Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Шымкенттегі жас дарындар: ғылыми жобалар арқылы жаңа мүмкіндіктер
Санатталмаған

Шымкенттегі жас дарындар: ғылыми жобалар арқылы жаңа мүмкіндіктер

authorBy author18 ноября, 2025Updated:24 ноября, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында жалпы білім беретін мектептер оқушылары арасында ұйымдастырылған ғылыми жобалар конкурсы ерекше ауқым алды. Үш күнге созылған іс-шараға қаладағы 180 мектептен 2600-ден астам жоба түссе, олардың 1200-і антиплагиат сүзгісінен өтіп, негізгі кезеңге жіберілді. Қатысушылардың көптігі мен жобалардың ғылыми деңгейі биылғы конкурстың мәртебесін арттырды.

Білім басқармасының әдістемелік орталығының өкілі Үміт Бердімұратова оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, ғылымға қызығушылықтарын арттыру мақсатында ұйымдастырылғанын атап өтті. Конкурс 8-11 сынып оқушыларын қамтып, үш күн бойы жалғасып, әр кезеңде 470, 430, 300 жоба қорғалды. Қазылар алқасы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен тәжірибелі педагогтардан құралған. Олар жобаларды әділ әрі объективті бағалап, үздік жұмыстар республикалық деңгейге жолданады.

Ғылыми жобалардың ішінде жасанды интеллектіні экология, биология және энергетика салаларында қолдануға бағытталған жұмыстар көп болды іс шарада. Оқушылар ауыз суды тазарту, жел энергиясын сақтау, микробтық отын элементтерін жасау және суды қайта өңдеуді автоматтандыру жолдарын ұсынды. Мұндай жұмыстар мектеп оқушыларының ғылыми ой-өрісінің биік деңгейге жеткенін көрсетеді.

Конкурста ерекше назар аударған жобалардың бірі — фитнес индустриясына арналған табиғи стероид жасау. «Дарын» мектебінің 11-сынып оқушысы Нұрәділ Сабденов синтетикалық стероидтар зиянын азайтып, табиғи өсімдіктер экстракты арқылы қауіпсіз өнім алуды зерттеді. Жоба үш ғылыми мекемеде жүргізіліп, химиялық, физикалық және тәжірибелік бақылаулардан өтті. Тышқандарға жасалған сынақ сәтті өткен соң, адамға қолдану дәрігерлердің бақылауымен жүргізілді.

Жобаның артықшылығы — табиғилығы, қауіпсіздігі және бірнеше мекеменің тәжірибесін қолдануы. Нұрәділ бұл зерттеуді ары қарай іргелі ғылыми зерттеулермен дамытуға ниетті. Болашақта оның өнімін фитнес индустриясына енгізу мүмкіндігі жоғары деп ойлаймыз.

Шымкенттегі бұл конкурс дарынды оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін шыңдап, практикалық жобалар арқылы өмірге жаңа жетістіктер әкелуіне жол ашып отыр. Жоба жоғары оқу орындарының зертханаларында жалғасын тауып, ғылыми нәтижелерге айналуы мүмкін, бұл ел дамуына жаңа серпіліс әкеледі деген үлкен үміт бар.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

17 апреля, 2026

Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде

17 апреля, 2026

Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте

14 апреля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.