Автор: author

На ринг вышли шесть представителей команды Казахстана. По итогам поединков в четвертьфинал ЧМ пробились Алуа Балкибекова (до 50 кг), Жайна Шекербекова (до 54 кг), Виктория Графеева (до 60 кг), Аида Абикеева (до 63 кг), Жасмин Кизатова (до 66 кг).

Read More

Шымкент қаласы – еліміздегі ірі урбанизациялық орталықтардың бірі. Халық санының өсуімен бірге жол инфрақұрылымын жаңарту мәселесі өзекті болып отыр. Себебі кең, тегіс әрі сапалы жолдар – экономиканың дамуымен қатар, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығының кепілі. Бұл туралы бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы Құранбек Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында айтты. Жолдардың қазіргі жағдайы: 2024 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 75%-ға жетсе, биыл бұл көрсеткішті 79%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр. Сонымен қатар 2024 жылы қаламызда 40,8 шақырымды құрайтын 15 нысанда құрылыс және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі, 88 шақырымды құрайтын 55 көшеде орташа жөндеу…

Read More

Бүгін «Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру» аясында «Ұлттық ойындар – ұлтымыздың құнды мұрасы» және «Біз нашақорлыққа қарсымыз» ұранымен тоғызқұмалақтан ашық біріншіліктің ашылу салтанаты өтті. Шараға Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев қатысып, шараның маңыздылығы мен ерекшеліктеріне тоқталып. жас буынға сәттілік тіледі. Жарысқа 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015, 2016-2018 жылдар аралығында туылған 200-ге жуық жасөспірімдер қатысуда. Бұл жарыс ұлттық спорт түрін насихаттау, жас буынның арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және нашақорлыққа қарсы күресті күшейту мақсатында ұйымдастырылды.

Read More

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында көктемгі су тасқынына дайындық шаралары кеңінен талқыланды. Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар сараланды. Түркістан облысындағы көктемгі су тасқынының алдын алу шаралары тұрақты жүргізілуде. Жағдай – тұрақты. Нұралхан Көшеров жағдайды қатаң бақылауға алуды тапсырды. Инженерлік техникаларды үнемі дайындықта ұстауды, «Шардара» және «Бөген» сияқты көлемі 80 пайыздан асқан су қоймаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, су өткізу жүйелерін ұдайы таза ұстауды, таулы аумақтағы дайындықты күшейтуді жүктеді. Жиында су тасқынына дайындық іс-шаралары туралы Түркістан облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Төлешевтің баяндамасы тыңдалды. Оның айтуынша, тәуліктік кезекшілік штабы ұйымдастырылған. Аймақтағы төтенше жағдайларға және су шаруашылығы…

Read More

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аудан әкімі Азат Оралбаев Ордабасы ауданы, Түрткүл ауыл округіне қарасты Қызылжар ауылының тұрғыны 106 жастағы Орынкүл Құрманбекова әженің шаңырағында болды. Абзал анаға гүл шоқтары мен қазақы дәстүр бойынша иығына ақ жаулық жауып, мерейлі мерекемен құттықтады. Тыл ардагері шаңырағына арнайы құттықтай келген аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді. Бір ғасырдың куәсі болып отырған Орынкүл әженің 3 қызы және 1 баласынан 12 немере, 21 шөбере, 20 шөпшек тараған.

Read More

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Сайрам ауданына жұмыс сапарымен барып, шаруаларға «Ауыл аманаты» жобасы аясында «Trade-In» бағдарламасы арқылы жаңа техникаларды тапсырды. Өңір басшысы ауыл шаруашылығы саласының техникалық паркін жаңарту бағытында жұмыс жандана түсетінін жеткізді. – Бүгін сіздермен маңызды әрі қуанышты сәтте жолығып тұрмыз. Мемлекет басшысы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында ауыл шаруашылығы техникаларын жаңарту міндетін жүктеді. Облыс көлемінде 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы техникасы бар. Оның 3 мыңы ескіріп, пайдалану мерзімі 20 жылдан асқан. Осы мәселені шешу мақсатында алдағы 5 жылда ауыл шаруашылық техникалары паркін 35 пайызға жаңарту жоспарымыз бар. Міне, осы бастама аясында нақты жұмыс басталып кетті. Соның айғағы…

