Автор: author

Бүгін Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда ел бірлігін бекемдеу, ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу жайы талқыланды. Кеңес төрағасы Орынбай Рахманбердиев жиынды ашып, алдыңғы буынның ел дамуына қосқан үлесін атап өттi. Кеңес сапындағы азаматтардың мол тәжiрибесiн ұрпақ тәрбиесiнде ұтымды пайдалану жайына тоқталды. Күн тәртібіндегi мәселелер бойынша білім саласының ардагері Н.Байғұт жастарды адалдық, әділеттілік және патриотизм рухында тәрбиелеу туралы, мемлекет және қоғам қайраткері Ш.Мырзахметов азаматтық жауапкершіліктi арттыру және «Адал Азамат» жобасы жайлы баяндады. Ал медицина ғылымдарының докторы И.Байдаулетов бес әлеуметтік кеселдің алдын алу және «Салауатты сана» қағидаларын қалыптастыру жайын қозғады. Өз кезегінде тоғызқұмалақ федерациясының…

Read More

12 тамызда Шымкентте Халықаралық жастар күні жаңа идеялар мен мүмкіндіктер алаңына айналды. Jastar Fest фестивалі жүздеген жасты жинап, мерекелеумен қатар, құны 1 млн теңгеге дейінгі гранттармен жаңа жобаларды іске қосты. Негізгі оқиға – қалалық еріктілер бастамалары байқауының қорытындысы болды. Екі ай ішінде байқауға 36 автордан өтінім келіп түсті. Жобалар тақырыбы – экологияны қорғау, медициналық еріктілікті дамыту, толық емес отбасылардағы жасөспірімдерге көмек көрсету және жануарларға арналған панажайларды абаттандыру. Жеңімпаздарды бизнес, БАҚ және ҮЕҰ өкілдерінен құралған тәуелсіз қазылар алқасы анықтады. Ең үздік бес жобаның авторлары өз идеяларын жүзеге асыру үшін 1 млн теңгеден грант алды. Ал белсенділер алғыс хаттар мен түрлі сыйлықтарға…

Read More

Шымкент қаласында 2025–2026 жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл бағыттағы жұмыстар қала әкімінің тікелей бақылауында. Биылғы жылы білім беру ұйымдарының саны 292-ге артты. Білім алушылар саны шамамен 8 мыңға көбейіп, жаңа оқу жылы 1352 мекемеде 397 мыңнан астам оқушымен басталады. Оның ішінде мемлекеттік білім беру мекемелері – 270, оқушы саны – 261 060, жеке меншік мекемелер – 1086, оқушы саны – 170 607. Әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларға жыл сайын қолдау көрсетіледі. Биыл 56 430 балаға әлеуметтік көмек көрсету үшін 2 миллиард 624 миллион теңге бөлінді. Бір балаға шаққандағы көмек көлемі 46 500 теңгені құрайды. Жаңа оқу…

Read More

Тарих бізге бір ақиқатты айқын дәлелдеді: мемлекет тұрақтылығы мен өркендеуі – ел ішіндегі татулыққа, халықтың бірлігіне тікелей байланысты. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бірлігі шайқалған қоғамдар ұзаққа бармайды, ішкі қақтығыстар мен алауыздық олардың дамуын тежейді, тіпті жойылуына әкеледі. Керісінше, ынтымағы жарасқан, ортақ мақсатқа жұмылған елдер – биіктен көрініп, өркениет көшінде алдыңғы қатардан орын алады. Қазақстан – дәл осындай бірлікті басты құндылық еткен мемлекет. Тәуелсіздік алған күннен бастап, ел басшылығы қоғамдық келісім мен ұлтаралық татулықты ұлттық қауіпсіздік пен дамудың негізгі тірегіне айналдырды. Бұл – кездейсоқ шешім емес, ғасырлар бойғы тарихи тәжірибеден туған ұстаным. ХХ ғасырда қазақ халқы талай сындарлы кезеңдерден өтті. Ашаршылық, қуғын-сүргін,…

Read More

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ел көлемінде кеңінен қолдау тауып, қоршаған ортаны қорғау мен санитарлық жағдайды жақсартуға бағытталған маңызды іс-шаралардың біріне айналды. Осы игі бастаманы жалғастыру мақсатында Әл-Фараби ауданы аумағында кезекті сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілік жұмыстары Қаратау ауданына қарасты Тассай тұрғын алабы мен Мирас шағынауданында, сондай-ақ орталық көшелерде қарқынды түрде жүргізілді. Іс-шараға барлығы 60-тан астам адам қатысып, 7 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Тазалық жұмыстары барысында аумақтардағы тұрмыстық және құрылыс қалдықтары, қураған ағаш бұтақтары мен жиналмай қалған қоқыстар толықтай шығарылды. Нәтижесінде 47 тонна көлеміндегі қоқыс арнайы полигонға жеткізілді. Мұндай сенбіліктердің негізгі мақсаты – қала тұрғындары арасында экологиялық…

