Түркістан қаласында биыл Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалының ашылуы жоспарланып отыр. Осыған орай, «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Қазақ-Корей халықаралық білім ордасының таныстырылымы өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, «Woosong» университетінің өкілдері, ұстаздар, ата-аналар мен болашақ түлектер қатысты. Басқосуда алғысөз алған облыс әкімінің орынбасары жастарға сапалы халықаралық білім алуға үлкен мүмкіндік туып отырғанын тілге тиек етіп, түлектерді берілген мүмкіндікті тиімді пайдалануға шақырды. – Құрметті жиынға қатысушылар! Бүгін Оңтүстік Кореяның жетекші жоғары оқу орындарының бірі – «Вусонг» университеті филиалының Түркістан қаласында ашылуына орай, толық ақпарат беру үшін университет өкілдері алдарыңызға келіп отыр. Бұл бастама – Түркістанды білім мен ғылымның орталығына…
Автор: author
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы әлемнің түрлі елдеріндегі қолөнершілер мен қолөнерді біріктіруші – «World Craft Council» халықаралық ұйымының сарапшыларымен кездесті. Түркі елінің астанасы – Түркістанның тарихымен танысу үшін Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша вице-президенті Айдархан Калиев пен сарапшылары Сохан Кумар Джа Үндістаннан, Махоотчиан Ялда Түркиядан, Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің Оңтүстік-Шығыс Азия аймағы бойынша вице-президенті және сарапшысы Ле Ба Нгок арнайы келді. Басқосуда сарапшылар қаланың қолөнер саласының дамуымен танысып, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар «қолөнершілер қаласы» мәртебесіне ие болуы үшін атқарылатын жұмыс бағыттары мен саладағы ынтымақтастық жайы талқыланды. Әзімбек Пазылбекұлы сан ғасырлық тарихы бар, мәдениеті мен өнері ұштасқан қасиетті шаһар…
Бүгін қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Мәжілісте биылғы жылы «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылатын жұмыстар мен қала аумағындағы тазалық барысы талқыланды. Жыл басынан бері полиция басқармасымен бірлескен шаралар нәтижесінде: қоғамдық орындарды ластаған — 1300 құқық бұзушылық, абаттандыру қағидасын бұзған – 88, жол жабындысын ластаған — 456 құқық бұзушы анықталған. Сонымен қатар, қала төңірегіндегі аймақтарды қоқыс алаңына айналдырған 1 жеке кәсіпкер мен 2 жеке тұлғаның құқық бұзушылық әрекеті анықталып, жауапкершілікке тартылды. Жеке тұлға Бірлік секторында «Howo» жүк көлігімен қоқыс тастағаны анықталып, Әкімшілік кодекстің 505 бабымен айыппұл салынып, айыптұраққа қойылды. Сондай-ақ, Отырар секторы, Жаңа қала м/а, 9 көшенің оң…
Түркістан облысының ардагерлеріне Жеңістің 80 жылдығына орай әкімдік тарапынан 5 млн теңге көлемінде біржолғы материалдық көмек беріледі. Өңірде Екінші дүниежүзілік соғысының 9 ардагері тұрады. Екінші дүниежүзілік соғысы ардагерлеріне теңестірілген азаматтарға санаттары бойынша 50 мың теңгеден 120 мың теңгеге дейін біржолғы қаржылай көмек көрсету жоспарланып отыр. Сондай-ақ еліміздің «Ардагерлер туралы» заңына сәйкес әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіледі. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен аппараттың апталық мәжілісінде Жеңістің 80 жылдығын атап өту бойынша іс-шара жоспары кеңінен талқыланып, атқарылатын жұмыстар пысықталды. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асия Темірбаеваның баяндауынша, іс-шаралар жоспары тек мерекелік күндерді ғана емес, жыл бойы орындалуы…
Этникалық қазақтарға – басқа елдердің азаматтарына Қазақстанда 10 жыл өмір сүруге және жұмыс істеуге құқық беретін 65 «Ата жолы» картасы берілді. Елімізде өз ісін дамытуға дайын бизнес-иммигранттар 27 карта алды, ал сұранысқа ие мамандар осындай 38 картаның иегері атанды. «Қазақтар қай жерде өмір сүрсе де, олардың жалғыз Отаны – Қазақстан. Сондықтан біз үшін шетелде тұратын отандастарымызды қолдау әрқашан маңызды», – деді Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. «Ата жолы» картасын алушылар ішінде инженер-физик, инженер-математик, химиялық технологтар, жақ-бет хирургиясының дәрігерлері, педиатрлар және т.б. мамандар бар, олар Ресей, Германия, Моңғолия, Қытай, Ұлыбритания, АҚШ, Израиль, Франция, Нидерланды, Финляндия, Қырғызстан және Өзбекстан секілді шет елдерден…
