Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Санатталмаған

АППАРАТ ОТЫРЫСЫ: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

authorBy author18 мая, 2026Updated:8 июня, 2026Комментариев нет0 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық кездесуде алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, азаматтарды әскери қызметке шақыру, сондай-ақ, заңсыз салынған нысандарды анықтау және оларға қатысты қабылданған шаралар мәселелері қаралды.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қайрат Қалибековтың айтуынша, бүгінде Шымкент қаласында 58 алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы жұмыс істейді, онда 16,6 мыңнан астам медицина қызметкері қызмет атқарады.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту және жүйені жаңарту аясында 16 мектепте стоматологиялық кабинеттер ашылған, биыл тағы 25 мектепте сондай кабинеттің іске қосылуы жоспарланған. Сондай-ақ, «PACS Systems» ЖИ ақпараттық жүйесі енгізіліп, «PULS-AI» және «Temir» ЖИ жүйелері де қолданысқа енгізілуде.

Сонымен қатар, 2025 жылы 89 медициналық жабдық, 40 арнайы жедел жәрдем көлігі алынған, қосымша 25 санитарлық көлік сатып алынды. Қаладағы №1 және №5 емханалар, Алтын төбе дәрігерлік амбулаториясы күрделі жөндеуден өткен, 250 маман біліктілікті арттыру шараларына қатысты.

Басқарма басшысы тұрғындардың 100% жоспарлы вакцинациядан және скрининг тексерулерінен өткенін хабарлады. Сонымен бірге, жалпы өлім-жітімнің, қан айналымы жүйесі ауруларынан, онкологиялық аурулар және апаттық жағдайлардан болатын өлім-жітімнің төмендегенін мәлімдеді.

ҚР Қорғаныс министрлігі Шымкент қаласы бойынша қорғаныс істері департаментінің басшысы Әбдіғабит Шегебаевтың мәлімдеуінше, биылғы наурыз айынан бастап Қазақстанда азаматтарды әскери қызметке көктемгі шақыру маусымы басталған. Шымкенттен әскери бөлімдерге 2476-дан астам адам жіберу жоспарланып, қазіргі уақытта 651 адам Қарулы күштер қатарына шақырылды.

Сот шешімдері негізінде заңсыз және өз бетімен салынған нысандарды сүру жұмысы жүргізілуде. Мониторинг барысында 106 нысан құрылыс нормаларын бұзып салынғаны анықталып, солардың 56-сына қатысты шаралар қолданылған. Сонымен қатар, 72 құрылыс нысаны тексерілді.

Анықталған бұзушылықтар аясында заңсыз құрылыс, жұмыстың сапасын бұзу және үлескерлік қатысу мәселелері бойынша 61,6 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Сонымен қатар 442 құрылыс ұйымы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, лицензиялары алты айға дейін тоқтатылған. Жыл басынан бері қала бюджетіне 147,6 млн теңге түскен.

Кездесуді қорытындылай келе қала әкімі полиция департаментіне азаматтарды әскерге шақыруға қолдау көрсетуді, сонымен бірге заңсыз салынған нысандарға бақылауды күшейту және үнемі мониторинг жасап, тиісті шаралар қабылдауды қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ

19 июня, 2026

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

19 июня, 2026

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА

19 июня, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.