Автор: author

“Бұлбұл құсым жырақтама” деп ән салған Нұржан Қалжан өнердегі достарына реніші барын жасырмады. Жақында өнер иесі “Қазақстанның құрметті азаматы” атағын алды. Ол Assyltas TV арнасына сұхбат беріп, өнерді қолға алып жатқанын айтты. “Кезінде әніміз хит болып тұрғанда, айналамды жанашырым көп еді. Басыма іс түсіп, өнерден алшақтағанда ешкімді таппай қалдым. Дүниеде басыңа күн шығып тұрса, қасыңда адам да көп болады екен. Соны түсіндім. Өйткені сенде ақша да, атақ та, жағдай да бар. Ол кезде сен дұрыс істемесең де, ақтап алып, сөзіңді сөйлейтіндер табылды. Бірақ басыңа іс түскенде айналаң да іріктеліп қалады екен. Бұрынғы Нұржан болмай қалғанымда, шын достарымды таппай қалдым. 10…

Read More

Тарихта алғаш рет америкалық нарықта қол жетімді электромобильдер бензин мен дизельді көліктерге қарағанда арзан болды. Bloomberg Green мамандары қашықтығы кемінде 480 шақырым болатын жаңа электромобильдер мен қозғалтқышы (ICE) бар жаңа көліктердің бағасына талдау жасады. Ең арзан электромобиль Hyundai Ioniq 6 болып, ол нарықта 37,5 мың долларға сатылды. АҚШ нарығында автокөліктердің орташа құны 47 мың доллар болды. Мамандардың айтуынша, көптеген бензин мен дизельді көліктер электромобильдерге қарағанда қымбат. Осылайша, 2024 жылы тенденция өзгеріп, бұрын дәстүрлі автомобильдер электр қозғалтқышы бар автомобильдерге қарағанда әрқашан арзан болды. Электромобиль бағасының арзандауы нарықтағы жоғары бәсекеге байланысты. Cox Automotive сарапшыларының айтуынша, электркөліктер бастапқыда премиум сегментке бағытталғандықтан қымбат болды.…

Read More

Қазақстандық шахматшы Қазыбек Нөгербек Үндістанда өткен әлем чемпионатының алтын жүлдесін жеңіп алды. Қазыбек Нөгербек Үндістанның Гандинагар қаласында өткен 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионатында жеңімпаз атанды. 44 мемлекеттен 226 шахматшы сынға түсіп жатқан дүрмекте отандасымыз классикалық шахматтан сайысқа түсті. Ол 11 турдан кейін 8,5 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды. Қазір Қазыбектің FIDE рейтингі 2501. Айта кетейік, Қазыбек Нөгербек осыдан 2 жыл бұрын Грекияда өткен 18 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы әлем чемпионатында рапид пен блицте жеңімпаз атанған.

Read More

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сайрам ауданына барып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Облыстың, ауданның даму бағыты туралы ой қозғап, өзекті мәселелерді де екшеді. Сайрамдықтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. – Сайрам – өңіріміздегі ең ауыл шаруашылығы дамыған, кәсіпкерлікке ден қойған аудан. Әлеуеті өте жоғары. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Сайрам ауданында 2023 жылы 14 елді мекенде 31 жобаны іске асыруға 2,6 млрд. теңге бөлінді. Бірқатарына тоқталсақ, Нұржанқорған елді мекенінде 300 орынға арналған мектептің қосымша корпусы пайдалануға тапсырылды. Қарамұрт елді мекеніндегі мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, Ақбұлақ елді мекенінде мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілді.…

Read More

Бүгін Кентау қаласында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер алдымен Кентау қаласындағы №5 Жылу энергия орталығындағы атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Биыл орталықтағы 6 қазандықтың жөндеу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталмақ. Жалпы құны – 13,6 млрд.теңгені құрайтын қазандықтарды қайта құру жұмыстары мердігер мекеме «ЭМ-ходинг» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Сондай-ақ, сапар аясында журналистер Қарнақ ауылында орналасқан «Medical style» тігін цехына барды. Бүгінде цех жылына 20-25 мыңға жуық медициналық киімдердің 25 түрін дайындайды. Айта кететін жайт, қазіргі таңда өндіріс орнының Астана, Алматы, Талдықорған, Шымкент қалаларында арнайы дүкендері бар. Мекеме басшысы Шавкат Хабибуллаевтың айтуынша, тігін цехында жалпы технолог пен арнайы білімі бар 30-ға…

