғары оқу орнының студенті атана алады. Ислам 7-ші сыныптан бастап түрлі білім сайыстарында жетістіктерге қол жеткізді. Интеллектуалды жарыстарды негізге алып, олардың ішінде шахматпен ерекше айналысты. Соның аясында қалалық және облыстық деңгейде өткен түрлі жарыстарда алтын мен қолаға қол жеткізді. «8-ші сыныпта айти саласына қызығушылығымды оятып, жаңа бағытқа қадам бастым. Бұл салада республикалық деңгейде өткен «Hackathon» атты жарыстан алтынға қол жеткіздім, осы іс шарада алған тәжірибем Қазақстандағы білім олимпиадасынан. бірінші орын иеленуіме себепкер болды. 9-шы сыныпта қоғамдық істермен айналысамын деп шештім.…
Түркістанда «Turk youth talent» облыстық талантты жастар байқауы өтті. Алғашқы іріктеу кезеңіне 200-ден астам өнерпаз өтінім білдірсе, олардың арасынан іріктеліп шыққан 50-ге жуық талант келесі кезеңге жолдама алған. Финалға 15 қатысушы өтіп, бойындағы өнерін көпшілікке паш етті. Сайысты Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының Жастар ресурстық орталығы мен «Серпіліс» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған. Байқау мақсаты – ел арасындағы табиғатынан ерекше таланттарды табу. Шығармашылық ізденісін ұлғайтып, дарынды жастардың шеберлігін шыңдау. Талантты жастарды қолдау, елге таныту. Таланттар сайысында Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласы сазды-драма театрының басшысы Алиев Арман, «Серпіліс» қоғамдық бірлестігінің басшысы Нарымбетова Бейсенкүл, қоғам белсендісі, блогер Айтаханова Айгерім, Түркістан қалалық мәслихат депутаты Худияров Ғалымжан…
Түлкібас ауданында облыстық Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында сенбілік өтті. Іс-шараға аудан әкімдігіне қарасты ауылдық округ, кенттер мен дербес бөлімдерден құралған 25 мекеменің мамандары мен ақылы қоғамдық негіздегі жұмысшылар және басқарма қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ 15 дана күл-қоқыс шығаруға арналған арнайы техника жұмылдырылды. Энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Мұздыбеков пен аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Жанесен әр мекемеге 10 шақырымнан астам жол бойын бөліп, шөп ору, қураған талдарды кесу және күл-қоқысты жинау сынды жұмыстардың сапалы орындалуын бақылады. Сонымен қатар Машат шатқалында өткен сенбілікте спорттың бірнеше түрінен жарыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, сенбілікке қатысушылар «арқан…
Татарстанның Қазан қаласында БРИКС+ елдері қалаларының халықаралық форумы өтті. Оған Үкімет делегациясы құрамында арнайы барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Татарстан Республикасының Раисы Рустам Миннихановпен кездесті. Облыс әкімі Түркістанның Түркі әлемінде өзіндік орны бар рухани орталық екенін айтып, аймақтың индустриалды әлеуеті мен инвесторларға жасалатын жеңілдіктер жөнінде баяндап берді. Қазақстан мен Татарстанның бауырлас елдер екеніне тоқталған Дархан Сатыбалды сауда-экономикалық байланысты нығайту, инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы мен ІТ саласында тәжірибе алмасу және өзге де мәселелерді талқылады. Өзара әріптестікті нығайту жөнінде келісімге қол жеткізілді. Татарстан басшысы екі елдің рухани байланысы тереңде екеніне тоқталып, сауда мен экономикалық байланыстарды тереңдете түсуге мүдделі екенін жеткізді. Қазақстандық делегацияға…
Түркістан облысын дамыту бағытында тұрғындардың ұсыныстары ескеріледі. Сондықтан облыс әкімі мен орынбасарлары бекітілген кестеге сәйкес өңір халқын жеке қабылдап, ұсыныстарын қарауда. Бұл жолы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов тыңдады. Кездесуге келген азаматтар бірқатар мәселе көтерді. Басым бөлігі мемлекет тарапынан тұрғын үймен қамтуды сұрады. Оларға тұрғын үй кешендері бой көтеріп жатқаны және баспана заң аясында тек кезек реттілігімен берілетіні айтты. Сондай-ақ жалдамалы пәтер ақысына мемлекет тарапынан субсидия алуға өтінім беру жолдары түсіндірілді. Айта кетейік, қазіргі уақытта облыс орталығы Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде 16 мыңнан астам азамат тұр. Түркістан қаласының тұрғыны үйіне газ тарту және жол салу…
Түркістан өңірінде облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен өндірісті дамыту, инвестиция тарту, жұмыс орындарын ашу бағытында ауқымды жұмыс жүріп жатыр. Сонымен бірге шет мемлекеттердің өндірістегі тәжірибелері зерттеліп, келіссөздер жалғасуда. Түркістан облысының делегациясы жеңіл өнеркәсіп саласын дамыту мақсатында Өзбекстан Республикасының Ташкент, Самарқанд, Жызақ өңірлеріндегі мата-тоқыма кәсіпорындары басшыларымен кездесіп тәжірибие алмасты. Келіссөздер жүргізіліп, осы салада әріптестік орнатылды. Тоқыма саласындағы танымал «SAFF TEXTILE» ЖШС, «Afrasiab jeans textile» ЖШС, «Aya textile» ЖШС, «VIRTUS Tricot» ЖШС, «Daka Tex» ЖШС және «Samarqand euro asia textile» компанияларымен келісімдер жасалды. Түркістандық делегация Өзбекстанның бірнеше аймағында кездесулер өткізді. Түркістан облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Абдразақова аймақтың инвестициялық әлеуеті,…
Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ-дың базасында орналасқан бірегей ботаниқалық бақ – аймақ үшін баға жетпес байлық. Бүгінде 88 гектар аумақты алып жатқан ботаниқалық бақта декоративті және жеміс талдарының 150-ге жуық түрі мен сорты бар. Жылдағы дәстүрге сай, жаз мезгілінің алғашқы күнінен оқу ордасының ботаникалық бағындағы жеміс ағаштары өнім бере бастайды. Бұған дейін де бақтағы шие ағаштарының өнімдері жиналып, жидектен жасалған шырын университет факультеттеріне таратылған болатын. Енді, міне, биылғы маусымның піскен өріктерін жинау және өңдеу жұмыстары да бастау алды. Бақтың жалпы аумағының 15 гектарында өрік ағаштары егілген. «Инновациялық технологиялар негізінде биоресурстарды коммерциялық игеру арқылы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ботаникалық бағының бағалы гендік…
Түркістан облысында елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, халықты әлеуметтік жұмыспен қамту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Бұл мәселе өңір басшысы Дархан Сатыбалдының тұрақты бақылауында. Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Мақтаарал ауданына жұмыс сапарымен барып, ауданда жүргізіліп жатқан маңызды нысандардың құрылыс барысымен танысты. Мердігерлер, бас жобалаушылар, техникалық қадағалаушылар, жауапты басқарма өкілдеріне құрылыс кестесінен кешікпеу, жұмысшы күшін екі есе көбейту, құрылыс сапасына аса мән беруді тапсырды. Егер мерзімнен кешігу немесе құрылыс сапасы төмен болған жағдайда айыппұл салынатыны ескертілді. Алдымен аудандық білім бөліміне қарасты «Толағай» лагеріне барды. Жазғы сауықтыру лагері биылғы 3 маусымда жұмысын бастаған. Қазіргі таңда мұнда ауысымдағы 200 оқушы демалуда. Жалпы жаз…
