Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ КӨП БАЛАЛЫ АНАНЫҢ МҮМКІНДІГІН АРТТЫРДЫ
Санатталмаған

ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ КӨП БАЛАЛЫ АНАНЫҢ МҮМКІНДІГІН АРТТЫРДЫ

authorBy author21 мая, 2026Updated:7 июня, 2026Комментариев нет0 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Шымкент қаласында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға оң әсерін тигізуде. Әсіресе әлеуметтік осал санаттағы тұрғындарды қолдауға бағытталған қайтарымсыз мемлекеттік гранттар көптеген азаматтардың өз кәсібін ашып, табысын арттыруына мүмкіндік беріп отыр.

Осындай қолдаудың нәтижесінде шымкенттік көпбалалы ана Гүлжан Жандарәлі өзінің кәсіби тәжірибесін табысты бизнес-жобаға айналдырып, қызмет көрсету аясын кеңейте алды. Ол 2025 жылы бизнес-жобасын арнайы комиссия алдында сәтті қорғап, 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз мемлекеттік грант иегері атанды.

Гүлжан Нұрбекқызының негізгі мамандығы – фельдшер. Денсаулық сақтау саласында он жылдан астам еңбек еткен маман соңғы бес жыл бойы балалар массажы бағытында қызмет көрсетіп келеді. Өз тәжірибесінде ерекше күтімді қажет ететін балалармен жұмыс істеп, олардың денсаулығын жақсартуға үлес қосып жүрген кәсіпкер мемлекеттік қолдаудың арқасында қызмет сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік алды.

Грант қаражатына екі заманауи гидро-ванна құрылғысы сатып алынды. Бұл жабдықтар балаларды оңалту үдерісінде кеңінен қолданылады және массаж процедураларының тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Әсіресе тірек-қимыл аппараты бұзылған немесе ерекше күтімді қажет ететін балалар үшін гидротерапия маңызды емдік құралдардың бірі саналады.

Мамандардың айтуынша, гидро-ванна процедуралары қан айналымын жақсартып, бұлшықеттердің босаңсуына ықпал етеді, жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіруге көмектеседі. Осыған байланысты қазіргі таңда мұндай қызмет түріне сұраныс артып келеді.

Мемлекеттік қолдауға дейін Гүлжан Жандарәлі бір айда орта есеппен 30 балаға қызмет көрсетсе, жаңа жабдықтарды іске қосқаннан кейін бұл көрсеткіш 50 балаға дейін артқан. Бұл өз кезегінде кәсіпкердің қызмет көрсету мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, көбірек балаға сапалы оңалту қызметін ұсынуға жол ашты.

Сонымен қатар жоба аясында бір жаңа жұмыс орны құрылып, тұрақты жұмыспен қамту мәселесіне де оң ықпал етті. Бұл мемлекеттік гранттардың тек жеке кәсіпкерлікті дамыту құралы ғана емес, сонымен бірге жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған тиімді әлеуметтік-экономикалық тетік екенін көрсетеді.

Айта кету керек, Шымкент қаласында кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. 2025 жылы арнайы комиссияның шешімімен әлеуметтік санаттағы 431 азаматқа қайтарымсыз мемлекеттік грант берілді. Бұл қолдау шаралары тұрғындардың кәсіпкерлік бастамаларын жүзеге асыруға, өз кәсібін ашуға және табыс көзін қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Биыл да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады. Жоспарға сәйкес, 2026 жылы әлеуметтік санаттағы 400 азаматтың бизнес-жобасына мемлекеттік грант түрінде қолдау көрсету көзделіп отыр. Мұндай бастамалар халықтың әл-ауқатын арттыруға, шағын кәсіпкерлікті дамытуға және жаңа жұмыс орындарын құруға бағытталған маңызды мемлекеттік саясаттың бір бөлігі болып табылады.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ

19 июня, 2026

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

19 июня, 2026

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА

19 июня, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.