Автор: author

Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай Темірлан ауылында Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне «Шәмші аллеясының» құрылысы басталды. Нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Armada Stroy 2020» ЖШС-і мердігер мекемесі аллеяны биыл шілде-тамыз айларында қолданысқа бермек. Онда сазгердің ескерткіші, сахна, орындықтар орнатылатын болады. Айта кетсек, Шәмші Қалдаяқов — 1930 жылы 15 тамызда Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында дүниеге келген. Оның 300-ге жуық ән мұрасы бар. Бүгінде сазгердің «Ақ сұңқарым», «Ақ бантик», «Қара көз», «Қайықта» секілді әндері жұртшылық арасында кеңінен танымал. Сондай-ақ, жігерлі әрі қуанышпен шырқалатын «Бақыт құшағында», «Менің Қазақстаным», «Бәрінен де сен сұлу», «Теңіз құшағында» әндері ел арасына…

Read More

Алматы қаласындағы Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Конгресс Холл» кешенінің «Jana Lep» өнер ұжымы «Көктемдегі кездесу» музыкалық-поэтикалық спектаклін алғаш рет сахналады. Қойылымды Дариға Тұранқұлова, Ғалым Доскен, Тұрсынжан Шапай, Гүлнар Салықбай, Еркін Жуасбек, Бақыт Беделхан, Қайрат Жолдыбайұлы, Ерлан Біләл, Жалғас Толғанбай, Мейрамбек Беспаев, Айгүл Қосанова, Жанболат пен Жазира және тағы басқа зиялы қауым өкілдері, облыстық мәдениет және туризм басқармасының басшысы Әзімхан Қойлыбаев тамашалады. Екі сеансқа қойылған туындыны көруге келгендер қатары көп болды. Театр ғимараты алдында «Алқоңыр» тобы қонақтарды қарсы алды. Содан соң кіре берісінде облыстық Бейнелеу өнері музейінің арнайы жасақталған көрмесі арқылы өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты. Кеш барысында…

Read More

Түркістан облысының аудан, қалаларында маңызды инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың құрылысы, инфрақұрылымына әкімдік тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп жатыр. Кезекті жобалардың жүзеге асырылу барысы Түркістан өңірлік инвестициялық штаб мәжілісінде тағы да талқыланды. 20-ға жуық жобаның жай-күйі сараланып, жұмыстары таныстырылды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды әр жоба бойынша кәсіпкер мен жергілікті әкімдердің және жауапты басқарма басшыларының есептерін, ұсыныстарын тыңдады. Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Жұмысты кешеуілдеткендерге сын-ескертпе айтып, нақты тапсырмалар жүктеді. – Үлкен болсын, кішкентай болсын, барлық жоба назардан тыс қалмауы тиіс. Қадағалаңыздар, қолдаңыздар. Жол картасын немесе жұмыс жоспарын хаттамаға енгізіп, әкімдік өз міндетін, кәсіпкерлер өз міндетін уақтылы орындасын. Жерді алып, жұмыс…

Read More

Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қайрат Абдуалиев мәлімдеді. «Түркістан облысының орман қоры жерлерінде биыл жыл соңына дейін 27 500 гектар жерге 43 149 дана, 2025 жылы 31 610 гектар жерге 52 079 мың дана тал отырғызу жоспарланған. Сондай-ақ, облыстағы 852 елді мекенді көгалдандыру үшін 4 млн-нан астам көшет отырғызу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұдан бөлек, былтыр «Өсімдіктер дүниесі туралы» заң қабылданып, күшіне енген болатын. Түркістан облысы аумағында өсетін емдік қасиеттері бар кеурек пен қызыл мия өсімдіктерін заңсыз теру және шет елдерге шығару фактілері жиілеген. Осы ретте аталған өсімдіктерді пайдалану құқығын шектеу туралы шешім қабылданды.…

