Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА “БІРЛІК” МӨЛТЕК АУДАНЫНЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ТЫҢДАЛДЫ
ЖАҢАЛЫҚТАР

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА “БІРЛІК” МӨЛТЕК АУДАНЫНЫҢ АРЫЗ-ШАҒЫМДАРЫ ТЫҢДАЛДЫ

authorBy author27 мая, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Қала тұрғындарымен кездесу барысында Әзімбек Пазылбекұлы бүгін Яссы және Бірлік секторының тұрғындарымен кездесті.

Бірлік тұрғындарымен кездесу барысында 2024-2025 жылдары тұрғындар көтерген мәселелердің орындалу барысы мен алдағы жоспарлар туралы баяндап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.  Жергілікті тұрғындар тарапынан инфрақұрылым жүйелерін дамыту және жол мәселелері көтерілді.

Бірлік секторы бойынша алдыңғы кездесуде 21 мәселе тіркеліп, оның 12-сі шешімін тапса, 9 мәселе бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Сектордың инфрақұрылымын дамыту бағытында да бірқатар жұмыстар атқарылуда. Ауыз су, кәріз, электр және газ жүйелерін жетілдіруге арналған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Мәселен, электр жарығымен қамту бойынша 2704 абонентті қамтитын жоба шеңберінде 14 дана трансформатор орнатылып, құрылыс жұмыстары 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, табиғи газ желісімен қамту мақсатында қосымша 1500 абонентке арналған жоба әзірленуде, оның ішінде 326 абонент Бірлік секторынан енгізілген.

Жол және жарықтандыру саласында 141,7 шақырымдық 179 көшенің 96%-ы жарықпен қамтылған, қалған бөлігінде жұмыстар биылғы жылдың тамызына дейін аяқталады деп күтілуде.

Кездесу соңында қала әкімі тұрғындарды қоғамдық тәртіп пен қалалық тазалықты сақтау шараларына белсенді қатысуға шақырып, көтерілген барлық мәселелер кезең-кезеңімен заң аясында шешілетінін жеткізді. Барлық ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, салалық бөлімдерге нақты тапсырмалар берілді.

Айта кетейік, Әзімбек Пазылбекұлының халықпен кездесуі 28 мамыр күні сағат 10:00де — 1-ші мөлтек ауданында орналасқан №4 мектепте, 15:00де — Сандыбаев көшесіндегі №18 мектепте, 29 мамыр күні сағат 10:00де- Мәдени рухани орталықта орналасқан «Ұлы-дала орталығы» кешенінде, 15:00де- ӘІО-ғы 9-шы көше бойында орналасқан №33 мектепте өтеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

17 апреля, 2026

Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде

17 апреля, 2026

Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте

14 апреля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.