Автор: author

Табиғаты әсем Түлкібас ауданы экономикасының дамуының маңызды бағыттарының бірі – туризм саласы. Ауданда туризмді дамытуға ден қойылған. Қазіргі таңда Түлкібаста 36 туристік нысан жұмыс істейді. Атап айтқанда, 6 балалар сауықтыру лагері, 2 емдік сауықтыру орталығы, 21 туристік аймақ пен туристік базалар, 4 киелі аймақ және 3 қонақ үй келушілерге қызмет көрсетеді. Туризм бағыты бойынша алдағы 3 жылда 13,4 млрд. теңгеге 5 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізілмек. Оның ішінде, «Ақcу Жабағылы» оңалту сауықтыру кешенін қайта құрылымдау және «Түлкібас саясы» ЖШС-нің қолданыстағы емдік сауықтыру орталығын кеңейту жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар «Ақcу Жабағылы» ОСК» ЖШС арқылы 400 орындық оңалту сауықтыру кешенінің құрылысы қолға алынады.…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданы тұрғындарымен кездесті. Кездесуде ауданды дамыту, инфрақұрылмын жақсарту, атқарылған жұмыстар және алдағы жоспарлар талқыланды. Өңір басшысы билік пен халық бірлесе жұмыс атқарса ғана аймақ дамитынын айтты. Өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту, ауылдарды абаттандыру, тазалық жағдайын жақсарту мәселесі маңызды екенін жеткізді. – Нәтижеге қол жеткізу үшін әкімдіктер мен халық бірлесе жұмыс істеуі керек. Мысалы, елімізде «Таза Қазақстан» акциясы жүріп жатыр. Өкінішке қарай, әзірге негізінен бюджеттік мекеме қызметкерлері ғана белсенді атсалысуда. Күл-қоқысты көріп өскен бала оны қалыпты жағдай деп қабылдауы мүмкін. Сондықтан қоршаған ортаны таза ұстап, тұтас ел болып үлгі көрсетуіміз керек. Таза елге береке келеді, тұрақты…

Read More

Түлкібас ауданында мемлекеттік қолдаумен өндіріс саласы дамуда. Жергілікті кәсіпкерлер субсидия, жеңілдетілген несие алып, бизнесін кеңейтіп жатыр. Пандемия кезінде тұралап қалған кәсіпорындар жұмыстарын жандандырды. Әкімдіктің қолдауымен түрік инвесторлары қаржы құйған «Azia Food Company» ЖШС биыл қайта іске қосылған. Ұн диірмен кешені жылына 36 мың тоннаға дейін бидай өңдеуге қауқарлы. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына іссапарында зауыт жұмысымен танысты. Биыл әкімдік қолдауымен «GRAND FLOUR INDUSTRY» ЖШС — мен серіктестік шикізатын өндіру бойынша келісімшартқа тұрған кәсіпорын қарқынды жұмыс істеуде. – Біздің басым бағытымыз – өндіріс орындарын ашу, инвестиция тарту. Кәсіпкерлік арқылы мемлекет дамиды. Сондықтан осы салаға қолдау көрсетіп, жұмысты жандандырған жөн, –…

Read More

Түлкібас ауданында бірнеше көпқабатты тұрғын үй салынып жатыр. Ауданға іссапармен барған Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Нұршуақ мөлтек ауданындағы әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысын бақылады. Бұл жерде 2 қабатты, 20 пәтерлік 2 тұрғын үйдін құрылыстары ағымдағы жылдың мамыр айында бастау алған. Нысандар осы жылдың қыркүйек айында толық аяқталып, үй кезегінде тұрған азаматтарға берілмек. Сондай-ақ жаңа шағынауданда 56 пәтерлі үш тұрғын үй салынып жатыр. Аталған баспаналарды банк арқылы қолжетімді бағамен ұсыну бағыттары қарастырылуда. Айта кетерлік, бүгінгі таңда Түлкібас ауданында 3100 азамат үй кезегінде тұр. Өңір басшысы сондай-ақ жұмысын жандандырған жергілікті кәсіпкермен кездесті. «Стас и К» өндірістік кооперативі 2004 жылдан бері газ және су…

Read More

Түлкібастың құнарлы топырағында өсетін алмасы алыс-жақын шетелдерге танымал брендке айналды. Қырғызстан, Өзбекстан пен Ресей нарығында үлкен сұраныста. Ауданда алма бауды дамыту қарқын алып келеді. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түлкібас ауданына іссапарында Шақпақ ауылдық округіндегі «Кен-Тау» ЖШС арнайы барды. Кәсіпкерге мемлекет тарапынан қолдаулар көрсетілуде. 12 жылдан бері қарқынды алма бау өсірумен айналысып келетін серіктестікте 240 гектарға қарқынды бау отырығызылған. Израильден алынған су үнемдеу технологиясын пайдаланып, 30 гектар жерге қарқынды алма бау отырғызуда. Жыл сайын 4-6 мың тонна көлемінде өнім жинайды. «Кентау» ЖШС-нің 2200 тонна алма сақтайтын қоймасы бар. Кәсіпкер қыс мезгілінде алмаға сұраныстың жыл санап артуына байланысты, алдағы уақытта қосымша 2…

