Келес ауданы, Абай ауылының 33 жастағы тұрғыны 7 қыздан кейін үшем босанып, 10 баланың анасы атанды. Көптен күткен ұлдарына Қасым, Жомарт есімдері, қыздарына Кемел есімі берілген. Түркістан облысында өмірге келген үшем бүгін отбасымен қауышты. Қасым, Жомарт, Кемел – Мыңжасар отбасының көптен күткен қуанышы. Гүлназ Мыңжасар мерзімінен бұрын – жүктіліктің 33-шы аптасында босанған. Кейбір қарсы көрсеткіштерге байланысты көпбалалы анаға ота жасалған. Әкесі Бахыт Мыңжасар құрылыста жұмыс істейді. Ал анасы жұмыссыз. Балалардың атын анасы қойған. Үшем шала туылған, балалардың салмағы 2000 грамм шамасында болған. – Ота жасаған және жалпы №1 Перинаталдық орталығының акушерлік блогына үлкен алғысымды білдіремін. Медициналық мекемелерде қолайлы жағдай жасап, заманауи…
Автор: author
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәжікстан Республикасына мемлекеттік сапары барысында Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері өтті. – Бұл сапар өзара құрметке, сенімге және жан-жақты ынтымақтастыққа негізделген қазақ-тәжік қатынастарының дәйекті түрде нығаюына тың серпін береді. Тәжікстан – сенімді досымыз әрі уақыт тезінен өткен одақтасымыз. Екі елді ортақ тарих, мәдениет және рухани құндылықтар байланыстырады. Біз барлық деңгейде тығыз әрі өзара сенімге құрылған саяси диалог орнаттық. Бірлескен күш-жігер арқылы нағыз достық пен тілеулестік рухында ортақ келешектің негізін қалап келеміз, – деді Қазақстан Президенті тәжік еліне сапарында. Қазақстанның Тәжікстандағы мәдениет күндері аясында екі елдің мәдениетаралық байланыстарын кеңейтуді көздеп, түркістандық «Конгресс Холл» көпсалалы кешенінің «Jana Lep» ұжымы Худжанд…
Тамыз айының 20-25 күндері Қырғызстан елінің Чолпан-Ата қаласында гір көтеру спортынан кіші жасөспірім, жасөспірім және жастар арасында Әлем чемпионаты өтті. Аталған байрақты бәсекеде Шардара ауданының спортшылары 11 алтын, 11 күміс, 5 қола жүлдені иеленді. Жеңіс тұғырынан көрінген жерлестерімізді атап айтар болсақ: Серпе көтеруден Кіші жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы 1. Жансанбай Нұрқанат Жастар арасында Әлем чемпиондары 1. Байдуллаев Бағжан 2. Қуаныш Ерасыл 3. Серикбай Нұрбала Жұлқа көтеруден Жасөспірімдер арасында Әлем чемпионы 1. Данышхан Айдар Жастар арасында Әлем чемпиондары 1. Шинтанов Бақдаулет 2. Тұрғанбай Нұрбатыр Ұзын циклда көтеруден Жастар арасында Әлем чемпиондары 1. Қуаныш Ерасыл 2. Шинтанов Бақдаулет 3. Ауесбек Медет 4.…
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков пен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев «Shymkent Hub» өңірлік технопаркінің ашылуына қатысты. Жаңа орталықтың негізгі мақсаты-технологиялық кәсіпкерлікті өркендету, стартап-мәдениетті қалыптастыру, IT-саланы және цифрлық білім беруді дамыту. Ашылу аясында IT-стартаптардың, IT-компаниялардың, робототехника мектебінің және Tech Orda бағдарламасына қатысушы жеке IT-мектептердің, сондай – ақ Шымкент қаласының инновациялық жобаларының көрмесі ұйымдастырылды. «Shymkent Hub «Astana Hub» білім беру және инкубациялық бағдарламаларын іске асыруға арналған платформа болады. Оның аумағында белсенді IT-қоғамдастықтың қалыптасуына ықпал ететін түрлі іс-шаралар өтеді. Стартап-жобаларды әзірлеу барысында қатысушылар кәсіпкерлік негіздерін, инвестицияларды тартуда қолдауды, қаржылық есеп жүргізуді және басқа да қажетті дағдыларды үйренеді. Естеріңізге…
65 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен отандасымыз финалда өзбекстандық қарсыласын ұтты.
Грек-рим күресінен Ұлттық құрама палуаны (77 кг) Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуінде Хаир Алексис Куэроны таза жықты. Колумбия спортшысын отандасымыз алып ұрды. Келесі кезеңде Демеу Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері, әлем чемпионы Ақжол Махмұдовпен күш сынасады.
Жеңіл атлетика: Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруде жартылай финалға шыға алмады. Отандасымыз жұбаныш кезеңінде өз тобында мәреге алтыншы болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 23.70 секунд. Стенд ату: Скит бағдарламасында аралас жұптық сында бақ сынаған Әсем Орынбай мен Эдуард Ещенко іріктеуде 140 ұпай жинап, 12-сатыдан көрінді. Грек-рим күресі: Аса ауыр салмақтағы палуан Әлімхан Сыздықов ширек финалда Рио Олимпиадасының қола жүлдегері Сабах Шариатиға (Әзірбайжан) жол берді. Есеп: 0-4. Айдос Сұлтанғали (60 кг) алғашқы белдесуінде 2 дүркін әлем чемпионы Жоламан Шаршенбековтен (Қырғызстан) жеңіліп қалды. Тартысты өткен айқастың есебі: 3-6. Олимпиаданың оныншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола…
Ұлттық құрама спортшысы Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды. Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші — 9:16.46 секунд. Бұл Нораның осы маусымдағы үздік нәтижесі. Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді. Айта кетейік, Джеруто осы қашықтықта 2022 жылы Юджинде өткен әлем чемпионатында Қазақстанға жеңіл атлетикадан алғашқы алтынды алып келген.
Боксшымыз Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында Кристиан Хавьер Пиналесті (Доминикан) жеңді. Төрешілер есебі: 3-2. Нұрбек осыған дейін Париж шаршы алаңындарында Мурад Аллахвердиевтен (ширек финал, Әзірбайжан), Каллум Питерстен (1/8 кезең, Аустралия) басым түскен. Финалдағы қарсыласы әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының күміс жүлдегері Олександр Хижняк (Украина) немесе 2 дүркін Олимпиада чемпионы, әлем чемпионы, Панамерика ойындарының 2 дүркін жеңімпазы Арлен Лопес Кардона (Куба) болады. Айта кетейік, Нұрбек Оралбай — былтыр Ташкентте әлем чемпионы атанған, Азия чемпионатының қола жүлдегері.
