Автор: author

Бүгін Түркістан облысы әкімдігі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Оған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев және өзге де құқық қорғау органдарының басшылары, аудан, қала әкімдері қатысты. Күн тәртібінде 4 мәселе талқыланды. Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасымен оған бағынысты ұйымдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау қорытындысын талқылау және спорт саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасалды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының басшысы Нұрлан Құдайбергенов саладағы өзекті мәселелерді қозғады.…

Read More

Түркістан облысындағы жазғы сауықтыру лагерлері бірінші ауысымға оқушылар қабылдап үлгерді. Алғашқы онкүндікте жоғарыда аталған лагерлерде 2464 бала 1 ауысымға қабылданып, сауықтырылуда. Оның ішінде «Қазақстан халқына» қорының есебінен Түлкібас ауданындағы «Машат-Арасан» сауықтыру лагеріне 8 ауданнан 400 бала, Маятас ауылындағы «Гавая» лагеріне 3 ауданнан 250 бала тегін жіберілді. Сондай-ақ Түлкібас пен Төлебидегі лагерлерде облыстағы 2 отбасылық үлгісіндегі балалар ауылындағы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 152 тәрбиеленуші жаз бойы демалады. Тәртібі бойынша мектепішілік және полиция есебінде тұратын оқушылар Төлеби ауданында орналасқан «Тау барысы» лагерінде шатырлы лагермен қамтылады. Жаз айларында 266 оқушы басқа облыстардағы «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық оқу-сауықтыру лагерлерінде тынығады. Бірінші ауысым 1-10 маусым…

Read More

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып, тұрғындардың экологиялық сауатын көтеру, қоршаған ортаны таза ұстауға бағытталған іс-шаралар жүйелене түседі. Бүгін осы мәселеге байланысты Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен кезекті мәжіліс өтті. Маңызды жиынға Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Ерлан Исабеков, Полиция, Экология департаменттерінің басшылығы, аудан, қала әкімдері мен экобелсенділер қатысты. Өңір басшысы «Таза Қазақстан» акциясы бойынша атқарылған жұмыстар әкімдердің қызметін бағалауда назарға алынатынын жеткізді. – Біз «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын жалғастырамыз және апта сайын пысықтап отырамыз. Бұл – Президенттің бастамасымен қолға алынған іс. Сондықтан оның маңызын әрбір әкім, әрбір мемлекеттік қызметкер терең сезініп, оны тұрғындарға жеткізе білулері керек. Әріптестер, «Таза Қазақстан» акциясы…

Read More

Түркістан облысында мемлекеттен бөлінетін қаржыдан тыс, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды әлеуметтік қолдау мақсатында, «Қамқорлық» бағдарламасы әзірленіп, жоба аясында қарқынды жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінде анықталған отбасының әрқайсысына материалдық көмек пен қажетті кеңес беретін арнайы жетекші мамандар тағайындалып, демеушілер есебінен олардың жағдайын қанағаттанарлық деңгейге жеткенше көмек көрсету көзделген. 2022-2023 жылдар аралығында аталған бағытта тиісті жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 4,5 мың отбасы 1,4 млрд.теңге көлемінде демеушілік көмекпен қамтамасыз етілді, оның ішінде баспанасыз жүрген 109 отбасы, тұрғын үймен қамтылды. Бұл бағдарлама 2020 жылдың қаңтар айында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, заңнамада көрсетілген талаптарға сай келмей, мемлекеттен көмек ала алмай жүрген, өмірлік қиын жағдайға тап болған…

Read More

UFC тұжырымының жеңіл салмақтағы чемпионы Ислам Махачев UFC 302 турнирінен кейінгі жеңісінен соңғы жартылай орта салмақтағы чемпиондық белдеу үшін жұдырықтасуға ниеті бар екенін мәлімдеді. UFC тұжырымының жеңіл салмақтағы чемпионы, дағыстандық Ислам Махачев Шавкат Рахмонов өнер көрсететін салмақтың чемпиондық белбеуі үшін жұдырықтасуға ниетті. Ол UFC 302 турнирінің басты жекпе-жегінде чемпиондық белбеуін Дастин Порьеге қарсы қорғап, 5 раундта қылқындыру әдісімен жеңді. Ислам бұл жеңісінен кейін жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізіп, сол белбеуді жеңіп алу арманы екенін айтты. Чемпиондық белбеуін үшінші рет сәтті қорғаған Махачев мансабындағы жиырма алтыншы жеңісіне қол жеткізді. Айта кетейік, Шавкат Рахмонов жартылай орта салмақтың рейтингінде 3-орында…

