Автор: author

Шымкент — Қазақстанның көпұлтты және мәдени әртүрлілікті ұштастыратын маңызды өңірі. Мұнда түрлі этникалық топтар мен мәдениеттердің араласуы қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған жұмыстардың жүргізілуіне мүмкіндік береді. Қалада атқарылып жатқан жұмыстардың мақсаты — этносаралық қатынастарды дамыту, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және халық арасында келісімді орнату. Шымкентте жүзеге асырылатын шаралар этносаралық достықты нығайтуға, мәдени алмасуды дамытуға және қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтарының арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға арналған. Жобаның негізгі бағыттары: Мәдени іс-шаралар: Фестивальдер, мәдени кештер мен көрмелер — әр түрлі этникалық топтардың мәдениетін таныстыруға мүмкіндік береді. Наурыз мерекесі мен Достық күні секілді шаралар халықтың бірлігін насихаттайды. Жастар — қоғамдық келісім мен…

Read More

Шымкент — Қазақстанның ең көпұлтты қалаларының бірі. Бұл қалада қазақ, орыс, өзбек, украин, корей, татар және басқа да этникалық топтардың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, өз мәдениеттері мен дәстүрлерін сақтауға тырысады. Шымкенттің мәдени өмірінде маңызды рөл атқаратын «Қоғамдық келісім» жобасы аясында өткізілетін мәдени іс-шаралар этносаралық достықты нығайтуға арналған. Шымкентте ұйымдастырылатын фестивальдер, мәдени кештер мен көрмелер — халықтың өзара сыйластықты арттыруға, түрлі этникалық топтардың мәдениеттерін таныстыруға мүмкіндік беретін платформа. Мысалы, Наурыз мерекесі, Достық күні, немесе Қазақстан халқының бірлігі күні сияқты шаралар — әр этникалық топтың дәстүрлерін, өнерін және ұлттық тағамдарын көрсетіп, көпұлтты қоғамдағы бірлікті насихаттайды. Мәдениетаралық диалогты дамыту — қоғамдық келісімді қалыптастырудың…

Read More

Шымкент — Қазақстанның ең көпұлтты қалаларының бірі, мұнда түрлі этникалық топтар, соның ішінде қазақ, орыс, өзбек, украин, корей, татар, және басқа да ұлт өкілдері бірлесе өмір сүріп, өзара мәдениет, тіл және дәстүрлермен бөліседі. Көпұлтты қоғамның бірегейлігі — әрбір этникалық топтың мәдениетін, өнерін, тілін және салт-дәстүрін сақтап, оларды бір-бірімен тығыз байланыста дамытуында.   «Қазақтану» жобасы — Шымкенттегі этносаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған стратегиялық бастама. Жобаның басты мақсаты — этникалық топтардың мәдениеттерін, өнерін, және дәстүрлерін таныстыру арқылы халықтың бірлігін нығайту, өзара түсіністік пен құрметті арттыру. Бұл жоба аясында әртүрлі мәдени іс-шаралар мен диалог алаңдары ұйымдастырылып, этносаралық келісімді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүзеге асырылуда.  Шымкентте…

Read More

Кеше Шымкент қаласында Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырған «Елдесу және татуласу» жобасы аясында медиация институтын дамытуға арналған семинар-тренинг басталды. Бұл шараның негізгі мақсаты – этносаралық қатынастарды нығайту, медиацияның әлеуетін арттыру және халық арасында бірлік пен татулықты қалыптастыру. Семинар М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жалғасын тауып, қатысушыларды этномедиацияның маңыздылығымен таныстырды. Семинарды Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Нұркен Әлімқұлов ашты. Ол өз сөзінде этномедиацияның қоғамдағы рөлі мен қажеттілігін атап өтті.  Этномедиация – этностар арасындағы дауларды шешу және келісімді орнату үшін қолданылатын бейбіт тәсілдердің…

Read More

Шымкентте қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктердің атсалысуымен дәстүрлі «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті. Этнос өкілдерін қоғамдық бастамаларға ұйыстыру арқылы мемлекет құ­рау­шы қазақ халқының маңайына топтастыру, ұлтымыздың қонақжайлық, сыйластық сынды игі дәстүрін дәріптеуді көздеген игі іс-шараға қала әкімінің бірінші орынбасары, қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі сынды қоғамдық құрылымдарының жетекшілері мен мүшелері, зиялы қауым, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері және БАҚ өкілдері  қатысты. Өткен жылдары ет асудан, қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеуден және ұлтымыздың ұмыт бола бастаған тағамдарын дайындаудан өзара сайысқа түскен этнос өкілдері биыл қазақ тағамдарынан дастархан жайып,…

