Қалалық полиция департаменті, Шымкент қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Шымкент – есірткісіз қала» науқанын өткізді. Іс-шараға жалпы 2500-ге жуық адам қатысты. Оның ішінде полиция қызметкерлері, прокуратура, қала жастары, аудан әкімдіктеріне қарасты коммуналдық мекеме жұмысшылары, нарколог-дәрігерлер, спортшылар, еріктілер мен партия өкілдері де бар. «Астана» алаңында арнайы жиналған қатысушыларға іс-шараның мақсаты мен маңыздылығын жеткізіліп, нұсқамалар берілді. Шара барысында есірткі жарнамаларын анықтап жою бойынша жұмыстар атқарылды. Көшеаралық, аулааралық қарау жүргізіліп, тұрғындарға есірткі қылмыстарын жасағаны үшін заңды жауапкершілікті ескерту, азаматтарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және нашақорлықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Іс-шара қорытындысымен 2332 граффити бояу түріндегі есірткі жарнамаларының, олардың интернет желісіндегі сілтемелерінің атаулары…
Автор: author
Қазіргі таңда елімізде АЭС құрылыс жобасына қатысты екі жақты көзқарас қалыптасып тұр. Қоғамда қолдаушылар қатары да көбейіп отыр,өйткені осы саладағы мамандар,энергетиктер мен ғалымдар АЭС салу еліміздің экономикасы мен әлеуметтік жағдайымыздың жақсаруына әкелетіндігін сенімді түрде өздерінің күнделікті пікірлері мен ойларында азаматтарға жеткізіп келеді. Елімізде экономиканы алға қарай жылжыту үшін бар мәселе электр қуатына тығыз байланысты екендігі шындық. Бізді қоршаған әлем жылдам өзгеруде, жаңа құндылықтар қалыптасуда, өмір сүрудің бағыттарында жаңа идеялар пайда болып жатыр. Бұл атом электр станцияларында электр энергиясын өндіру жайына да қатысты. Негізі атом энергиясын табысты өндірудің кілті — ядролық реакторды дұрыс таңдау. Олардың түрлері мен сұрыптары өте көп.…
Ең үлкен байлық — елдегі тыныштық пен татулық. Қазақстанда түрлі ұлт өкілдері өздерінің салт-дәстүрін ұстанып, мәдениетін, тілін дамытуына мүмкіндік алып отыр. Қаншама ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, қолдан келгенше бірі кәсібін жүргізіп, бірі түрлі салада қызмет етіп жүр. Осы орайда Түркістан облысы полиция департаментінде де қызмет атқаратын түрлі ұлт өкілдері жайлы айта кетуді жөн көрдік, олар қызмет етіп қана қоймай, арасында белгілі ақын-жазушылардың жырларын жатқа айтатын өнерлі маман иелері де бар екені қуантады. Мысалы, Түркістан қалалық полиция басқармасында қызмет атқаратын ұлты беларусь Светлана Литвинюк. Нәзік жанды полиция қызметкері бүгінде полиция аға лейтенанты шенімен антына адалдық танытып, қылмыскерлердің құрықталуына өз үлесін…
«Кебенек» сериалын көргендеріңіз бар ма? Ауған соғысының алапат күндерін бастан кешкен азаматтардың өмірі жайлы ауыр фильм. Телехикая қазақ жігітінің Ауған соғысында көрген қиындықтарымен басталады. Жау тылын бақылауға шыққан жауынгерлер зұлмат жарылысқа ұшырайды. Айналасы астан-кестен болған ұрыста жас жігіт қатты жараланады. Шала-жансар жатқан оны құтқарушылар «тікұшаққа сыймайды» деп құжаттарын алып, өзін тастап кетеді. «Ойпырмай, жат жерде қалғаным ба?», – деп ойлап үлгергенше көкке көтерілген тікұшақ жарылып, көз алдында күл талқан болады. Осылайша басталған фильм соңына дейін сұм соғысты көз алдыңа келтіреді. Қарап отырып терең ой түбіне кетесің, расында арамызда соғыс жарасынан айыға алмай жүрген қаншама жауынгер ардагерлеріміз бар?! Қаншамасының артында мыңдаған…