Read More

Түркістанда Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған республикалық драматургия байқауының қорытындысы жарияланды. Созақ ауданынан келген драматург Айдарбек Байділда жеңімпаз атанып, 1 млн теңгеге ие болды. Бүгін Түркістан музыкалық драма театрында осы байқауға орай өткен баспасөз жиынында Қазақстан Жазушылар одағы Басқармасы төрағасының орынбасары, ақын, жазушы Нұржан Қуантай бәйгенің жүлдесін табыстады. Сәуір айында аталған театр Қазақстан Жазушылар одағымен бірлесе отырып көрнекті композитор Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығына арналған республикалық драматургия байқауын жариялаған еді. Бәйгеге көптеген өтінім түсіп, түскен шығармалар ішінен «Ән-ғұмыр» атты пьесасы жүлделі орынға ие болды. Түркістан музыкалық драма театрының 4-ші маусымы енді қазақтың ән падишасы – «Шәмшімен» ашылады. Баспасөз конференциясына сыншы,…

Read More

Түркістанда облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен облыстағы қоғамдық-саяси және этносаралық ахуал бойынша штаб отырысы өтті. Мәжіліске облыстық құқық қорғау органдары мен тиісті басқармалардың басшылары қатысты. Жиында облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл о қоғамдық-саяси ахуал және этносаралық мәселелердің алдын алу бойынша баяндама жасап, алдағы жоспарларды пысықтады. Одан кейін облыс аумағындағы білім саласына қатысты өзекті мәселелер бойынша білім басқармасының орынбасары Айгүл Қасымбекованың баяндамасы тыңдалды. – Бүгін өзекті мәселелер талқыланып отыр. Ел бірлігін сақтау, тұрақтылықты нығайту бағытындағы жұмыстар тоқтамауы тиіс. Білім саласындағы түйткілдерді уақытылы шешу де басты назарда болуы тиіс. Әр басшы өзі жауапты саланы терең зерттеп, сапалы жұмыс…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы бірнеше нысанды аралап, кәсіпкерлермен кездесті. Сауран ауданында жиһаз өндірісі жақсы дамып келеді. Өңір басшысы ауданға қарасты Оранғай ауылдық округінде «RICH HOME FURNITURE» жиһаз цехының жұмысымен танысты. Жаңа өндірістік цех заманауи технологиялармен жабдықталған, жылына 500-ден астам үй жиһаздарын шығаруға қауқарлы. Экспорттың негізгі көлемі Орал, Ақтөбе сондай-ақ Қызылорда, Түркістан қалаларына жіберіледі. Жиһаз жасаушы өндірістің әлеуеті зор. Негізгі арнайы жабдықтарды шетелден алдыртады. Жиһаздардың бірегей үлгісі Ресей, Түркия, Беларусь, Қытай және Италияның сапасы мен дизайны бойынша жасалынуда. Осылайша отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттырып отыр. – Облыста шағын кәсіпкерлікті, өндірісті дамыту бағытында мемлекет…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданына жұмыс сапары барысында ауыл шаруашылы кооперативінде болып, шаруалармен кездесті. Оранғай ауылдық округіндегі «Әл-Береке» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 5000 басқа арналған мал бордақылау алаңы іске қосылды. Мұнда жылына 4000 тонна ет дайындауды жоспарлап отыр. Жалпы, мал бордақылау алаңы 2,5 гектарды құрайды. Мұнда ауылдық округтегі жергілікті 20-ға жуық тұрғын тұрақты жұмыспен қамтылған. Жоба құны – 1,5 млрд. теңге. Кооператив асыл тұқымды мал санын арттырып, олардың өнімділігін көбейту мақсатында жұмыс жасап келеді. Кәсіпкер етті бағыттағы өнімді өндіріп, ішкі нарықты қамтамасыз етуді көздеп отырғанын жеткізді. Облыс басшысы Дархан Сатыбалды мемлекеттік қолдауларға тоқталып, шаруаның жұмысына табыс тіледі. Одан кейін…

Read More

Түркістан қаласындағы «Алатау медиа» орталығында 28 маусым – ҚР Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай облыстық «Шаңырақ» байқауының жеңімпаздары мен қатысушыларын марапаттау рәсімі өтті. Журналистер мен әлеуметтік желі қолданушылары арасында өткен байқаудың негізгі мақсаты — өңіріміздегі этносаралық достықты қалыптастыруға атсалысу, қоғамдық келісім мен бірлікті бекемдеу, еңбек адамдарының өмірін дәріптеу. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылған байқауға облыстық, аудандық, қалалық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері және әлеуметтік желі қолданушылары қатысып, олар түрлі этнос өкілдерінің арасындағы мызғымас бейбітшілік пен еңбек адамдарының тыныс-тіршілігін жан-жақты насихаттады. Байқаудың марапаттау шарасында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-і басшысының орынбасары Ерназар Баетов БАҚ…

Read More