Ана мен бала денсаулығы – кез келген мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. 2023 жылы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз жолдауында ана мен бала денсаулығын қорғау мәселесіне ерекше назар аударып, бұл саладағы реформаларды тереңдетуге тапсырма берді. 2024 жылы осы бағыттағы бастамалар өз нәтижелерін бере бастады. Негізгі реформалардың бағыттары Ана мен балаға медициналық көмек көрсетуді жақсарту Президент өз жолдауында ана мен бала денсаулығын қорғауды медициналық жүйенің басты міндеттерінің бірі деп атады. Осыған байланысты: — Қолжетімді медициналық қызмет көрсету: Елдегі барлық әйелдер мен балалар сапалы медициналық көмек алу үшін жаңа емханалар мен перзентханалар ашу жалғасуда. Әсіресе, шалғай ауылдарда жылжымалы медициналық бригадалар жұмыс істеуде.…
Автор: author
Қазақ мемлекеттілігі бүгінгі Тәуелсіздікке кейбіреулер ойлағандай КСРО-ның күйреуінің нәтижесінде ғана жеткен жоқ. Оның тамыры тереңде жатыр. Өйткені, тәуелсіздік үшін күрес кеше ғана басталып, бүгін аяқталған жоқ. Бүгінгі Қазақстан аумағын ежелгі замандардан бері мекендеген тайпалар мен ұлыстардың кезінен бастап-ақ ұлан дала үшін, оның кеңістігі мен әрбір сүйем жері үшін қан төгіп, жан алысқан күрестер болды. Біздің бүгінге дейінгі тарихымыз Еуразия төрінен ойып тұрып орын алған жеріміз үшін, еліміз үшін, келешек ұрпақ үшін ұлт-азаттық күрестерге толы болатын. Қазақ халқы қазіргі аумағына басқа жақтан ауып немесе басқыншылық жолмен келген жоқ. Олар ғасырлар бойы осы жерді мекендеген тайпалар мен халықтардан қалыптасты және олардың қалыптасу…
Цифрлық технологиялардың дамуы қылмыстық әрекеттердің де күрделене түсуіне әсер етіп, интернет алаяқтары азаматтардың қаражаттарын жымқыру үшін жаңа амалдарды қолданып келеді. Қазірдің өзінде алаяқтар қылмыстық жолмен табылған қаражаттарды ел тұрғындарының банктік карталарына аударып, оны банкоматтардан шештіру, кейін электронды ақшаға айналдыру тәсілдерін қолдануда. Ал соңғы уақытта олар қаражатты тікелей халықаралық криптовалюта биржаларына (Binance, Bybit, OKX) аудартып, осы қаражатты шетелдік шоттарға шығарып алуға көшуі жиіледі. Алаяқтардың әрекетін тоқтату және алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары белсенді жұмыс атқаруда. Мәселен, аудандық құрылымдарға күнделікті алдын алу шараларын жүргізу тапсырылып, олардың нәтижесі қатаң бақылауға алынған. Сонымен қатар, 2024 жылдың 22 қазанынан бастап, «Шымкент реклама» ЖШС-мен бірлесіп,…
Шымкент қаласында цифрландыру басқармасының ұйымдастыруымен «Цифрлық драйвер» атты форум өтті. Бұл шараға IT саласының жетекші компаниялары, сала мамандары мен сарапшылар қатысып, жақында ашылған «Shymkent Hub» ғимаратында өздерінің жаңа жобаларын таныстырды. Сонымен қатар, форумда Shymkent Hub мүмкіндіктері мен қалада IT саласын дамытудағы жұмыстар кеңінен талқыланды. «Shymkent Hub» – бұл идеяларды жүзеге асыру мен тәжірибе алмасуға арналған алаң. Алғашқы күні қалалық жастар ресурстық орталығында өткен форум бүгін технопаркте жалғасты. Шараның басты мақсаты – цифрлық технологиялар саласында алдыңғы қатарлы идеялар мен тәжірибелерді бөлісу, қаланың IT экожүйесін дамыту, цифрлық сауаттылықты арттыру. Форумның ашылуында Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов сөз сөйлеп, өңірлік технопаркте…
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында 41 544 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Олардың ішінде 4 614-і – бірінші топтағы, 15 455-і – екінші топтағы, 13 505-і – үшінші топтағы азаматтар, сондай-ақ 18 жасқа дейінгі — 7 970 бала бар. Мемлекет тарапынан олардың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында жан-жақты шаралар қабылданып, қажетті құрылғылар мен жабдықтармен қамтамасыз ету жұмыстары белсенді жүргізілуде. Ерекше жандарды оңалтудың жеке бағдарламасы аясында жыл басынан бері — 45 681 өтінім қабылданып, оның 37 970-і (82,5%) қамтамасыз етілді. Протездік-ортопедиялық құралдарға 8 203 өтінім түсіп, олардың 6 147-сі үлестірілді. Сонымен қатар, сурдотехникалық, тифлотехникалық және гигиеналық құралдарға 20 779 өтінім тіркеліп, нәтижесінде 19…
