Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
Санатталмаған

ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ

authorBy author20 мая, 2026Updated:7 июня, 2026Комментариев нет0 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және нашақорлыққа қарсы күресті күшейту бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда. Осыған байланысты қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен Құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мен Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл штабының бірлескен отырысы өтті.

Жиынға құқық қорғау және арнайы органдардың, прокуратураның, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, аудан әкімдері мен басқарма жетекшілері қатысты. Сонымен қатар бейнеконференция байланысы арқылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов пен ведомство өкілдері қосылды.

Кеңестің күн тәртібінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау, интернет-алаяқтықтың алдын алу, меншікке қарсы қылмыстармен күрес, ойын-сауық орындарындағы қауіпсіздік талаптарын күшейту, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және білім беру ұйымдарында есірткі құралдарының таралуына жол бермеу мәселелері қаралды.

Отырыс барысында құқық қорғау органдарының басшылары атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Шымкент қалалық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Мұхтар Қожаев қаладағы криминогендік жағдай тұрақты бақылауда екенін атап өтті. Сонымен бірге интернет-алаяқтық фактілерінің көбеюі, түнгі ойын-сауық орындарындағы құқық бұзушылықтар және жасөспірімдер қауіпсіздігі ерекше назар аударуды қажет ететін бағыттар екенін жеткізді.

Кеңес барысында биылғы жылдың наурыз айынан бастап күшіне енген Қазақстан Республикасының «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» жаңа Заңын іске асыру мәселесі де кеңінен талқыланды. Жаңа заң аясында мемлекеттік органдардың негізгі міндеті тек құқық бұзушылықтарға ден қою емес, олардың туындау себептері мен жағдайларын ерте анықтап, алдын алу жұмыстарын күшейту екені атап өтілді. Бұл бағытта халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мен азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән берілмек.

Жиын қорытындысы бойынша жауапты мекемелерге бірқатар нақты тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, интернет-алаяқтыққа қарсы түсіндіру жұмыстарын күшейту, қоғамдық орындар мен қоғамдық көліктерде ақпараттық материалдарды кеңінен орналастыру, халық көп шоғырланатын орындардағы бейнебақылау жүйелерінің тиімділігін арттыру тапсырылды.

Сонымен қатар ойын-сауық орындарындағы бейнекамераларды Жедел басқару орталығына қосу жұмыстарын жалғастыру, жазғы демалыс кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау қажеттігі айтылды. Әсіресе мектеп бітіру іс-шаралары мен жазғы демалыс уақытында құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстар күшейтілетін болады.

Нашақорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі де кеңестің негізгі тақырыптарының бірі болды. Қатысушылар жастар арасында есірткі заттарының таралуына жол бермеу, білім беру ұйымдарында профилактикалық жұмыстарды күшейту, ата-аналармен және педагогтармен өзара байланысты нығайту мәселелерін талқылады. Мамандардың пікірінше, нашақорлықпен күресте алдын алу және ақпараттық-түсіндіру шаралары шешуші рөл атқарады.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков қоғамдық қауіпсіздік мәселесі мемлекеттік органдардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Ол барлық жауапты құрылымдарға ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтіп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмысты жаңа деңгейге көтеруді тапсырды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитетінің төрағасы Арман Саданов құқық бұзушылықтардың алдын алу саласындағы озық тәжірибелер мен жаңа тәсілдер туралы айтып, өңірлерге әдістемелік қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Жалпы, қабылданған шешімдер мен берілген тапсырмалар қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқық бұзушылықтардың алдын алу тиімділігін арттыруға, жастарды зиянды әдеттерден қорғауға және Шымкент қаласында қауіпсіз әрі қолайлы қоғамдық орта қалыптастыруға бағытталған.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ

19 июня, 2026

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

19 июня, 2026

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА

19 июня, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.