Қазақстан Республикасы білім беру саласының дамуына айрықша еңбек сіңіріп жүрген ұлағатты ұстаз, өлкетанушы, қоғам қайраткері Өмір Шыныбекұлы – педагогика мен қоғамдық сана жаңғыруының өзара тоғысқан тұсында дараланған азамат. Ұстаздық жолда саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған оның тәлімін көрген түлектер бүгінде елдің әр саласында табысты еңбек етіп, қоғам дамуына үлес қосып келеді. Ұстаздың осы қажырлы еңбегі мемлекет тарапынан да жоғары бағаланып, ол 2017 жылы «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», 2019 жылы Ыбырай Алтынсарин атындағы төсбелгімен марапатталды. Ал 2022 жылы еліміздегі ең үздік педагогтардың бірі ретінде «Қазақстанның үздік мұғалімі» атағына ие болды. Өмір Шыныбекұлының қызметі тек білім берумен шектелмейді. Ол…
Автор: author
Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті. Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар көтерген мәселелердің орындалу барысы мен алдағы жоспарлар туралы баяндап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Жергілікті тұрғындар тарапынан инфрақұрылым жүйелерін дамыту және жол мәселелері көтерілді. Бірлік секторы бойынша алдыңғы кездесуде 21 мәселе тіркеліп, оның 12-сі шешімін тапса, 9 мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сектордың инфрақұрылымын дамыту бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ауыз су, кәріз, электр және газ жүйелерін жетілдіруге арналған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Мәселен, электр жарығымен қамту бойынша 2704 абонентті қамтитын жоба шеңберінде 14 дана трансформатор орнатылып, құрылыс жұмыстары 2026 жылы…
Оңтүстік Кореяның Гуми қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті. Ясмина Тоқсанбаева 20 шақырымдық спорттық жүрісте жеке рекордын тіркеп (1:32.15), қола медаль иеленді. Сондай-ақ дәл осы бағдарламада ерлер арасында тағы бір отандасымыз Георгий Шейко 7-нәтиже көрсетті.
Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қала аумағындағы 6 сектор бойынша кезекті халықпен кездесуі Яссы секторынан басталды. Кездесу барысында қала әкімі сектор аумағында атқарылған жұмыстар мен 2024 жылы көтерілген мәселелердің орындалу барысы туралы баяндама жасап, алдағы кезеңге жоспарланған жобалармен таныстырды. Жергілікті тұрғындар кәріз желілері мен жол сапасы, қоғамдық көлік қатынасы, жарықтандыру және интернет қолжетімділігі секілді өзекті мәселелерді көтеріп, нақты ұсыныстарын жеткізді. Шаһар басшысы барлық сұрақтарға заң аясында нақты жауап беріп, кейбір мәселені орнында шешіп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Жалпы, Яссы секторында тұрғындар тарапынан 20 мәселе көтеріліп, олардың 7-еуі нақты шешімін тауып, қалған 13 мәселе қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес…
Түркістан қаласында биыл 944 пәтерлі 11 тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. Жыл басынан бері жоспарға сәйкес, 4 үйдің құрылысы аяқталып, 348 пәтер өз иесін тапты. Бұдан бөлек, несие жүйесімен 2025 жылы жалпы 2 082 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. «Бүгінгі таңда, Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар саны – 17 058. Оның 6 487-сі – әлсіз топ мүшелері болса, 5 185-і – көпбалалы отбасылар, 181-і – тұл жетім санатындағылар. Сондай-ақ, 5 203 отбасы бюджет есебінен баспаналы болуға кезекте тұрса, 2 үй апатты жағдайда деп танылуына байланысты жаңа үй алу кезегіне тіркелген. Жаңа Заңға сәйкес, 2025 жылдың 24 мамырынан бастап…
Бүгін еліміз бойынша мектептерде соңғы қоңырау соғылып, мыңдаған түлек алтын ұя мектебімен қоштасып жатыр. Түркістан қаласында да бұл күн ерекше аталып өтілуде. Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Төле би атындағы №19 жалпы орта білім беретін мектепте өткен соңғы қоңырау салтанатына қатысып, ұстаздар мен ата-аналарды және мектеп бітіруші түлектерді құттықтады. -Сіздерге сенім артып отырған ел бар, үміт күткен ата-ана, талмай еңбек еткен ұстаз бар. Арманға апарар жол – білім мен еңбектен басталатынын ұмытпаңыздар. Қайда жүрсеңіздер де туған жердің, қасиетті Түркістанның атын абыроймен шығарыңыздар! Сіздерге ақ жол, жарқын болашақ, сәттілік пен табыс тілеймін! – деді қала басшысы. Түркістан қаласында биыл 55 252…
Лидер женской команды Казахстана по теннису Елена Рыбакина одержала победу в 1/8 финала крупного турнира в Страсбурге (Франция), передает olympic.kz Во втором круге турнира казахстанка противостояла Ван Синьюй (Китай). Матч продлился два сета. Рыбакина выиграла с общим счетом 6:1, 6:3. В четвертьфинале казахстанская теннисистка сыграет против Магды Линетт из Польши.
Бүгін Түркістанда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті жалпықалалық сенбілік өтті. Тазалық шарасына Түркістан қаласына қарасты дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, облыстық басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері белсенді қатысып, жалпы саны 800-ге жуық адам қала тазалығына өз үлестерін қосты. Сонымен қатар сенбілікке 15 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында Отырар тұрғын алқабына қарасты көшелерде шөптер шабылып, аяқ жолдар сыпырылып, қоқыстар жиналды. Нәтижесінде 40 тоннаға жуық тұрмыстық және табиғи қоқыс қалдықтары шығарылды. Сонымен қатар қала аумағында экологиялық тұрғыдан маңызды деп танылған 18 белгіленген аумақта тазалық қызметкерлері тарапынан сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. #ТазаҚазақстан
Бүгін «Алатау медиа» орталығында «Түркістанның дизайн коды» тақырыбында брифинг өтті. Брифинг барысында «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дизайн код ресми түрде таныстырылып, оның негізгі бағыттары мен талаптары түсіндірілді. Дизайн код 8 тарау мен 118 тармақшадан тұратын талаптар кешенін қамтиды. Онда жалпы ережелер, сәулет және қала құрылысына қойылатын негізгі талаптар, сыртқы көрнекі ақпарат, көше навигациясы жүйелері, көше жиһазы, ғимараттардың қасбеттері, қоршаулар және қалалық кеңістікті жарықтандыру мәселелері қамтылған. Жобаның басты мақсаты – Түркістан қаласының мәдени мұрасын сақтай отырып, сәулет-көркемдік тұрғыда бірыңғай стиль қалыптастыру және қолайлы қалалық орта құру. Жобаның негізгі міндеттері ретінде қаланың тарихи және жаңа құрылыстары арасында…
Казахстанский спортсмен Артем Антропов стал серебряным призёром чемпионата Азии по тяжёлой атлетике, который проходит в китайском городе Цзяншань. В весовой категории до 102 килограммов Антропов поднял в сумме двоеборья 386 кг (рывок — 165 кг, толчок — 221 кг), что позволило ему занять второе место на пьедестале почёта. Победителем в этой весовой категории стал представитель Китая Лу Хуаньхуа, показавший результат 410 кг (180+230). Бронзовую награду завоевал Дауранбек Хасанбаев из Туркменистана, сумев поднять 377 кг (182+195). Ранее ещё один представитель сборной Казахстана Пётр Хребтов выиграл бронзовую медаль в весе до 73 килограммов.
