Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » “Үздік” – білім мен тәрбие жолындағы тағылымды туынды
Санатталмаған

“Үздік” – білім мен тәрбие жолындағы тағылымды туынды

authorBy author19 ноября, 2025Updated:24 ноября, 2025Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Еңбек сіңірген ұстазы Күләш Ноғатайқызы Шәмшидинованың “Үздік” атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ақпараттық-танымдық мәні зор бұл жиынға “Өрлеу” БАҰО” Шымкент қаласы бойынша кәсіби даму институтының өкілдері, Шымкент қаласы Білім басқармасы жанындағы Ардагерлер кеңесі, мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, білім басқармасы мен Әдістемелік орталық жетекшілері, сондай-ақ қаладағы жалпы білім беру ұйымдарының басшылары, ата-аналар қауымы, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің директорлары, Республикалық «Дарын» мектеп-лицейінің ұстаздары мен ата-аналары қатысты.

Күләш Ноғатайқызының “Үздік” еңбегі – жас ұрпақты жан-жақты дамыту, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу, мұғалім мен ата-ананың бала тәрбиесіндегі ортақ жауапкершілігін күшейтуге бағытталған тағылымды туынды. Кітапта «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары терең талданып, альфа ұрпақпен жұмыс жүргізудің заманауи әдістемелік қағидаттары кеңінен қамтылған. Сонымен бірге автор білім беру жүйесіндегі жаңашылдық, құндылыққа бағытталған оқыту, оқушының тұлғалық дамуын қолдау мәселелеріне ерекше назар аударған.

Салтанатты рәсім барысында қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек құттықтау сөз сөйлеп, автордың педагогика саласындағы көп жылдық еңбегін жоғары бағалады.

— Күләш Ноғатайқызы – саналы ғұмырын ағартушылыққа арнап, қазақ білімінің дамуына өлшеусіз үлес қосқан бірегей тұлға. Оның қай бастамасы да – ел болашағы үшін жасалған жүйелі еңбек, сарқылмас ізденіс. “Үздік” кітабы – ұстаздық жолдағы бай тәжірибесі мен парасатының нәтижесі. Бұл еңбек педагогтерге де, ата-аналарға да, жас буынға да бағыт-бағдар беретін құнды мұра, — деді Сәрсен Құранбек.

Жиын барысында кітаптың мазмұны мен идеясын ашатын арнайы бейне-презентация көрсетіліп, қатысушыларға автордың шығармашылық үдерісі мен кітапты жазудағы мақсат-міндеттері таныстырылды. Өз кезегінде Күләш Ноғатайқызы жиналған көпшілікке алғыс айтып, еңбектің әр тарауы бүгінгі қоғамның тәрбиелік сұраныстарына сай дайындалғанын атап өтті.

Іс-шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандарға жаңа туындымен танысуға мүмкіндік берілді. Қонақтар автордан қолтаңба алып, еркін пікір алмасу алаңында сұрақтарын қойып, кітаптағы негізгі бағыттар жөнінде өз ойларымен бөлісті. Көпшілік “Үздік” кітабының мазмұны ұстаздар қауымы үшін әдістемелік құрал ретінде, ата-аналар үшін тәрбие бағытындағы маңызды көмекші ретінде үлкен сұранысқа ие болатынын атап өтті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Күләш Ноғатайқызының жаңа еңбегі – ұлттық тәрбие мен қазіргі заман педагогикасының өзара сабақтастығын көрсететін іргелі жұмыс. Бұл кітаптың жарық көруі – жас ұрпақ тәрбиесіне жанашыр әрбір азамат үшін қуанышты оқиға және еліміздің білім беру саласындағы құнды рухани олжа.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ

19 июня, 2026

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

19 июня, 2026

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА

19 июня, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.