Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ҚАЛАДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ АЯСЫНДА 2025 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА 60 ЖАҢА АВТОБУСТАР МЕН ТРОЛЛЕЙБУС ПАРКІНЕ ҚОСЫЛДЫ
Санатталмаған

ҚАЛАДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮЙЕСІН ДАМЫТУ АЯСЫНДА 2025 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА 60 ЖАҢА АВТОБУСТАР МЕН ТРОЛЛЕЙБУС ПАРКІНЕ ҚОСЫЛДЫ

authorBy author26 ноября, 2025Updated:30 ноября, 2025Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

 

Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымы 2025 жылдың 9 айында айтарлықтай жетілді. Қаланың көлік жүйесі тұрақтылық пен тиімділікті сақтау мақсатында әртүрлі бағытта дамытылды. 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында қаладағы қоғамдық көліктің жолаушылар тасымалы 45 млн адамға жетті, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12% өсуін көрсетеді. Жол-көлік инфрақұрылымын жаңғырту шаралары қаладағы жол қозғалысын реттеп, кептелістерді азайтуға мүмкіндік берді.

Қалада қоғамдық көлік жүйесін дамыту аясында 2025 жылдың 9 айында 60 жаңа автобустар мен троллейбус паркіне қосылды. Жаңа көліктер экологиялық таза, газбен немесе электр қуатымен жұмыс істейтін үлгілерден тұрады, бұл қаладағы ауа сапасын жақсартуға септігін тигізді. Қоғамдық көліктің тариф саясаты тұрақты болып, жолаушыларға қолжетімді деңгейде сақталды. Сонымен қатар, шағын маршруттық такси қызметтерін оңтайландыру жүргізілді, олардың қозғалысы GPS арқылы бақыланады, бұл жол қозғалысының қауіпсіздігі мен уақытылы қызмет көрсетуін қамтамасыз етеді.

Жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында биыл қала аумағында 25 шақырым жаңа жол жөнделіп, 15 шақырым жол қайта құрылды. 10 жаңа көпір мен жол қиылыстарында реконструкция жұмыстары жүргізілді. Жобалар қаладағы көлік ағынын жеңілдетіп, жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, велосипед жолдары мен жаяу жүргіншілер жолдарын кеңейту жұмыстары да жүзеге асырылды, бұл қала тұрғындарына альтернативті көлікті пайдалануға мүмкіндік береді.

Қалада жүк тасымалы инфрақұрылымы да назардан тыс қалмады. 2025 жылдың 9 айында өнеркәсіптік және логистикалық компаниялар үшін 3 жаңа қойма мен көлік терминалы пайдалануға берілді. Бұл Шымкенттің транзиттік әлеуетін арттырып, логистикалық қызметтердің сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Цифрлық технологиялар енгізу бағытында, көлік қозғалысын басқару орталығы арқылы 120 жол қиылысы онлайн режимде бақыланып отыр. Жол-көлік камералары мен сенсорлық жүйелер арқылы жолдағы қозғалыс ағыны тиімді мониторингтеліп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу шаралары жүргізіледі. Сонымен қатар, мобильді қосымшалар арқылы жолаушылар маршруттарды алдын ала жоспарлап, көліктегі нақты уақыттағы ақпаратқа қол жеткізе алады.

Көлік саласында кадрлық әлеуетті арттыруға да көңіл бөлінді. 2025 жылдың 9 айында 150 инженер мен жол қозғалысы мамандары қосымша оқытудан өтті, бұл қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Қаладағы көлік инфрақұрылымын дамыту жобаларына 35 млрд теңге бөлініп, бюджет жоспарларының 95% орындалды.

Транспорт және көлік инфрақұрылымы басқармасы 2025 жылдың 9 айында жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізіп, қаланың көлік желісін жаңғырту мен дамыту бойынша маңызды қадамдар жасады. Қаладағы инфрақұрылымның тиімділігін арттыру, жол қозғалысын жеңілдету, жолаушылар мен жүк тасымалының сапасын қамтамасыз ету бағытында алдағы уақытта да жұмыстар жалғасын табатын болады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

17 апреля, 2026

Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде

17 апреля, 2026

Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте

14 апреля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.