«Qamqor» өңірлік тұрғын үй бағдарламасының басталуы, шарттары жөнінде баспасөз брифингі өтті. Шымкент қаласының тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Көпжан Төлебаев, «Отбасы Банкі» АҚ Шымкент қаласы филиалы директорының орынбасары Еркін Ахыншаев бағдарламаның тиімді тұстарын, азаматтарды баспанамен қамту жұмыстарының барысынан хабардар етті. Шымкент қаласының тұрғындарына арналған «Qamqor» өңірлік бағдарламасына қатысу туралы өтінімдер 30 қыркүйектен басталған. Қабылдау 28 қарашаға дейін жалғасады. Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, биылға «Қамқор» өңірлік бағдарламасына жергілікті бюджеттен 5 млрд, Отбасы банкінен 3 млрд, жалпы 8 млрд теңге бөлінген. Өткен жылы 3 млрд теңге бөлініп, 150 отбасы баспаналы болған еді. Жұмыс істейтін тұрғындардың өңірлік бағдарлама бойынша жеңілдетілген шарттармен баспана сатып…
Автор: author
Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мейірім» апталығы аясында еріктілер «Аялы алақан» оңалту орталығына жиналып, ерекше балалар мен олардың ата-аналарына психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты – жас өркеннің психо-эмоционалды жағдайын тұрақтандыру, өмірлік қиындықтармен күресу қабілетін арттыру, және қоғамдағы орнын табуға көмектесу болатын. – Тренинг – ерекше балалардың психологиялық саулығын арттыруға бағытталған маңызды шара. Тренинг барысында сәл де болса баламен жұмыс жасауды үйрете алсақ, аналарына күйзелісті жеңудің тиімді әдістерін, эмоцияларын басқару жолдарын және ішкі үйлесімділікке қол жеткізуді үйретсек, сол арқылы олардың өмір сүру сапасын жақсартуға көмектессек соның өзі біз үшін нәтиже. Түрлі ойындар мен топтық жұмыс арқылы қарым-қатынас дағдыларын дамыту да…
Сегодня в нашем городе прошел круглый стол на тему «счастливое место ребенка – семья», организованный Национальным агентством по усыновлению. Основная цель мероприятия-обмен мнениями с читателями, информирование о внедрении в Казахстане института профессионально принимающей семьи. В настоящее время законопроект рассматривается в рабочей группе Мажилиса. В мероприятии приняли участие представители управлений образования, здравоохранения, социальной занятости, органов опеки и попечительства, педагогические специалисты и корреспонденты с целью обсуждения предстоящих нововведений в сфере размещения детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей. Участники круглого стола проявили активность и рассмотрели институт профессиональных принимающих семей с разных сторон. Обсуждались вопросы, связанные с оплатой семьям, работой родителей и возможными…
Бүгін қаламыздағы Ұлттық бала асырап алу агенттігінің ұйымдастыруымен «Баланың бақытты мекені – Отбасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстанда Кәсіби қабылдаушы отбасы институтын енгізу туралы ақпарат беріп, оқырмандармен пікір алмасу. Қазіргі таңда заң жобасы Мәжілістің жұмыс тобында қарастырылуда. Шараға жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру саласындағы алдағы жаңалықтарды талқылау мақсатында Білім, Денсаулық сақтау, әлеуметтік жұмыспен қамту басқармаларының, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері және педагог мамандары мен тілшілер қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар белсенділік танытып, кәсіби қабылдаушы отбасылар институтын әр қырынан қарастырды. Отбасыларға төленетін ақы, ата-ананың жұмысы мен пайда болуы мүмкін мәселелерін талқылады. Кәсіби қабылдаушы отбасыларды сүйемелдеу…
Шымкент қаласында 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осы мақсатта 15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында қала аумағында «Өрт қауіпсіздігі айлығы» өткізілді. Бұл айлық тұрғын үй секторларындағы қауіпсіздікті күшейтуге және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталды. Іс-шара барысында үш негізгі кезең бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Қала аумағында есепке алынған 2222 әлеуметтік жағдайы төмен отбасының барлығына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде, 8 мыңнан астам тұрғынға қол қою арқылы қауіпсіздік жадынамалары таратылды. Бұл жұмыстардың басты мақсаты – осал топтардың жылыту маусымы кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың ақпараттық деңгейін арттыру. Қаладағы табиғи газға қосылмаған…
Мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба және Гимн Қазақстан Республикасының дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытудың әрі мемлекетіміздің өткені мен бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ, рәміздер – халқымыздың таусылмас рухын, қаһармандығы мен даналығын, асқақ арман-тілегін жеткізетін құнды белгілер. Ел еңсесін көтеріп, рух қайнарын тасытар рәміздер мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері болып табылады. Мемлекеттік рәміздердің белгілі бір мағына беретін үйлесімінен мемлекеттің, елдің арман — мұраты, өзін — өзі түйсінуі көрініс табады. Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздік нышаны ретінде ерекше қадірленіп, оларға биік мәртебе беріледі, сондықтан, мемлекет адамдарға мемлекеттік рәміздерді қастерлеуді парыз етеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері 1992 жылы 4 маусымда ресми…
Қала әкімі бірқатар білім беру мекемелерін аралап, жүргізіліп жатқан жөндеу және абаттандыру жұмыстарын бағалады. Қаратау ауданындағы А.Сейдімбек атындағы №80 IT мектеп-лицейінде күрделі жөндеу жұмыстарының сапасы қанағаттанарлықсыз деп танылып, мердігерге бір апта ішінде барлық кемшіліктерді жою тапсырылды. Әрі қарай Әл-Фараби ауданындағы М.Х.Дулати атындағы №8 мамандандырылған гимназияда және М.Тасова атындағы №3 мектеп-интернатында жөндеу жұмыстары тексерілді. Қабырғаларды бояу мен аумақты абаттандыру бойынша ескертулер айтылды, сондай-ақ мектептерді көгалдандыру мен жарықтандыру мәселесіне көңіл бөлу қажеттігі тапсырылды. Тұран ауданындағы №48 орта мектепте ішкі әрлеу жұмыстарының сапасы төмен деп бағаланып, мердігерге тез арада түзету тапсырылды. Сонымен қатар, мектеп директорларына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін дабыл түймелері мен…
Ауданда абаттандыру жұмыстары бойынша ауқымды істер атқарылып келеді. Жалпы аудан аумағында 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Бұл дегеніміз тұрғындар өз ұсыныстарын жасау арқылы, жергілікті бюджеттің қалыптасуына қатысып келеді деген сөз. Нақтырақ айтар болсақ, 2023 жылы тұрғындар ұсынысы ескеріліп, 27 балалар ойын алаңшасы орнатылды. Ал 2024 жылы 47 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандыру және жеке секторда 17 мекен- жайда балалар ойын алаңшасын орнату жоспарланды. Қазіргі таңда 11-і аяқталып, тұрғындардың пайдалануына тапсырылды. Қалғандарында жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, абаттандыруды қажет ететін 36 ауланы абаттандыру 2025 жылға жоспарлануда. Сонымен бірге аудан тұрғындарын спорт…
Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 21 жоба оның ішінде, 20 жобаның 18-і балалар алаңшасы және 2 спрот алаңшасы салынып пайдалануға берілді. Жалпы қаралған қаржы – 491,2 млн.тг. Сонымен бірге, жоба құны – 76,1 млн.теңгені құрайтын халық қатысатын бюджет жобасы аясында 1 гүлзар Жиделі шағын ауданына салынуда. Сондай-ақ, 22 көшеге 15 шақырым аяқ жол салуға – 200 млн.тг, бөлініп, құрылыс жұмыстары аяқталды. Аудан аумағына 20 қоқыс алаңшасын орнату және орталық көшелерге 363 дана қоқыс жәшіктерін орнатуға – 66,3 млн.тг қаржы қаралып, бүгінгі таңда жұмыстар аяқталған. 9 нысанға ирригациялық жүйелер орнатуға – 443,7 млн.тг. қаржы қаралып, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары…
Биылғы жылы Шымкент қаласы құрылыс басқармасы тарапынан 163,07 млрд. тенгеге 114 жоба немесе 146 нысанның құрылысын салу жоспарланған. Оның ішінде 111 нысанның құрылысы жыл соңына дейін тапсырылатын болады. Қалған 35 нысанның құрылысы 2025 жылға өтпелі. Енді соларды нақтырақ айтар болсақ, 96 көпқабатты тұрғын үйдің 66 тапсырылады, яғни 5046 пәтердің 2 670 пәтері беріледі. Оның кредиттік пәтер -64, арендалық-2 Биылғы жылдың наурыз айында 180 пәтерлі (14,0 мың шаршы метр) 2 тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Ал, 187,8 мың шаршы метр құрайтын 2376 пәтерлі 30 тұрғын үйдің (Ақжайық ш/а-9 үй, Бозарық ш/а – 5 үй, Тұран 23 орам – 16 үй) құрылысы 2025…
