Автор: author

– Әлемдік экономикада жағымсыз үрдістер белең ала бастады. Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша биыл жаһандық экономиканың өсім қарқыны бәсеңдейді. Әлем экономикасының өсіміне серпін беретін жаңа бағыт және мүлде басқа даму парадигмасы қажет екені анық. Сондықтан, біздің ойымызша, сауда-экономикалық кооперацияны кеңейту, капитал мен технологияның еркін қозғалысына жағдай жасау, климаттың сын-қатерлерімен күресу – Шанхай ұйымының маңызды міндеттері. Өзара сауда-саттықтың артуы ШЫҰ кеңістігі үшін ортақ үрдіске айналып келеді. Мәселен, Қазақстанның ШЫҰ елдерімен сауда көлемі өткен жылдың қорытындысы бойынша 6,5 пайызға өсті. ШЫҰ-ға мүше елдердің технологиялық базасы үлкен және экономиканың барлық маңызды секторларын дамыту үшін орасан зор нарығы бар. Арнайы салық, кеден және көші-қон режимдерінің…

Read More

– Қарқынды жаһандық өзгерістерге байланысты біздің алдымызда ШЫҰ қызметін одан әрі жетілдіруге бағытталған маңызды міндет тұр. Ұйым аясының кеңею үдерісі жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, оны дамытуға тың серпін береді. Еліміз ШЫҰ-ға төраға ретінде Ұйымды ынтымақтастықтың бұдан да тиімді әрі көпжақты механизміне айналдыруды көздейтін теңгерімді ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, біз ШЫҰ Хатшылығы мен Бас хатшының рөлін күшейтуді құптаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Қазақстан Президенті айтылған барлық ұсыныс ШЫҰ-ға мүше елдерге ортақ игі мақсаттарға қол жеткізуге барынша үлес қосуға деген шынайы ниеттен туындағанын атап өтті. Мемлекет басшысы сөзін қорытындылай келе, қолдағандары үшін Ұйымға мүше елдердің басшыларына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар Қытай…

Read More

Түркістан облысындағы діни ахуалды тұрақтандыру, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында облыстық дін сарапшыларының кеңесі өтті. Шараға дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы және Түркістан облысының бас имамы Е.Сматұлы, дінтану саласындағы жетекші сарапшылар, сондай-ақ дінтанушы-теологтар қатысты. Жиынды дін істері басқармасының басшысы Р.Сабыржанұлы ашып, бұл шараның облысымыздағы діни мәселелердің шешілуіне ықпал етуіне әсері мол боларына сенім білдірді. Талқыланған өзекті тақырыптардың бірі діни экстремизм мен радикалдану мәселесі болды. Жиынға қатысушылар экстремистік идеологияның таралуына жол бермеуге бағытталған профилактикалық жұмыстарды күшейту қажеттігін атап өтті. Халықтың діни сауаттылық деңгейін арттыруға, діни ұйымдардың қызметіне бақылауды күшейтуге, сондай-ақ радикалды идеялардың ықпалына түскен тұлғаларды оңалту бағдарламаларын әзірлеуге бағытталған нақты…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Кентаудағы Жылу энерго орталығына барып, құрылыс барысын қадағалады. Құрылыс басында мердігерлердің есептерін тыңдап, тиісті тапсырмалар берді. Одан кейін Жылу энерго орталығында жиналыс өткізіліп, атқарылған жұмыстар мен кемшіліктер, алдағы жоспарлар талқыланды. Жиынға Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тілеубердиев, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің бастығы Болат Қалмырзаев, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, Түркістан облысының экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Ерболат Балғабаев және өзге де жауапты департаменттер мен басқарма басшылары қатысты. Облыс әкімі жауапты мердігерге жұмысты ширату, кестеге сай жүргізу жөнінде тапсырма берді. Олқылықтарды ашық айтып, түзетуді тапсырды. Жылу мәселесі…

Read More

Облыс көлемінде №1 Облыстық перинаталдық орталықта алғаш рет жаңа туған нәрестенің жүрегіне ота жасалды. Сәби 2024 жылдың сәуір айында №1 Облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келген. Нәрестенің салмағы – 730 грамм, 24 апталық экстремалды салмақпен «шала» туылған болатын. Алғашқы күндері нәрестенің жағдайы күрт ауыр болып, өміріне қауіп төнді. Орталықтың білікті неонатолог дәрігерлерінің және медбикелерінің арқасында клиникалық стандартқа сәйкес, ем жүргізіліп жағдайы тұрақталды. Дәрігерлер нәрсетенің дамуы барысында туа біткен жүрек ақауын анықтап, ота жасату үшін дайындыққа кіріскен. Республикалық медициналық авиация желісі арқылы Астана қаласының Ұлттық Ғылыми медициналық орталықтың дәрігерлерімен байланыс орнатылды. 9 маусым күні тұңғыш рет №1 Облыстық перинаталдық орталық қабырғасында Ұлттық ғылыми…

Read More

Биыл Жетісай ауданында 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,9 мың гектарына мақта шикізаты, 19,7 мың гектарына бақша, 3,4 мың гектарына көкөніс, 11,1 мың гектарына мал азықтық дақылдар егілген. Бүгінгі таңда бақша, көкөніс, жеміс-жидек және жүзім дақылдары мен мал азықтық дақылдарын жинау науқаны қарқынды жүргізіліп, ерте егілген көкөніс дақылдарынан 45,8 мың тонна, бақша дақылынан 15,2 мың тонна, оның ішінде 9,1 мың тонна қарбыз бен 6,1 тонна қауын, жеміс-жидек және жүзім дақылынан 4,6 мың тонна, картоп дақылынан 3,8 мың тонна, жоңышқа дақылынан 25,0 мың тонна өнім алынып отыр. Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары Темір Базарбайұлы мен Нұрсұлтан Төленұлының ауданға жасаған іссапары барысында Абай…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Уттар-Прадеш штатының Хатрас қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге көңіл айтты. – Уттар-Прадеш штатында өткен діни жиын кезінде көптеген адамның бастырылып, қайтыс болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза тапқан азаматтардың отбасыларына көңіл айтамын. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.

Read More

Астанада «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» Cаммиті аясында Қазақстан-Қытай бірлескен іскерлік кеңесі өтті. Биыл 7-ші рет өтіп жатқан кеңеске Қытайдың өнеркәсіп саласындағы алпауыт компаниялары қатысты. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен ҚХР басшысы Си Цзиньпиннің өзара іскерлік байланысы екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайта түсуде. Бүгінде Қазақстан-Қытай іскерлік Кеңесі Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының бизнес-топтарының өкілдері үшін диалог алаңы, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытудың маңызды құралына айналған. Маңызды жиынға Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы қатысып, маңызды келіссөздер жүргізді. Іс-шара қорытындысы бойынша қытайлық бизнесмендермен жалпы құны 1 млрд. 615 млн АҚШ долларын құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба бойынша…

Read More