Read More

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қаршыға Дауытбек келесі жекпе-жегін Жапонияда өткізеді. Елімізге танымал ММА шебері, Қаршыға Дауытбек әлемнің ең үздік лигаларының бірі саналатын Rizin тұжырымында өнер көрсетеді. Отандасымыз 9 маусым күні, Жапонияның Токио қаласында өтетін Rizin 47 турнирінде өнер көрсетеді. 61,2 келі салмақта жұдырықтасатын Қаршыға жергілікті спортшы Тецуя Секиге қарсы шығады. Бұл Қаршығаның жапониялық тұжырымдағы екінші жекпе-жегі болмақ. Өкінішке қарай, отандасымыз 2018 жылы Rizin 13 турнирінде Микуру Асакурадан жеңіліп қалған еді. Айта кетейік, Қаршыға Дауытбек шаршы алаңда 16 жекпе-жек өткізіп, соның он үшінде жеңіске жетсе, үш мәрте қарсыластарына есе жіберген. Қазір ол 6 жекпе-жек қатарынан жеңіп келе жатыр.

Read More

Қазақстан қор биржасындағы KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 0,96 теңгеге төмендеп, 441,59 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 28 мамырдағы ресми бағамы — 442,84 теңге. kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 441,07 теңгеге, сатылымы 443,11 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 439,01 теңгеден сатып алынып, 444,00 теңгеден сатылып жатыр. Еске салайық, 27 мамырда KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,30 теңгеге төмендеп, 442,84 теңге болды.

Read More

Әңгімелесу барысында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейту перспективалары қарастырылды. «Өзіңізбен 2015 жылы кездескен едік. Сол жүздесуді ерекше ықыласпен еске аламын. Сіздің өзара тиімді ынтымақтастығымызды дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймыз. Сіз басқа әріптестеріңізге қарағанда Премьер-министр лауазымын ұзақ уақыт атқарып келесіз және халықаралық деңгейдегі тәжірибеңіз орасан зор. Сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Нидерланд – Қазақстан экономикасының ең ірі инвесторы. Елімізге құйылған тікелей инвестиция 120 миллиард доллардан асты. Елдеріміз бірлескен ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатыр», – деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланд Премьер-министрінің елімізге сапары Астана мен Амстердам арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуға тың серпін беретінін атап…

Read More

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 237,2 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 389,2 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 848 млрд теңге қарастырылды. 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 372 мың адам. 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 399 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 729 теңге, базалық зейнетақы – 42 670 теңге. 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай…

Read More

Түркістан облысы, Келес ауданындағы Ө.Жәнібеков атындағы №2 мектеп-гимназиясынан биыл 100 түлек түлеп ұшпақ. Оның ішінде 6 егіз оқушы бір сыныпта білім алады. Ақылбек пен Асылбек, Батпа мен Зәуре, Аяужан мен Аружан есімді жас түлектер оқуда да озат. Сынып жетекшісі Ләззат Анарқұлқызы — Данабай Ақылбек “Алтын белгіге”, Данабай Асылбек “Үздік аттестаттқа” үміткер. Жігіттердің анасы Жанар Арынова мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Ал көпбалалы отбасында тәрбиеленіп жатқан Батпа тігін цехын ашқысы келсе, Зәуре сұлулық салонында жұмыс істеуді мақсат еткен. Аружан мен Аяужан болса бірдей заң саласында қызмет ету үшін «Тарих», «Құқық» сияқты пәндерді таңдауда, – дейді ұстаз. Айта кету керек, мектеп түлектеріне…

Read More

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында білім ошақтарының құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Сарыағаш ауданында осы бағытта 10 мектеп салу жоспарланған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары аясында «Телемұнара» шағынауданындағы 900 орындық білім ошағының құрылыс алаңына барды. Мердігерлермен кездесіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды. Нақты міндеттер жүктеді. – Білім сапасын көтеру, мектеп тапшылығын жою – маңызды іс. Жауапкершілікпен жұмыс істеңіздер. Ешқандай кемшілік, қателік болмауы тиіс. Құрылысқа қосымша қаражат қаралмайды. Құрылыс қатаң қадағалауда тұр, – деді Дархан Сатыбалды. Құрылыс нысанында қазіргі уақытта 80 адам жұмыс істеп жатыр. Жертөле қабырғалары құйылып, жабын қабаттарының темір бетон құю жұмыстары жүргізілуде. Кірпіш қалау жұмыстары жүргізілуде. Сарыағаш ауданында…

Read More