Read More

Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша суармалы жердің жалпы көлемі — 552 мың гектар. Өңір республикада егін егу саласында алдыңғы қатарда. Жыл сайынғы су тапшылығы мәселесі биыл оң шешімін тауып отыр. Қазіргі уақытта «Қазсушар» РМК ТФ мекемесі арқылы ағын сумен 332 мың гектар егіндік жер қамтамасыз етіледі. Бүгінде филиалдың су нысандары арқылы егістікті суғаруға бөлінген ағын су көлемі — 871,06 млн текше метр құрап отыр. Бұл жайында «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев брифингте мәлімдеді. «Қазсушар» РМК тарапынан 2024 жылғы егіндікті суғару маусымына дайындық барысында былтыр арнайы техникаларымен жалпы ұзындығы 616 шақырымды құрайтын 204 каналға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ, биыл…

Read More

Сайрам ауданы аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері күніне орай «Көк тудың желбірегені» дәстүрлі жалпыұлттық акциясы өтті. Барша Сайрам ауданы тұрғындарын патриоттыққа және мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге шақырған іс-шараға аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мамандары атсалысты. Аталған акция барысында аймақтағы еңбектеген баладан бастап егде жастағы қарттарымызға көк байрақтарымыз таратылып берілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін көпшілікке кеңінен насихаттау арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға, ұлттық нышандарына деген зор құрметпен, ұлттық рух тұрғысында ыстық ықыласпен қарауға, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуға бағытталды. Айта кетейік, тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері 1992 жылғы 4 маусымда алғаш рет бекітілді. Бүгінде еліміздің біртұтастығын бейнелейтін Мемлекеттік Ту,…

Read More

Түркістан облысының орталығы – Түркістан қаласының сәулетін жақсарту жұмыстары жүргізілуде. Шаһардың келбетін одан әрі көркейтуге тұрғындар да өз үлесін қосады. Осыған қатысты қоғамдық талқылау өтеді. Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен мәжілісте айтылды. Облыс әкімі жауапты сала басшыларымен жоба барысын талқылады. Өңір басшысының төрағалығымен облыс аумағында құрылысы жүргізіліп жатқан және енді жүзеге асатын жобалардың сәулетіне қатысты талқылау өткізілді. Оған сәулетшілер, жауапты басқарма басшылары, қала әкімдігі мен өзге де мекемелерден өкілдер қатысты. Түркістанның бірыңғай қайталанбас сәулет стилі бар. Салынып жатқан жаңа нысандар мен тұрғын үйлердің қасбеттері белгіленген талапқа сай бой көтеруде. Жеке кәсіпкерлерден тұрғын үйлер мен инвестициялық жобаларды…

Read More

Білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын тағайындаудың «Әңгімелесу» кезеңі тікелей эфирде өтті. Ашықтық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалды қолға алған бастама өз нәтижесін беруде. Қатысушылар мен оқырмандар арасында түсінбеушілік жойылып, конкурс ашық түрде қорытындыланды. 4 сағатқа жуық өткен конкурсты әлеуметтік желіде тамашалаған оқырмандар қатары жағымды пікір қалдырып, әріптестеріне сәттілік тілеген. Бірде бір жағымсыз пікір жазылмаған эфир көптің көңілінен шығып, сеніміне кірген. Бұл жолғы әңгімелесу кезеңінде 26 білім беру мекемесіне 29 үміткер қатысып, білім саласына қатысты түрлі бағыттағы сұрақтарға жауап берді. Конкурстық комиссия жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін бір бақылаушы алдын ала өтініш жазып,…

Read More

 ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасын Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу туралы қаулыға қол қойды. Заң жобасы Мемлекет басшысының Түркістан облысына жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленді.  Құжат Түркістанның Қазақстанның рухани-мәдени және тарихи орталығы ретінде қалыптасуы мен дамуының, сондай-ақ оның мемлекеттік маңызын танудың құқықтық негіздерін белгілейді.  Заңның қабылдануы қаланың тарихи-мәдени маңызы бар ескерткіштері мен объектілерін, оның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бүкіләлемдік мұра объектісі ретіндегі қорғау аумағында орналасқан ескерткіштерді, басқарудың, сақтаудың, олардың тұтастығын қолдаудың оңтайлы жүйесін құруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, кесене аумағында ғылыми археологиялық зерттеулер мен ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жоспарлау мен басқаруға мүмкіндік жасайды.…

Read More