Шымкент қаласында Көксәйек ауданын жаңғырту тұжырымдамасы аясында қалалық ортаны жақсарту және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Тұжырымдаманың негізгі кезеңдерінің бірі – тозығы жеткен үйлердің тұрғындарын реновация бағдарламасы бойынша жаңа, жайлы үйлерге көшіру. Айта кетейік, бағдарлама басталғалы бері 102 отбасы қоныс аударды. Тұрғындарға Шымкент Сити және Тұран шағынаудандарынан заманауи пәтерлер берілді. Барлық пәтер толық әрленген, бұрынғы үйлеріндегі бөлме санына толық сәйкес келеді және қоныстануға дайын. Бүгін Нұрлыбаев көшесі, №13 үйде тұрған 8 отбасы жаңа пәтерлерінің кілтін алды. Кілт табыстау рәсіміне Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы жаңа қоныс иелерін маңызды оқиғамен құттықтап, отбасыларына…
Автор: author
В Шымкенте в рамках Концепции модернизации района «Зелёная балка» реализуется комплекс мероприятий по улучшению городской среды и повышению качества жизни жителей. Один из ключевых этапов Концепции — переселение граждан, проживавших в ветхих домах, в новое благоустроенное жильё по программе реновации. Отметим, с момента её старта уже переселены 102 семьи. Жителям предоставили современное жильё в микрорайонах «Шымкент Сити» и «Туран». Все квартиры с чистовой отделкой, полностью соответствуют по количеству комнат ранее занимаемым и готовы к заселению. Сегодня ещё восемь семей, ранее проживавших по адресу улица Нурлыбаева, 13, получили ключи от новых квартир. В церемонии вручения принял участие аким города Габит…
Шымкент қаласының Достық үйінде қалалық Ассамблея жастарының кезекті отырысы өтті. Жиынға белсенді жастар, қоғамдық ұйым өкілдері және Ассамблея жастарының мүшелері қатысты. Отырыс барысында Қызылорда қаласында өткен Ұлттық Құрылтайдың бесінші отырысында көтерілген ел дамуының басым бағыттары, ұлттық бірегейлікті сақтау, жастар тәрбиесі мен қоғамдық жауапкершілік мәселелері талқыланды. Аталған бағыттар Ассамблея жастарының алдағы жұмысына стратегиялық бағдар ретінде айқындалды. Сонымен қатар, Ассамблея жастарының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары таныстырылып, жыл бойына жүзеге асырылатын негізгі жобалар мен қоғамдық іс-шаралар бойынша ұсыныстар енгізілді. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі ретінде 2026 жылғы ақпан айына жоспарланған іс-шаралар талқыланып, олардың мазмұны мен форматы пысықталды. Жиын аясында қоғамдық тұрақтылық пен…
Шымкент қаласында тұрғындарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламалары жүйелі жүзеге асырылуда. Баспана кезегінде тұрған 23 отбасы бүгін Асар-2 шағынауданында жалға берілетін пәтерлердің кілтін алды. Бұл жаңа үйлер қаланың коммуналды тұрғын үй қорынан беріліп отыр. Қоныстанушылардың қатарында көп балалы және толық емес отбасылар, мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және жетім балалар бар. Пәтер кілттерін салтанатты табыстау рәсіміне қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қатысты. Мегаполис басшысы жалға берілетін үйлер қорын кеңейту және азаматтарды баспанамен қамтамасыз ету қалада атқарылып жатқан басым бағыттардың бірі екенін атап өтті. Баспанамен қамтамасыз ету белгіленген рәсімдер мен заңнама талаптарын сақтай отырып,…
Шымкент қаласының Достық үйінде Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен V Ұлттық құрылтайда көтерілген негізгі бастамалар мен тапсырмаларды іске асыру мәселелері қаралды. Бұл бағытта Аналар кеңесінің қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайту, қоғамдық келісімді сақтау және азаматтық жауапкершілікті арттыру жолындағы рөлі атап өтілді. Сондай-ақ Шымкент қалалық ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің құрамына енгізілетін өзгерістер мен ұсыныстар талқыланып, ұйым жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар бастамалар ұсынылды. Отырыс барысында Аналар кеңесінің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары қаралып, негізгі бағыттар мен іс-шаралар айқындалып, бекітілді. Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – «Салауатты сана» жобасын…
