Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Санатталмаған

АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІС: ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

authorBy author17 ноября, 2025Updated:24 ноября, 2025Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Шымкент қаласында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Жиын барысында қала әкімдігіне қарасты басқармалар мен бөлімдердің 2025 жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамудың қорытындылары тыңдалды, жыл соңына дейін жоспарланған көрсеткіштердің орындалу болжамы қаралды. Сонымен қатар, тұрғындарды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне тарту бойынша атқарылған жұмыстар, цифрлық жобалар мен digital-шешімдерді жүзеге асыру нәтижелері талқыланды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараевтың айтуынша, Шымкент қаласының дамуы тұрақты динамикада. 10 айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық өсім 14,8%-ды құрады. Оның ішінде сауда саласы +24,6%, өндіріс +14,57%, құрылыс +7%, инвестициялар +4,7%, тұрғын үйлерді пайдалануға беру +0,4% көрсеткен. Жыл соңына дейін өндіріс, құрылыс, инвестиция және ауыл шаруашылығы саласындағы көрсеткіштердің әрі қарай өсуі күтілуде.

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қайрат Қалыбековтің баяндамасында қала аумағында амбулаториялық медициналық қызмет көрсететін 59 мекеме бар екені айтылды: олардың 14-еуі мемлекеттік, 45-і жекеменшік ұйымдар. Барлық медициналық ұйымдарда 1 276 000 тұрғын тіркелген, оның ішінде 1 миллионнан астам қала тұрғыны МӘМС жүйесіне қосылған. Жыл басынан бері филиал медициналық ұйымдармен келісімшарттар жасады, барлық мекемеге қаржы толық көлемде аударылып, берешек жоқ.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалы директоры Сәуле Дүйсенбаева тұрғындардың сақтандырылу статусын тұрақты түрде мониторингтеу жүргізілетінін атап өтті. Сонымен қатар, емханаларда, мектептерде, әлеуметтік мекемелерде, базарларда және өндіріс орындарында түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Ондағы басты мақсат – қала тұрғындарының медициналық қызметке қолжетімділігін қамтамасыз ету және халыққа қажетті ақпаратты жеткізу.

Мәжіліс барысында әкім тарапынан цифрлық технологияларды енгізу арқылы қала басқару жүйесін жетілдіру, электрондық қызметтерді кеңейту, тұрғындардың өтініштерін онлайн жүйеде қабылдау және өңдеу мәселелері де қаралды. Жиынға қатысушылардың барлығы қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын қолдайтын және тұрғындардың әл-ауқатын арттыратын нақты іс-шараларды белгіледі.

Сондай-ақ, мәжілісте МӘМС жүйесін кеңейту бойынша жыл соңына дейін жоспарланған шаралар туралы нақты тапсырмалар берілді. Тұрғындарды сақтандыруға тарту бағытында мобильді топтар, қоғамдық ақпараттық науқандар және түсіндіру сессиялары ұйымдастырылады. Бұл шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және медициналық көмекке қолжетімділікті барынша қамтамасыз етуге бағытталған.

Аппараттық мәжіліс қорытындысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков барлық басқарма басшыларына әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін бақылауды күшейту, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту және медициналық қызметтерге қолжетімділікті арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді. Әрбір бөлім мен басқарма жыл соңына дейін өз міндеттерін орындауға толық жауапкершілік алуға тиіс.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ

19 июня, 2026

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

19 июня, 2026

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА

19 июня, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.