Ішкі істер саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, тәртіпті қадағалауға өзіндік еңбегі сіңген полиция ардагері Батырхан Сансызбаев 1959 жылы 26 желтоқсан күні Бабайқорған ауылында дүниеге келген. 1977 жылы Куйбышев совхозы Абай ауылындағы орта мектепті бітірісімен, алғашқы еңбек жолын Түркістан қаласындағы құрылыс басқармасында құрылысшы мамандығынан бастаған. Құрылыс басқармасында жұмыс атқарып жүрген кезінде әскер қатарына шақырылып, 1978-1980 жылдары Отан алдындағы әскери борышын Белоруссия елінде өтеп келген соң еңбек жолын ары қарай Түркістан құрылыс басқармасында жалғастырады. 1981 жылы Түркістан қалалық ішкі істер бөліміне қатардағы милиция қызметіне орналасады. Еңбектен қол үзбей 1983 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факултетіне оқуға түсіп, құқықтану-заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. 1989-1995…
Патриотизм дегеніміз — Отанға деген сүйіспеншілік, әрбір азаматтың мемлекет алдындағы борышын жанқиярлықпен орындау. Өкінішке қарай, соңғы кезде бұл мәселеге көпшілік күмәнмен қарап, әскердегі келеңсіз жәйттар өсіп келе жатқан жас жеткіншектің де, ата-ананың да ойын сан-саққа бөлуде. Десе де, дұрыс тәрбие, оның ішінде балалардың патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады. Әскери-патриоттық тәрбие жасөспірімдерді еліне деген сүйіспеншілікке, мемлекет тұтастығы, халықтың бірлігі мен ынтымағы жолында адал қызмет атқаруға, азаматтық, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіруге баулитыны сөзсіз. Осы ретте Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Түркістан облысы Түркістан қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының ІІІ сыныпты сержанты Досыбаев Төлеген Аманжолұлымен патриоттық тәрбие…
Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа Glencore компаниясы қызметінің нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді. Бұдан бөлек, еліміздің тау-кен, металлургия және энергетика салаларындағы компания жұмысының негізгі аспектілері талқыланды. Президент экологиялық стандарттарды қатаң сақтау және өндіріс процесіне инновациялық технологияларды енгізу қажет екеніне айрықша назар аударды.
-60 кг 1. Байаман Абидинов (Қырғызстан) 2. Қалмұхан Тұрмаханбет (Қазақстан) 3. Шокухи Мохаммад (Иран) 3. Илфат Миннегалиев (Ресей) -70 кг 1. Ойбек Султанов (Өзбекстан) 2. Ислам Фалягов (Ресей) 3. Калисбек Каюмов (Қырғызстан) 3. Нұржан Сәрсенғалиев (Қазақстан) -80 кг 1. Ирлан Казбек уулу (Қырғызстан) 2. Илхомджон Машрабов (Өзбекстан) 3. Артур Зулькарнаев (Ресей) 3. Жасур Мехтиев (Әзірбайжан) -90 кг 1. Аннагурбан Аллабердиев (Түркіменстан) 2. Хуснидин Рузиев (Өзбекстаг) 3. Азизхан Мусабек уулу (Қырғызстан) 3. Иван Ичизли (Молдова) -100 кг 1. Нодирбек Ахатжонов (Өзбекстан) 2. Бекбол Нұрланұлы (Қазақстан) 3. Булат Мусин (Ресей) 3. Палван Гурбангельдиев (Түркіменстан) +100 кг 1. Ранис Гилязетдинов (Ресей) 2. Ливиу…
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көкпардан жарыс аяқталды. Қазақстан Қырғызстан құрамасын 5:4 есебімен жеңді. Осылайша, көкпардан Қырғызстан екінші орын, Ресей үшінші орын иеленді.
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында Түркістан облысының өнерпаздары Астана төрінде өнер көрсетіп жатыр. «Бірлік керуені» жобасы шеңберінде «Көшпенділер әлемі» құрылған болатын. Этноауылда киіз үйлер тігіп, көпшілікке өңірдің мәдени-туристік әлеуетін таныстырып жатыр. Шараны тамашалаған еліміздің депуттары мен зиялы қауым өкілдері бастаған көрермен өз бағасын беріп жатыр. Алдымен түркістандықтар Тайқазан маңында Ақмола мен Ұлытау облысының керуенімен бірге салтанатты су құю рәсіміне қатысты. Облыс өнерпаздары мен өкілдері белсене араласты. Содан соң мәдени-концерттік бағдарламаға ұласты. «Шаңырақ» этно шатырында өткен «Дала сазы» концертінде Түркістан облысының «Саялы Сарыағаш» фольклорлық ансамблі мен «Арша» тобы өнер көрсетті. Содан соң аламан айтысқа Түркістан облысының айтыс жүйріктері қатысты. Ақмола мен Ұлытау…