Кентау қаласында ұйымдастырылған тазалық шарасына барлық мекеме қызметкерлері, тұрғындар мен жастар белсене атсалысты. Шара барысында 300-ге жуық адам көше бойларын, арық-атыздарды қоқыстардан тазартты. Жиналған қоқыс пен кесілген ағаштарды тасымалдауға 6 техника жұмылдырылды. Нәтижесінде 20 тонна қоқыс жиналып, полигонға шығарылды. -Қала тазалығын сақтау-әрбір тұрғын үй іргелік жерлерін күл-қоқыстардан тазартудан басталады. Шара тек бір күндік тазалықпен шектелу емес, қоғамды қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға, туған жерімізді таза әрі көрікті ұстауға шақырады,- деді қала тұрғыны Жанна Қазыбекова. Жалпы қала әкімі Жандос Тасов тазалық жұмыстарын ұдайы жүзеге асыруды тапсырған болатын. Бекітілген тапсырма барысында көпқабатты үйлердің аулаларын күтіп-ұстау шаралары тұрғындарға түсіндірілуде. Одан бөлек, қала тазалығын сақтауда…
Түркістанда ҚР Парламенті Сенатының қолдауымен, Қазақстанның шахмат федерациясының ұйымдастыруымен ірі шахмат турнирі – «Senat Open» ІІ Кубогы басталды. Осы шараны өткізу жөнінде Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев бастама көтерген болатын. Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов оның идеясына қолдау білдіріп, бұл сайыс жұртшылықты қызықтыра білді. Шахмат ойынын кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысты ҚР Парламенті сенатының депутаты Мұрат Қадырбек, облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бекарыс Шойбеков және онлайн бейнеролик арқылы Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов құттықтау сөз сөйлеп, ашып берді. Мемлекеттік қызметшілер, ардагерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңестердің мүшелері мен БАҚ өкілдері келесі кезеңге өту үшін бақ сынасып…
Республика бойынша көпбалалы аналардың төрттен бір бөлігі – Түркістан облысының тұрғындары. Оның ішінде, 117 927 адам – 18 жасқа дейінгі төрт және одан көп баласы бар аналар болса, «Батыр аналар» – 2 175, «Алтын алқа» иегерлері – 18 570, «Күміс алқа» иегерлері – 43 413, I және II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған аналар саны – 3 264. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шаралар жоспарына сәйкес, өңір тұрғындарының әлеуметтік аз қамтылған бөлігін, көпбалалы және толық емес отбасыларға қаржылай және заттай қолдау көрсету жоспарланған. Мереке қарсаңында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері, «Ардақты ана» атағын алған, сондай-ақ I және…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан өңіріне жасаған жұмыс сапарында халықпен кездесуінде Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру бастамасын көтерген болатын. Осы бағытта нақты жұмыстар қолға алынды. «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісі мен Сенатынан қолдау тауып, бүгінгі таңда Мемлекет басшысына қол қоюға ұсынылды. Аталған заң жобасы 13 баптан тұрады. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы мәжіліс өткізіп, осы маңызды заң жобасын тиімді пайдаланып, жүктелген міндеттерді сапалы орындау жолдарын, шаһарды дамыту жоспарларын талқылады. Жауапты басшыларға тиісті тапсырмалар берді. – Түркістан қаласының тарихи мәні өте жоғары екенін білесіздер. Әлемде қала көп, бірақ Түркістан қаласы жалғыз және орны айрықша. Сондықтан…
Бүгін Түркістан қаласы Фараб кітапханасында даңқты боксшы, Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановтың 45 жылдығына арналған танымдық-тағылымдық апталық іс-шараның ашылуы өтті. Шараға Түркістан қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, облыстық мәслихат депутаттары Қалыйма Жантөреқызы мен Бекарыс Шойбеков, сондай-ақ батырдың анасы Сырлыкүл Шойбекова қатысты. Іс-шара барысында Бекзатты ұлықтайтын әндер шырқалып, өмір жолына қатысты көрме ұйымдастырылды, сондай-ақ чемпионның тағдыры мен ерлігіне арналған арнайы қойылым қойылды. Бекзат Саттарханов – қазақ спортының алтын есімі. Оның жеңісі, рухы, өшпес ерлігі – өскелең ұрпаққа мәңгі өнеге!
