Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА АУҚЫМДЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Санатталмаған

ШЫМКЕНТТЕ ЕКІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДА АУҚЫМДЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

authorBy author26 мая, 2026Updated:6 июня, 2026Комментариев нет8 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Қала тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмекті заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатында бірқатар денсаулық сақтау нысандарында күрделі жөндеу және жаңғырту жобалары іске асырылуда. Соның ішінде қалалық №3 аурухана мен қалалық диагностикалық орталықта ауқымды құрылыс-монтаж және реконструкциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгінде қалалық №3 аурухананың бас ғимаратында күрделі жөндеу жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Жалпы аумағы 2,6 гектарды құрайтын медициналық мекемеде ғимараттың ішкі және сыртқы бөліктері толық жаңартылуда. Жоба аясында есік пен терезелер ауыстырылып, жылу жүйесі, сумен жабдықтау, электрмен қамту және басқа да инженерлік коммуникациялар заманауи талаптарға сәйкес қайта жаңғыртылуда.

Жаңарту жұмыстары аяқталғаннан кейін ғимараттың энергия тиімділігі артып, медициналық қызмет көрсету сапасы жақсарады. Сонымен қатар пациенттер мен медицина қызметкерлері үшін қолайлы әрі қауіпсіз жағдай қалыптасады. Бұл өз кезегінде аурухананың материалдық-техникалық базасын нығайтып, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Аталған жобаның жобалық-сметалық құжаттамасын «Строй-проект-инвентаризация» ЖШС әзірлеген. Жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң қорытынды алған. Құрылыс-монтаж жұмыстарын «НКО» ЖШС жүзеге асыруда. Күрделі жөндеу жұмыстары 2025 жылдың қазан айында басталып, белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп келеді.

Айта кету керек, қалалық №3 аурухана Шымкент қаласының ірі медициналық ұйымдарының бірі саналады. Оның тарихы 1986 жылдан бастау алады. Бұрын бұл мекеме Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам аудандық ауруханасы ретінде жұмыс істеген. 2018 жылы Сайрам тұрғын алабының Шымкент қаласына қосылуына байланысты медициналық ұйым қайта құрылып, қалалық №3 аурухана мәртебесін алды. Қазіргі уақытта мұнда мыңдаған тұрғынға кең ауқымды медициналық қызмет көрсетіледі.

Сонымен қатар қаладағы диагностикалық орталықта да күрделі реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде. Жоба аясында ғимараттың инженерлік жүйелері толықтай жаңартылып жатыр. Атап айтқанда, электрмен жабдықтау, желдету, жылыту және сумен қамту жүйелері заманауи стандарттарға сәйкестендірілуде. Бұл жоғары технологиялық медициналық жабдықтардың үздіксіз әрі қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Реконструкция нәтижесінде диагностикалық орталықта жаңа буындағы медициналық құрылғыларды орналастыруға арналған арнайы кабинеттер ашылады. Сонымен қатар пациенттердің жайлылығы үшін күту залдары кеңейтіліп, қабылдау бөлімдерінің жұмысы жетілдіріледі. Мұның барлығы диагностикалық зерттеулердің сапасын арттырып, нәтижелерді алу мерзімін қысқартуға ықпал етеді.

Қаланың денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту бағытындағы мұндай жобалар халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға, заманауи медициналық технологияларды енгізуге және тұрғындардың денсаулығын қорғау жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған. Алдағы уақытта да Шымкентте медициналық мекемелерді жаңарту және материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасатын болады.

 

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ

19 июня, 2026

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

19 июня, 2026

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА

19 июня, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.