Read More

Қиын сәтте жедел шешім қабылдап, өмірлерді құтқаруға үлес қосу – нағыз ерлік. Бұл қызметте тек кәсібилік пен жауапкершілік ғана емес, үлкен жүрек пен төзімділік те қажет. Осындай қасиеттерді бойына сіңірген мамандардың бірі – Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Қаратау ауданы №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің радиотелефонисті, азаматтық қорғау кіші сержанты Сәметова Сандуғаш Пернебайқызы. Сандуғаш Пернебайқызы 1999 жылы 3 желтоқсанда Шымкент қаласында дүниеге келген. Қауіп-қатерге толы саладағы еңбек жолын 2023 жылдың 26 қазанынан бастап бастағанына көп болмаса да, өз ісіне деген адалдығы мен кәсіби шеберлігі арқылы ерекше көзге түсіп келеді. Өрт сөндіру бөлімінде радиотелефонист – оқиға орнындағы байланысты қамтамасыз етіп, төтенше…

Read More

Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасының кітапхана үдерістерін автоматтандыру секторының бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маманы Шаймерденова Ақмарал Жамалқызы – өз ісіне адал, жауапкершілігі мол, жоғары білікті маман. Ол өз қызметінде жаңашылдыққа ұмтылып, еңбекқорлығы мен кәсібилігі арқылы ерекшеленеді. 1973 жылы 2 қыркүйекте Шымкент қаласында дүниеге келген Ақмарал Жамалқызы №26 қазақ орта мектебін тәмамдап, Шымкент агро-техникалық колледжінде бухгалтер-экономист мамандығын меңгерді. 2005 жылы Шымкент облыстық жасөспірімдер кітапханасында оператор қызметінен бастаған ол 2011 жылдан бері кітапхана үдерістерін автоматтандыру бағытында еңбек етуде. Ақмарал Жамалқызы – кітапхана саласына жаңа технологияларды енгізу мен автоматтандыруда белсенді жұмыс істейтін маман. Оқырмандарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында түрлі жобалармен айналысып, шығармашылық көзқарасымен ерекшеленеді.…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заңда еліміздің рухани, тарихи-мәдени, туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген. Заң 13 баптан тұрады. Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына 44 қосымша құзыреттілік беріледі. Бүгін Түркістандағы «Достық үйінде» Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен, аға буын мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен осы Заңның орындалуы жөнінде мәжіліс өтті. Өңір басшысы бұл құжат Түркістанның дамуына жаңа серпін беретінін жеткізді. – Мемлекет басшысы «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңына қол қойды. Аталған заң барша түркі елдері мен Түркістан қаласының тұрғындары үшін тарихи сәт. Бұл –…

Read More

Түркістан облысы бойынша жыл басынан бері жергілікті бюджетке 30,2 млрд. теңге көлемінде салық түсіп, өсу қарқыны 131%-ды құрады. Биыл қосымша кіріс көздерін анықтау мақсатында салық заңнамаларының негізінде әкімшілендіру, салықтық тексеру, өндіріп алу, жанама салықтарды әкімшілендіру жұмыстары жүргізіліп, жоспарды болжаммен 10 млрд. теңге көлемінде орындау жоспарлануда. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте бюджет түсімдерін ұлғайту мақсатында 2025-2026 жылдарға арналған іс-шара жоспарлары мен бюджет шығыстарын оңтайландыру мәселесі қаралды. Жиында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мақсат Нұрахаев жыл басынан бері атқарылған жұмыстар туралы баяндап, алдағы жоспарлармен бөлісті. Оның мәлімдеуінше, қосымша кіріс көздерінен жалпы 1,6 млрд теңге есептелініп, өндірілді. Сондай-ақ…

Read More