Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Мектептен ғылымға: Шымкент оқушыларының инновациялық бастамалары
Санатталмаған

Мектептен ғылымға: Шымкент оқушыларының инновациялық бастамалары

authorBy author18 ноября, 2025Updated:24 ноября, 2025Комментариев нет5 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында білім беру саласындағы ғылыми жобалар конкурсы биыл ерекше белсенділікпен өтті іс-шара. Қаланың шалғай аудандарынан бастап орталық мектептеріне дейінгі 180 мектептен 2600-ден астам жұмыс келіп түсті. Антиплагиат сүзгісінен өткен 1200 жоба негізгі кезеңге өткізілді. Қатысушылардың ізденіс деңгейі мен жобалардың сапасы конкурстың маңыздылығын арттырды деп ойлаймыз.

Білім басқармасы конкурстың мақсаты — дарынды балаларды анықтап, олардың ғылыми қызығушылығын арттыру және шығармашылық әлеуетін дамыту екенін жеткізді. 8-11 сынып оқушылары үш күн бойы жобаларын қорғады. Алғашқы күні 470, екінші күні 430, финалдық күні 300 жоба қорғалды. Жобаларды әділ бағалау үшін жоғары оқу орындарының оқытушылары мен тәжірибелі педагогтерден құралған қазылар алқасы жұмыс жасады.

Ғылыми жұмыстар арасында экология, биология және энергетика саласына жасанды интеллектіні енгізуге бағытталған жобалар көп болды. Мысалы, ауыз су тазарту, суды қайта өңдеу, жел энергиясын сақтау және микробтық отын элементтерін әзірлеу сынды күрделі мәселелер оқушылар тарапынан инновациялық тұрғыдан қаралды.

Конкурстың ең қызықты жобаларының бірі — табиғи стероид жасау. «Дарын» мектебінің 11-сынып оқушысы Нұрәділ Сабденов синтетикалық стероидтардың зиянды әсерін азайту мақсатында өсімдік экстрактілері арқылы қауіпсіз нұсқа ұсынды. Зерттеу Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ зертханасында химиялық талдаулардан, №2 Оқушылар сарайында тәжірибелік сынақтардан және қалалық фитнес орталығында физикалық бақылаулардан өтті. Тышқандарға жасалған сынақ сәтті өткен соң, адамға қолдану дәрігерлер бақылауымен жүзеге асырылды.

Жобаның ерекшелігі — табиғи құрам, ғылыми дәлдік, бірнеше мекеменің тәжірибесін біріктіру. Нұрәділ бұл зерттеуді әрі қарай іргелі ғылыми деңгейде дамытуға ниетті. Егер қолдау тапса, болашақта фитнес индустриясына енгізу мүмкіндігі жоғары өнімге айналады.

Шымкенттегі конкурс оқушыларға ғылыми ойлау қабілетін дамытуға, өз жобаларын практикаға енгізуге мүмкіндік беріп отыр. Мұндай тәжірибе олардың шығармашылық және кәсіби дамуына жол ашып, мектептен ғылымға апаратын көпірге айналды. Қалалық және республикалық деңгейдегі байқаулар оқушылардың жаңа инновациялық идеяларын қоғам өміріне енгізу үшін үлкен мүмкіндік береді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

17 апреля, 2026

Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде

17 апреля, 2026

Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте

14 апреля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.