Бұл туралы Шымкенттегі Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен қалалық ҚХА жанындағы қоғамдық құрылым жетекшілерімен өткен жиында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек айтты. Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтылған маңызды реформалар сөз болған жиында қала әкімінің орынбасары соңғы 30 жылда елдің берекелі бірлігі мен ырысты ынтымағын сақтау бағытында ҚХА тарапынан атқарылған жұмыстарға тоқталып, Ассамблея алдағы уақытта Президент айтқандай жаңадан құрылатын Қазақстанның Халық Кеңесі сапында әрекет ететінін жеткізді. Ел дамуына қатысты қолға алынатын жаңа реформаларды қолдайтынын білдірген қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары бұл бастаманы жаңа белес ретінде қабылдап, ішкі татулық пен қоғамдық келісімді сақтау бағытын көздеген жоспарлы жұмыстар мақсатты жалғасатынын…
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 5 қаңтарда «TURKISTAN» газетінде жарияланған «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» тақырыбындағы сұхбатының мазмұны мен маңызын кеңінен түсіндіруге арналған ақпараттық кездесу өтті. Іс-шара Шымкент қаласы мен Түркістан облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының ММ 1-полиция батальонының жеке құрамы арасында ұйымдастырылды. Кездесу барысында Мемлекет басшысының сұхбатында көтерілген ел дамуының басым бағыттары, ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ұлттық бірлікті нығайту мәселелері жан-жақты талқыланды. Ақпараттық кездесуге Шымкент қаласы және Түркістан облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Талант Жұмабек, сондай-ақ Шымкент қаласы ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері…
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болатбек Нажметдинұлы Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады. Іссапар барысында депутат А.Бөкейханов атындағы №2 жалпы орта мектебінің жағдайымен танысып, білім ордасындағы өзекті мәселелерге назар аударды. Кездесуге Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек, «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ербол Байқонысов, фракция жетекшісі, мәслихат депутаты Байкен Әшірбаев және Білім басқармасының басшысы Қуаныш Ысқақов қатысты. Басқосу барысында мектеп директоры Радагүл Ибраева ғимараттың әбден ескіргенін айтып, оны жаңарту қажеттігін көтерді. Оның сөзінше, арнайы мамандар мектеп ғимаратының жаңартуға жататыны жөнінде тиісті қорытынды берген. Өз кезегінде қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек мектеп ғимаратының тозығы жеткенін…
Мемлекет басшысы экономикалық реформалардың халықтың күнделікті тұрмысына әсер ететініне қоғам алаңдап отырғанын жоққа шығармайтынын айтты. Президенттің сөзінше, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген ауқымды реформа бастапқы кезеңде жұртшылық тарапынан толық түсіністік таппай жатады. Осындай сын сағатта саяси жауапкершілікті өз мойнына алатын көшбасшының рөлі ерекше. Президент Қазақстан үшін реформалардан бас тарту жолы жоқ екенін атап өтті. Ел бір орында тоқтап қалмай, тұрақты даму үшін жүйелі өзгерістерді жүзеге асыруы тиіс. Бұл – күрделі әрі кедергісі көп жол болғанымен, стратегиялық тұрғыдан жалғыз дұрыс бағыт. Азаматтардың тұрмысына салмақ түсірмеу мақсатында Үкімет қыс мезгілінде тарифтердің өсуін әкімшілік тәсілдер арқылы уақытша тоқтатты. Сонымен қатар, бюджет қаражатын…
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данабек Исабек Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Іссапардың алғашқы күні халық қалаулысы мегаполистегі бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Сапар аясындағы алғашқы нысандардың бірі – қаладағы дендрологиялық саябақ болды. Жалпы аумағы 117 гектардан асатын дендросаябақ – Шымкенттің экологиялық тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқаратын жасыл аймақтардың бірі. Мекеме директоры Есдәулет Достияровтың айтуынша, соңғы жылдары саябақтағы өсімдіктердің гендік қорын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Нәтижесінде былтыр гендік қор 214 түрден 330 түрге дейін көбейтілген. – Дендросаябақты дамыту мақсатында Өзбекстан, Қырғызстан және Грузия елдерінің ботаникалық бақтарымен, сондай-ақ Астана, Алматы, Щучинск қалаларындағы ботаникалық бақтармен меморандумдар жасалды.…
