Республикалық лекторий Шымкент қаласындағы Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті «Қоғамдық келісім» РММ-нің ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық құрылымдарының қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі» тақырыбындағы лекторий жалғасуда. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеуді көздеген лекторийде алғашқы сөзді Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов мемлекеттік этносаясаттың басым бағыттары жөнінде айтып өтті. Лекторийді қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Нұркен Әлімқұловтың модераторлығымен өтті. Жиынға профессор, Қазақстанның халық әртісі Тілектес Мейрамов, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі, Астана қаласындағы «Ахыска» түрік…
Автор: author
Шымкентте қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеуді мақсат тұтқан республикалық лекторий Аймақтық инновациялық университет базасында жалғасуда. Лекторийде модераторлық жасаған қалалық ішкі саясат және жастар істер жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова бірлікке бастайтын байсалды бастамалар қоғамды біріктіретінін айтты. Келер жылы құрылғанына 30 жыл толатын Қазақстан халқы Ассамблеясының этносаралық қарым-қатынастар саласында маңызды институтқа айналғанына тоқталды. – Еліміздегі барша этнос өкілдерін бір шаңырақ астына топтастырған Қазақстан халқы Ассамблеясы жалпыұлттық бірлікті бекемдеу, этносаралық қарым-қатынасты нығайту және этнос жастары арасында қазақстандық патриотизмді дәріптеу бағытында жүйелі жұмыс істеп келеді, – деді басқарма басшысы. Университет оқытушылары мен студенттер алдында этносаясаттың басым бағыттары түсіндірілген лекторийде профессор…
Шымкент қаласында жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды мақсат еткен «Адалдық – адамдық белгісі» атты қалалық сурет байқауы өтіп жатыр. Онда қаладағы колледж шәкірттері, мектеп оқушылары, жалпы 92 жас бағын сынап жатыр. Аталған шараны «Бәйтерек» жастар қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып, Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті қолдау білдіруде. Байқаудың басты мақсаты – жастардың бойында адалдықты дәріптеп, жемқорлыққа қарсы сананы дамыту, талантты жастарды қолдау және олардың шығармашылық әлеуетін арттыру. Іс-шараның ашылуында Шымкент қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті превенция басқармасы басшысының орынбасары Нұртөре Қалдыбаев пен қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Заңғарбек Үсіпахметов жастарға…
Бүгінгі таңда қалада қоршаған ортаның тазалығына, экологияның жақсаруына, қаланың көркейіп, тұрғындардың денсаулығына тікелей әсер ететін шараларға ерекше мән берілуде. Әсіресе «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп жатқан сенбіліктер қала тұрғындарының арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруда маңызды рөл атқарып келеді. Халық даналығында «Тазалық – иманның жартысы» деген нақыл сөз бар. Бүгін Қазығұрт шағын ауданындағы №86 мектептің маңында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізілді. Іс-шара барысында мектеп аумағы мен оның айналасындағы көшелер қоқыстан тазартылып, ағаштарға күтім жасалды. Акцияға мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар және жергілікті тұрғындар белсене қатысты. Тұран ауданы коммуналдық мекемесі мен «Шымкентспецкомплекс» ЖШС жұмысшылары арнайы техника, құрал жабдықтарымен жұмылдырылды.…
«Ізетті зейнеткер» сауықтыру орталығы-зейнеткерлікке шыққан әрбір еңбек ардагеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, денсаулығын нығайтуына, салауатты өмір сүруіне жағдай жасайды және санаторлық қызмет көрсетеді. Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына қарасты мекемеден санаторлық қызмет алу үшін ең алдымен шипажай жолдамасына кезекке тұру керек. Geo-shym.kz порталы арқылы үйден шықпай-ақ кезекке тіркелуге және реттілігін бақылап отыруға болады. Сауықтыру кешені бір мезетте 10 күн бойы 70 зейнеткерге санаторлық қызмет көрсетеді және жылына 2000 мыңнан астам еңбек ардагерін қабылдай алады. Жыл басынан бері 25 лег ұйымдастырылып, 1750 зейнеткер сауықтыру емін қабылдады. Демалушылардың қысқа мерзімде емделуі үшін мекемеде толық жағдай жасалған. Ең алдымен зейнеткерлерге ем…
