Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «КРЕАТИВ-МАРКЕТ» ЭТНО – ТОҒЫСҚАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢ
Санатталмаған

«КРЕАТИВ-МАРКЕТ» ЭТНО – ТОҒЫСҚАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АЛАҢ

authorBy author27 ноября, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

22-23 қараша күндері «Шымкент творческий центр» алаңында креативті индустрия өкілдері бас қосқан ерекше форматтағы « «креатив-Маркет» этно» іс-шарасы өтті. Бұл екі күндік мәдени-креативті кездесу шығармашылық мамандарды, қолөнер шеберлерін, дизайнерлерді, жастарды және этноөнерге қызығушылық танытқан қала тұрғындарын бір арнаға тоғыстырды.

Іс-шара аясында қонақтар ұлттық құндылықтар мен заманауи өнер бағыттарының үйлесімін тамашалады. Екі күн бойы қатысушылар үшін киіз үй жабдықтары, табиғи киізден жасалған аксессуарлар, зергерлік бұйымдар, ағаш және тері өңдеу, ұлттық кесте, этностильдегі киім үлгілерін даярлау сынды бағыттарда кәсіби шеберлер шеберлік сағаттарын өткізді. Әрбір мастер-класс барысында қатысушылар ұлттық қолөнердің қыр-сырымен танысып қана қоймай, өз қолдарымен шағын бұйымдар дайындап, жаңа дағдыларды тәжірибе жүзінде меңгерді.

Ал сән көрсетілімінде отандық дизайнерлер мен этно-стильдегі киім өндірушілер өздерінің жаңа топтамаларын ұсынды. Ұлттық нақыштағы ою-өрнектерді заманауи үлгіде қайта жаңғыртқан сән көрсетілімі көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырды. Сонымен қатар, алаңда қолөнершілер мен жас шеберлердің шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Онда ұлттық бұйымдар, керамика, заманауи арт-объектілер, шыныдан, табиғи материалдардан жасалған ерекше қолөнер туындылары қойылды.

«Шымкент творческий центр» шығармашылық бағытта білім алып жүрген колледж студенттері үшін де пайдалы болды платформа. Олар хабтың жұмысымен танысып, білікті мамандардан практикалық сабақ алды. Студенттер үшін бұл кездесулер индустриядағы жаңа мүмкіндіктерді танып, өздерінің болашақ кәсіби жолын айқындауға ықпал етті. Көпшілігі алғаш рет креативті индустрияның нақты қалай жұмыс істейтінін, жобалардың қалай жоспарланып, жүзеге асатынын көру мүмкіндігіне ие болды.

«Творческий рынок этно» алаңы тек көрме немесе жәрмеңке ретінде ғана емес, шығармашылық қауымдастықты бір жерге жинап, өзара байланыстарды нығайтатын маңызды орталыққа айналды. Мұнда шеберлер тәжірибе алмасып, жас таланттар жаңа таныстықтар орнатты, ал креативті ұйымдар өз жобаларын таныстырып, жаңа серіктестер тапты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл іс-шараның басты мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу, этномәдени мұраны қолдау, сонымен қатар креативті экономиканың дамуына серпін беру.

Алдағы уақытта «Шымкент творческий центр» өңірдегі жас өнерпаздар мен шығармашылық кәсіпкерлер үшін ашық алаң ретінде тұрақты жұмыс істей бермек. «Творческий рынок этно» сынды жобалар қаланың мәдени өмірін байытып қана қоймай, креативті саланың өркендеуіне жаңа тыныс беретін болады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

17 апреля, 2026

Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде

17 апреля, 2026

Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте

14 апреля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.