Read More

Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында ауқымды жалпықалалық тазалық шарасы ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты — қала аумағын тазарту, көгалдандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Тазалық жұмыстарына қала тұрғындарынан бөлек қалалық басқармалар, мемлекеттік мекемелер, оқу орындары мен түрлі ұйымдардың қызметкерлері қатысты. Әрбір мекемеге алдын ала белгіленген аумақтар бөлініп, тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Қатысушылар көшелер мен аулаларды, арық-атыздарды, қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, жасыл желектердің айналасын ретке келтірді. Мұндай акциялар тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, бұл бастама ел азаматтарын туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлесін қосуға үндейді. «Табиғатты қорғау -…

Read More

Ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығы Шымкент қаласында нағыз рухани-мәдени мерекеге айналды. Қаладағы Абай саябағында хакімнің ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков бастап, қаланың зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жоғары оқу орындарының ректорлары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың басшылары, ҚХА өкілдері мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, белсенді жастар және қала тұрғындары ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ақынның рухына тағзым етті. Ақын ескерткіші алдында бүлдіршіндер ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Олардың балғын дауыстары жиналғандардың жүрегіне жылу сыйлады. Мерекелік рәсімде Абайдың мәңгілік жырлары әуеге қалықтап, тыңдаған жанның жүрегіне мейірім мен терең ой ұялатты. Мұнан кейін тағылымды іс-шараға жиылған көпшілік…

Read More

Қадірлі қауым! Сіздерді Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуымен құттықтаймын! Абай – төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға, халқымыздың сана-сезімін жаңғыртқан ұлы ақын. Ол жаңа әдебиетіміздің негізін қалап, дүниетанымымыздың көкжиегін кеңейтті. Өскелең ұрпақты білімпаз, еңбекқор, адал азамат болуға шақырып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын қасиеттерді кеңінен дәріптеді. Отанға деген сүйіспеншіліктің және ел мүддесі үшін қалтқысыз қызмет етудің озық үлгісін көрсетті. Хәкім Абайдың мол мұрасы – қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын асыл қазынасы. Оның ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды. Сондықтан Абайды тану және таныту, шығармашылығын терең зерделеу өте маңызды. Бүгінгі салтанатты іс-шараның түпкі мәні…

Read More

Шымкентте бірнеше маңызды көше толық күрделі жөндеуден өтіп, заманауи талаптарға сай қайта салынды. Изенді көшесі – жалпы ұзындығы 1,9 км, төрт жолақты. Жөндеу жұмыстары Юсупов көшесінен басталып, Төлеметов көшесіне дейін жүргізілді. Шұбаркөл көшесі – ұзындығы 3,8 км, Момышұлы көшесінен Өтегенов көшесіне дейін. Юсупов көшесі – ұзындығы 3,8 км, төрт жолақты. А-2 автомобиль жолынан Шұбаркөл көшесіне дейін. Жаңақоныс көшесі – ұзындығы 416 метр, Өтегенов көшесінен басталып, Жаңақоныс көшесіне дейін. Бұл учаскеде ұзындығы 15 метр болатын Қошқар ата өзенінің үстінен жаңа көпір салынды. Жөндеу барысында жолдардың ені бұрынғы 3–6 метрден 14 метрге дейін кеңейтілді. Жаяу жүргіншілер жолдары төселіп, көше жарықшамдары орнатылды, суағар…

Read More

Қала аумағындағы жол инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. «Жұлдыз» тұрғын алабындағы Машһүр Жүсіп көшесінің ұзындығы 2,8 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда оның 900 метріне асфальт төселіп, қалған бөлігі ағымдағы айдың соңына дейін толық аяқталады деп күтілуде. Сонымен қатар Қаратау және Еңбекші аудандарындағы Фуркат пен Көкқайнар көшелерінде де жол төсеу жұмыстары жалғасуда. «Сайрам» тұрғын алабында биыл жөндеуден өтуі тиіс 158 көшенің 37-сі толық асфальтталып үлгерген. Қалған 121 көшеге жөндеу жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Қаладағы ірі инфрақұрылымдық жобалар қатарында Момынов көшесіндегі жол өткелі құрылысы, Қойкелді батыр көшесіндегі теміржол үстімен өтетін көпірдің күрделі жөндеуі және «Достық» тұрғын алабындағы Хан ордасы көшесіндегі…

Read More