Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ МЕН БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ
Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫСЫ МЕН БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛУДЕ

authorBy author25 мая, 2026Updated:7 июня, 2026Комментариев нет0 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру және бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұл мәселелер қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте жан-жақты қаралды.

Білім басқармасының мәліметіне сәйкес, биыл қала бойынша 245 мыңнан астам оқушы жазғы сауықтыру және демалыс шараларымен қамтылады. Әсіресе әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы балаларға ерекше көңіл бөлініп отыр. Аз қамтылған, көп балалы және толық емес отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жеткіншектерге лагерьлерге жолдама беру кезінде басымдық беріледі.

Жазғы маусымда 11 мыңнан астам бала қала сыртындағы лагерьлерде демалады. Осы мақсатта Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы бірнеше сауықтыру орталығы пайдаланылмақ. Сонымен қатар 224 мыңнан астам оқушы мектеп жанындағы алаңдарда және арнайы білім беру жобалары арқылы бос уақытын тиімді өткізеді.

Балалардың жан-жақты дамуына бағытталған жұмыстардың бірі ретінде әкімдік резиденциясының ғимараты №2 Оқушылар сарайының теңгеріміне берілді. Мұнда дарынды балаларға арналған 30 орындық оқу-сауықтыру лагері ашылуда. Жаңа нысан оқу кабинеттерімен, кітапханамен, бассейнмен, медициналық кабинетпен және спорттық инфрақұрылыммен жабдықталған.

Сонымен қатар Түлкібас ауданындағы «Машат-Арасан» лагерін іске қосу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыруға қосымша мүмкіндік береді.

Кеңесте спорт саласындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының нәтижелері де таныстырылды. Қазіргі таңда қалада осы бағытта бес жоба іске асырылып, 130-дан астам жаңа жұмыс орны құрылған. Футбол, жекпе-жек өнері, командалық спорт түрлері және ату спорты бойынша заманауи нысандар тұрғындарға қызмет көрсетуде.

Бүгінде тегін спорт секцияларына 1550-ден астам бала мен жасөспірім қатысып жүр. Олар футбол, бокс, дзюдо, самбо, күрес түрлері, таэквондо, баскетбол, гандбол және басқа да спорт бағыттарымен айналысады. Нәтижесінде бірқатар жас спортшы кәсіби клубтар мен мамандандырылған спорт мектептеріне қабылданып, өз қабілеттерін жоғары деңгейде дамыту мүмкіндігіне ие болды.

Қала әкімдігі алдағы уақытта да балалардың қауіпсіз әрі мазмұнды демалысын ұйымдастыру және бұқаралық спортты дамыту жұмыстарын жалғастырып, жас ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауды басты назарда ұстамақ.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ

19 июня, 2026

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

19 июня, 2026

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА

19 июня, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.