Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «MIRAS» халықаралық форумында ұлттық киімдер дефилесі өтті
Санатталмаған

«MIRAS» халықаралық форумында ұлттық киімдер дефилесі өтті

authorBy author21 ноября, 2025Updated:24 ноября, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында өткен халықаралық «MIRAS» түркі сәндік этнодизайнерлер форумы өз жалғасын Көрме орталығында ұйымдастырылған ерекше сән көрсетілімімен тапты. Форум шеңберінде Түркия, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан секілді бауырлас елдерден келген шеберлер, сондай-ақ Қазақстанның Алматы, Астана, Қызылорда қалаларындағы сән үйлері өздерінің жаңа этно-стильдегі топтамаларын көпшілік назарына ұсынды. Жалпы саны 10-ға жуық дизайнерлік үй заманауи стиль мен ұлттық нақышты үйлестіре отырып тігілген брендтік өнімдерін ұсынды.

Сән көрсетілімінде ұсынылған топтамалардың барлығы бірнеше аталым бойынша бағаланды. Қатысушылар күнделікті жұмысқа арналған, ресми кездесулерге жарамды, сондай-ақ кешкілік салтанатты шараларға лайықталған ұлттық киімдердің жаңаша үлгісін көрсетті. Көрермен қауым әсіресе әр елдің ұлттық болмысын сақтай отырып, оны қазіргі трендтерге икемдеген дизайнерлердің жұмыстарын жылы қабылдады. Түркиялық дизайнерлердің нәзік өрнектерге құрылған жібек топтамалары, қырғыз этностиліндегі киіз бен өрнектің үйлесімі, әзербайжандық алтын жіптен кестеленген ұлттық көйлектер көрерменнің көңілінен шықты.

Көрсетілім барысында ерекше көзге түскен жұмыс — Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің дизайн және технологиялар білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистры, Мәдениет саласының үздігі Айдана Әлайдарованың «Алшы асық» коллекциясы болды. Оның айтуынша, топтамада жеті бірегей дизайнерлік киім қамтылған. Ең басты ерекшелік – қазақтың қасиетті ойын асығын киімнің басты элементі ретінде қолдану. Асық түйме орнына әшекей ретінде пайдаланылып, ұлттық мәнерге терең мазмұн берген.

– «Қазақта “Асығың алшысынан түссін” деген жақсы бата бар. Бұл – сәттілік, жеңіс және жолдың ашық болуын білдіретін символ. Сол мағынаны негізге ала отырып, қазақ қыздарының жолы әрдайым ашық болсын деген ниетпен асық элементтерін киімдерге үйлестіріп енгіздім», – деді дизайнер Айдана Әлайдарова.

Форум аясындағы іс-шара бүгінгі сән индустриясында ұлттық киімдердің тек мерекелік не салтанатты жағдайда ғана емес, күнделікті өмірде де қолдануға болатынын дәлелдей түсті. Заманауи крой, ыңғайлы мата, ұлттық ою-өрнек пен этноэлементтердің үйлесімі сән көрсетілімінің басты бағыты болды. Көрермендер мен қонақтар дизайнерлердің тың идеяларына жоғары баға берді.

Форум екі күнге жоспарланған және ол түрлі форматтағы іс-шаралармен жалғасын табатын болады. Ертең, 22 қараша күні «Қызғалдақ» сарайында қолөнер шеберлері, этнодизайнерлер мен жас өнерпаздар арнайы шеберлік сағаттарын өткізеді. Онда қатысушылар ұлттық әшекей жасау, кестелеу, тері өңдеу, жүннен бұйым әзірлеу сияқты дәстүрлі технологиялармен таныса алады. Сонымен қатар, көрме-жәрмеңке ұйымдастырылып, келушілерге сәндік бұйымдар мен ұлттық киімдерді сатып алуға мүмкіндік беріледі. Көрме алаңында шеберлер өз жұмыстарын тікелей көрсетіп, қонақтармен тәжірибе бөліседі.

Форумның маңызды мақсаты – түркі әлемінің ортақ мәдени мұрасын жаңғырту, этнодизайн саласындағы ынтымақтастықты арттыру және жас мамандарға шабыт беру. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «MIRAS» форумы жыл сайын кеңейіп, түркі елдерінің мәдени байланысын нығайтуға өз үлесін қоса береді.

Іс-шара соңында форум қорытындысы түркі мәдениетінің амбассадоры саналатын «TURAN» ансамблінің арнайы концерттік бағдарламасымен түйінделмек. Көрермендер этностильде орындалатын музыкалық нөмірлерді тыңдап, түркі халықтарының бай рухани мұрасын сезіне алады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ

11 февраля, 2026

СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ

11 февраля, 2026

ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

11 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.