Жыл басынан бері Шымкентте 8 511 отбасының 44 342 мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Өткен жылмен салыстырғанда әлеуметтік көмек алушылардың саны 29,7 пайызға азайған. Мәселен, 2023 жылдың осы кезеңінде 12 108 отбасындағы 61 605 адам атаулы әлеуметтік көмек алған. Бұл көрсеткіш жұмыспен қамту шараларының оң нәтижесін көрсетеді. 1-6 жас аралығындағы балаларға төленетін 1,5 АЕК көлеміндегі (5 538 тг) жәрдемақы биыл 7 608 отбасының 14 907 баласына берілді. Бұл көрсеткіш те төмендеген. Өткен жылы 12 927 отбасындағы 24 521 балаға төленген. Биыл 28 пайызға азайған. Жалпы, 2024 жылдың III тоқсанына арналған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің орташа мөлшері 36 637 теңгені құрап…
2025 жылға дейін Шымкент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 28 000 орындық 18 жаңа мектеп ашу жоспарлануда. Жоспарға сәйкес, 2023 жылы 12 мектептің құрылысы басталып, қазіргі таңда құрылыс қарқынды түрде жалғасуда. Қазан айының соңында екі мектеп – Нұршуақ (Ынтымақ) және Оңтүстік-Шығыс аудандарында техникалық ашылуы өтіп, қазіргі уақытта бұл мектептерде оқушылар білім алып жатыр. Жобаны іске асыруға жауапты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ және мердігер мекемелер пайдалануға беру жұмыстарын жүргізуде. 2023 жылдың желтоқсанында Жаңатұрлан, Ұлағат, Тұран (саябақ), Нұршуақ (Достық), Ақжар, 276 орам, Тұран (28 орам), Бозарық және Нұртас аудандарында 9 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар, Таскен шағынауданындағы 1500 орындық мектептің ашылуы…
Шымкент қаласында зейнет жасындағы азаматтарға қолайлы жағдай жасау және денсаулығын нығайту мақсатында түрлі әлеуметтік қолдау шаралары іске асырылуда. Қалалық Мәслихаттың шешіміне сәйкес, жыл сайын зейнеткерлерге арналған 5 000 шипажайға жолдама қарастырылған. Сонымен бірге, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына тиесілі, 70 орындық «Ізетті зейнеткер» сауықтыру кешені іске қосылғаннан кейін жылына қосымша 2 000 зейнеткерді сауықтыру мүмкіндігі пайда болды. Осылайша, қалада жыл сайын 7 000 ардагер мен зейнеткерге шипажайда ем алу мүмкіндігі жасалуда. Биыл мемлекеттік тапсырыс аясында төрт шипажаймен келісім-шарт жасалды: Түркістан облысы Сайрам ауданындағы «Ақсу демі», Жамбыл облысындағы «Айша-Бибі», Жетісай қаласындағы «Күлпаршын» және Шымкент қаласындағы «Денсаулық» шипажайлары. Жыл басынан…
Бүгін Шымкент қаласындағы «Достық үйінде» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті «Қоғамдық келісім» РММ-нің ұйымдастыруымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық құрылымдарының қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы рөлі» тақырыбында лекторий бастау алды. Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін дәріптеуді көздеген лекторийдің ашылу салтанатына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Лугмар Буларов пен Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек арнайы қатысып, мемлекеттік этносаясаттың басым бағыттарына тоқталды. – Біздің алдымызда сан-қырлы міндеттер тұр. Қоғамдағы бірлікті бекемдеу, этносаралық татулықты нығайту, өзара сыйластық пен түсіністікті тұғырынан түсірмеу және азаматтардың ұлтына, дініне қарай ерекшеленуіне, оқшаулануына жол бермеу, – деді Сәрсен Абайұлы. Қалалық…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына қосылушы тараптардың 29-шы конференциясы аясында өтіп жатқан климат саласындағы іс-қимыл жөніндегі әлем көшбасшыларының саммитіне қатысты. Пленарлық сессияның ашылуынан кейінгі алғашқы сөз Қазақстан Президентіне берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев, ең алдымен, Қазақстан жаһандық климат күн тәртібін қолдайтынын растап, табиғаттың өзгеруіне қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықтың маңызы зор екенін атап өтті. Мемлекет басшысы еліміздің 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізу жөнінде биік мақсат қойғанын еске салды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл міндетті орындау үшін нақты қаржыландыру көздері мен заманауи технологияларға арқа сүйейтінін айтты. Сондай-ақ «Климаттық қаржыландыру бойынша жаңа ұжымдық мақсат» (NCQG) аясында табиғат өзгерістеріне осал…