Балалар денсаулығы – қоғамның болашағы. Сондықтан медициналық көмекті ұйымдастыру жүйесін жетілдіру мемлекет пен қоғам алдындағы басты міндеттердің бірі болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстанда денсаулық сақтау саласын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанына қарамастан, балаларға медициналық қызмет көрсету жүйесінде әлі де шешімін таппаған мәселелер бар. Бүгін осы мәселелер аясында Шымкент қаласында балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруды жетілдіру жөніндегі республикалық көшпелі семинар-кеңесі болып өтті. Кеңес жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрі Әлназарова Ақмарал Шәріпбайқызы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ана мен бала денсаулығын қорғау Департаментінің директоры Ембергенова Мағрипа Хамитқызы, Қазақстандағы ЮНИСЕФ және ДДҰ координаторлары, өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, бас штаттан тыс республикалық балалар…
2024 жылы Шымкент қаласы еліміздің ең серпінді дамып келе жатқан мегаполистерінің бірі ретінде әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Халық санының қарқынды өсуі, жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі, тұрғын үй құрылысының қарқынды дамуы және әлеуметтік бастамалардың белсенді жүзеге асырылуы қаланың әлеуметтік ахуалының жақсаруына үлкен әсер етті. Халық саны мен әлеуметтік инфрақұрылымның дамуы:Шымкент – халық саны миллионнан асқан еліміздің үшінші мегаполисі. 2024 жылы қала халқының саны тұрақты өсіп, миграциялық ағымдардың артуы әлеуметтік инфрақұрылымға жаңа талаптар қойды. Қалада жаңа мектептер, балабақшалар мен ауруханалар салу жұмыстары қарқынды жүргізілді. Әсіресе, білім беру саласында 2024 жылы 10 жаңа мектептің құрылысы аяқталып, қосымша 5 мектептің құрылысы басталды.…
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі негізгі мақсаты – әлеуметтік-экономикалық даму мен демократиялық принциптерге негізделген әділетті қоғам құру. 2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған «Әділетті Қазақстан» идеясы осы бағыттағы басты бағдар ретінде танылды. Бұл мақалада әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды бағыттар, олардың жүзеге асырылу жолдары және алдағы перспективалар талданады. Әділетті экономика құру:Экономика – кез келген қоғамның негізі. Әділетті Қазақстан тұжырымдамасында экономиканың инклюзивтілігіне, тең мүмкіндіктерге және әлеуметтік әділеттілікке басымдық беріледі. Әлеуметтік теңсіздікті азайту:Әділетті экономика құру үшін ең алдымен халықтың тұрмыс деңгейіндегі алшақтықты азайту қажет. Мемлекет табыс салығын прогрессивті шкала бойынша енгізу, бюджеттің әлеуметтік шығындарын көбейту және халықтың аз қамтылған топтарын қолдауға бағытталған…
Шымкент қаласы – Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі ірі экономикалық орталықтардың бірі. Соңғы жылдары қалада ауқымды инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, өндірістік және қызмет көрсету секторларында елеулі өсім байқалуда. 2023-2024 жылдар аралығында Шымкенттің экономикалық дамуы тұрақты түрде жоғары қарқынмен жүрді. Бұл мақалада негізгі салалардың даму көрсеткіштері мен олардың аймақтағы жалпы экономикалық жағдайға ықпалы талданады. 2023 жылғы экономикалық жетістіктер:2023 жылы Шымкент қаласы экономикалық өсімнің тұрақтылығын сақтап қалды. Бұл кезеңде қала экономикасы түрлі секторларда белсенді түрде дамыды. Өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі 800 млрд теңгеден асып, алдыңғы жылмен салыстырғанда 5%-ға өсті. Өнеркәсіп және өндіріс:Өндіріс секторы Шымкент экономикасының негізгі тірегі болып табылады. 2023 жылы өңдеуші өнеркәсіптің үлесі…
По итогам первых пяти месяцев текущего года в Шымкенте зарегистрировано 265 случаев интернет-мошенничества, что на 16,1% меньше по сравнению с аналогичным периодом прошлого года (316 случаев в 2023 году). Это достижение стало результатом комплексных профилактических и правоохранительных мер, предпринятых местными органами власти. Тем не менее, остаётся множество задач, чтобы защитить горожан от мошеннических схем в интернете. В ходе активной работы полицейские раскрыли 100 преступлений, связанных с интернет-мошенничеством, задержав 38 подозреваемых. Из них 16 лиц были арестованы. Однако общая сумма ущерба, причинённого гражданам, превысила 354 млн тенге, и лишь 57 млн тенге (16% от суммы) удалось вернуть. Эта статистика подчеркивает опасность…