Read More

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстанда әншілерге сахнада бейәдеп сөз айтуға болмайтынын ескертті. Министрдің пікірінше, өнер адамдары халыққа үлгі болуы керек. “Мәдениет қайраткерлерінің міндеті – рухани құндылықты насихаттау, мәдениетті қалыптастыру. Егер біз сахнада ішімдік ішуге немесе есірткі заттарын тұтынуға рұқсат етсек, бұл айналаға қалай әсер етеді? Сондықтан қазір біз сахнаны құрметтеу керек деген мәселені көтеріп жатырмыз. Сахнаға шығып, өзінің таланты арқылы ақша тауып жүрген әнші өз көрерменін құрметтеуі керек. Сондықтан ол жағдайы мен мінез-құлқын бақылауы керек. Боқтауға мүлдем болмайды. Мұны сахнада қалай елестетуге болады?» – деді Аида Балаева Сенаттың кулуарында. Одан кейін бұл ескертуі тек отандық шоу-бизнес өкілдеріне ғана емес, шетелдік…

Read More

Түркістан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, облысқа қарасты елді мекендерде 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт бой көтермек. Бұл нысандардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатаң бақылауында тұр. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жауапты сала басшылары және мердігер мекеме өкілдерімен бірге Ұлттық пилоттық жоба аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды пысықтады. Жобаның маңыздылығына тоқталып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар міндеттеді. – Президенттің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасының маңызы орасан. Бұл – мемлекеттік ғимарат. Құрылыс жұмыстары аса жауапкершілікті талап етеді.…

Read More

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды бүгін Астана қаласында өткен Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысты. Жұмыс сапары кезінде Түркістан облысының әкімдігі мен Корея Халықаралық Сауда Қауымдастығы арасындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ Түркістан қаласында кореялық «Вусонг» университетінің филиалын ашу бойынша меморандумға қол қойылды. Айта кетейік, наурыз айында өткен Түркістан облысы делегациясының Оңтүстік Кореяға жасаған ресми іссапары аясында Корея Республикасының Халықаралық сауда қауымдастығының (Korea International Trade Association) басқарма төрағасы Юн Джин Сик мырзамен кездесу өтті. Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайту мәселесі талқыланып, әр түрлі салаларда ынтымақтастықтың ықтимал мүмкіндіктері, инвестиция тарту, тәжірибе алмасу және өзара қарым – қатынасты дамыту талқыланды.…

Read More

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Самал-3» шағынауданына арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаттары, Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК-нің «Оңтүстікауызсу» филиалы, «Сарыағаш ТСЖ» өндірістік бөлімшесінің басшысы Б.Қалдыбаев қатысты. Жиын барысында ауыз сумен, электр жарығымен қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Көшпелі кездесуде аудан әкімі Арман Абдуллаев әрбір тұрғынды мұқият тыңдап, ауыз су мәселесін оңтайлы шешу мақсатында арнайы жобалаушы мекеме «Улмад» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын және сараптаманың қорытындысын алу үшін тиісті жұмыстар атқарылғанын жетікізіп, аталған жұмыстар өзінің жіті бақылауында екенін атап өтті. Сонымен қатар электр жарығы бойынша аудан басшысы «Самал-2» мөлтек ауданы,…

Read More

Түркістан облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасы аясында 49 медициналық-санитарлық алғашқы көмек нысанының құрылысы жоспарланған. Оның ішінде, облысқа қарасты елді мекендерде 20 дәрігерлік амбулатория, 23 фельдшерлік-акушерлік пункт, 6 медициналық пункт бой көтермек. Бұл нысандардың құрылыс барысы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының қатаң бақылауында тұр. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жауапты сала басшылары және мердігер мекеме өкілдерімен бірге Ұлттық пилоттық жоба аясында жүргізіліп жатқан жұмыстарды пысықтады. Жобаның маңыздылығына тоқталып, жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар міндеттеді. – Президенттің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жобасының маңызы орасан. Бұл – мемлекеттік ғимарат. Құрылыс жұмыстары аса жауапкершілікті талап етеді.…

Read More