Read More

Қорғаныс-өнеркәсібі кешені – бұл мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды элементі, оның тиімділігі елдің қорғаныс қабілетін және егемендігін сақтауға ықпал етеді. Бүгінгі таңда жаңа технологиялар мен инновациялар бұл саланың дамуына үлкен серпін беруде. Қазақстанның қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамытуға бағытталған шаралар еліміздің әскери әлеуетін арттыруға және халықаралық аренада беделін нығайтуға бағытталған. Заманауи әскери өнеркәсіпте ақпараттық технологиялар үлкен рөл атқарады. Қазақстан қорғаныс күштерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін киберқауіпсіздік саласында жаңа шешімдер енгізілуде. Бұл технологиялар әскери мәліметтерді қорғауға, жаудың ақпараттық шабуылдарынан сақтануға және стратегиялық шешімдерді қабылдауға көмектеседі. Автоматтандырылған жүйелер мен робототехника қорғаныс өнеркәсібінде кеңінен қолданылуда. Әскери роботтар, дрондар және автономды жүйелер жауынгерлік операцияларды тиімді…

Read More

Қазақстан және Өзбекстан елдері арасындағы ынтымақты нығайту мақсатында 2019 жылдан бері Шымкент қаласынанда вело шеру ұйымдастырылатын. Кейінгі жылдары карантиндік шектеулерде бұл іс-шара уақытша тоқталған еді. Араға бірнеше жыл салып, еліміздегі ең ірі вело шеру қайта жаңғырды. Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Шымкент қаласы Спорт және дене шынықтыру басқармасының ұйымдастырумен өткен жиынға еліміздің әр өңірінен келген вело шабондоздар қатысты. Жалпы 150 қатысушы тіркелген. Олар 120 шықарымды жүріп өтуі тиіс. Жарыс жолын бағындарған барлық қатысушы медальдармен марапатталады. Жиынның ашылу салтанатында сөз сөйлеген қала әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов вело шерудің маңыздылығына тоқталды. — Бүгінгі спорттық іс-шараның мақсаты қаламызды велосипед спорт түрін дамыту мен…

Read More

Бүгін Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Сенің ортаң» жобасы аясында әйгілі жазушы Дулат Исабековтің «Сүйекші» шығармасын талқылау өтті. Бұл әдеби кешке Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы қатысып, жобаның мән-маңызына ерекше қолдау білдірді.   «Сенің ортаң» жобасы қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын кеңінен танытып, жастар арасында ұлттық әдебиетке қызығушылықты оятуға, мәдени диалогты дамытуға бағытталған. Жобаның мақсаты – әдеби шығармаларды талқылау арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, қоғамдық пікірталас алаңын қалыптастыру. Әдебиет – ұлттық мәдениет пен қоғамды тәрбиелеудің маңызды бөлігі, сол себепті «Сенің ортаң» жобасы халықты ұлттық құндылықтарға тарта отырып, олардың әдеби сауатын арттыруға…

Read More

Шымкент қаласындағы Тұран ауданында жас мамандарды жұмыспен қамтуға арналған «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізілуде. Бұл бағдарлама жас түлектерге алғашқы жұмыс тәжірибесін жинауға мүмкіндік беріп, тұрақты жұмысқа орналасу жолындағы маңызды қадам саналады. Биыл Жаңаталап елді мекенінде ұйымдастырылған бір күндік ақпараттық науқан кезінде жергілікті тұрғындарға мемлекеттік бағдарламалардың артықшылықтары мен қатысу ережелері бойынша кеңес берілді. Іс-шараға Жастар ресурстық орталығы, Отбасы банк, Тұран және Абай аудандарының еңбек мобильді орталықтары, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, «Бақытты жанұя» орталығы, сондай-ақ Тұран ауданы әкімдігінің қызметкерлері қатысып, ақпараттық қолдау көрсетті. Қатысушыларға қолжетімді мемлекеттік бағдарламалар, әлеуметтік қолдау шаралары мен жастардың жұмыспен қамтылу мүмкіндіктері туралы жан-жақты түсіндірілді.  Аудандық…

Read More

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен 25 қазан — Республика күніне орай еліміздің тәуелсіздігін дәріптеу және жас ұрпаққа салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Тарих тағылымынан – тұғырлы тәуелсіздікке» атты жастар шеруі өтті. «Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке» деген болатын Мемлекет басшысы. Расында, белсенді жастардың қатысуымен өткен шара рухымызды көтерді. Көк туымызды желбіреткен жастар шеруі «Қазақ хандығына 550 жыл» монументінен бастау алып, Тәуелсіздік алаңына дейін жалғасты. Шеруге әр оқу орнынан 33 жас қатысты. Бұл шара еліміздің өткені мен бүгіні арасындағы сабақтастықты айқын көрсетіп, жас…

Read More