Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » АБАЙ АУДАНЫНДА «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ФЛЕШМОБ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Санатталмаған

АБАЙ АУДАНЫНДА «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ 16 КҮН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ФЛЕШМОБ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

authorBy author27 ноября, 2025Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Абай ауданы әкімі аппаратының бастамасымен, сондай-ақ аудандық прокуратура, полиция департаменті, дағдарыс орталығы және отбасы және демографиялық саясат жөніндегі аудандық комиссия мүшелерінің қатысуымен «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы жалғасуда. Әлемдік деңгейде жыл сайын өтетін бұл кампания елімізде де кең көлемде ұйымдастырылып, қоғамда зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселесіне назарды арттыруды көздейді.

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін халықаралық науқанның екінші күнінде қала аумағында кең ауқымды флешмоб ұйымдастырылды. Абай ауданына қарасты Шымсити, Ақжайық, Асар, Бозарық, Көкбұлақ және Шұғыла шағынаудандарының белсенді жасөспірімдері бұл шараға ерекше ықыласпен атсалысты. Жастардың қатысуы акцияның маңызын арттырып, қоғамға зорлықсыз өмір салты туралы оң месседж жеткізді.

Акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары мен үкіметтік емес ұйымдардың күшін біріктіре отырып, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, аналар мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осы бағытта қабылданып жатқан шаралар туралы халықтың хабардарлығын арттыру. Сонымен қатар, қоғамдағы құқықбұзушылықтың алдын алу, отбасылық құндылықтарды дәріптеу, жастар арасында құқықтық мәдениетті күшейту де басты міндеттердің қатарында.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбандары көбіне моральдық қысым мен қоғамдық пікірден жасқанып, құқық қорғау органдарына жүгінуге батылдық таныта алмайды. Осы себепті акция барысында тұрғындармен ашық форматта кездесулер өткізіліп, әйелдердің құқықтық сауаттылығын көтеру, зорлық-зомбылық түрлері, оның белгілері мен себептері жөнінде жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Арнайы психологтар мен әлеуметтік қызметкерлер әйелдер үшін қолжетімді көмек түрлері, дағдарыс орталықтарына жүгіну жолдары жөнінде кеңестер берді.

Бұған қоса, флешмоб барысында жастар арасында зорлықсыз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру, бір-біріне құрмет көрсету, жанжалдарды бейбіт жолмен шешу сияқты құндылықтарды насихаттайтын ақпараттық материалдар таратылды. Ұйымдастырушылар мұндай шаралар тек ақпарат беріп қана қоймай, қоғамда белсенді өмірлік ұстаным қалыптастыруға үлес қосатынын атап өтті.

Айта кетейік, профилактикалық іс-шаралар акция кезеңімен шектелмейді. Абай ауданында жыл бойы әйелдер мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында жүйелі жұмыс жүргізіледі. Мамандар алдағы уақытта да құқықтық оқыту, психологиялық қолдау көрсету және әлеуметтік қорғау тетіктерін күшейтуге ниетті. Осы бағыттағы жұмыстардың барлығы қоғамда зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік қалыптастыруға, жастарды адамгершілікке баулуға және әр отбасының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ

19 июня, 2026

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

19 июня, 2026

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА

19 июня, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.