Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » БҰҰ ЕЛДІК ТОБЫ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Санатталмаған

БҰҰ ЕЛДІК ТОБЫ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

authorBy author23 ноября, 2025Updated:24 ноября, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі БҰҰ Қазақстандағы елдік тобының мүшелерін ерекше форматта қарсы алды. Халықаралық ұйым өкілдерінің мақсаты – жас буынның көзқарасын тыңдап, олардың әлеуметтік жобаларымен танысып, тұрақты даму бағыты бойынша ынтымақтастықты тереңдету болды.

Бүгінде Шымкенттегі НЗМ базасында Y-PEER еріктілер клубы табысты жұмыс істеп келеді. БҰҰ қолдауымен құрылған бұл алаңда оқушылар әр апта сайын бас қосып, өз жобаларын талқылап, гендерлік теңдік, жастар денсаулығы, экология, қоғамдағы өзекті мәселелер сияқты тақырыптарда пікір алмасады. Клубқа тек зияткерлік мектептің шәкірттері ғана емес, қаладағы өзге мектептердің оқушылары да қатысып, бірлескен бастамаларды жүзеге асырып жүр.

Кездесу барысында БҰҰ өкілдері мектеп өмірімен, Y-PEER клубының құрылымы және оның жобаларымен жан-жақты танысты. Оқушылар халықаралық ұйым мамандарына өздері көтеріп жүрген әлеуметтік бастамаларды, қала жастары үшін маңызды бағыттарды таныстырып, пікір алмасты. Балалардың әлеуметтік белсенділігі мен зерттеу жұмыстарына қызығушылығы БҰҰ мүшелерінің жоғары бағасына ие болды.

Сондай-ақ, жиында БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттары, олардың Қазақстандағы орындалу деңгейі және білім беру саласындағы маңыздылығы талқыланды. Сарапшылар жастардың ерте кезеңнен қоғамдық белсенділікке араласуы инклюзивті әрі орнықты қоғам құрудың негізгі алғышарты екенін атап өтті.

Бұл кездесу Шымкент қаласында алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Іс-шараның тағы бір маңызды қыры – білім беру ұйымдары мен халықаралық институттар арасындағы стратегиялық әріптестікті кеңейту. БҰҰ елдік тобы Шымкентте алғаш рет бас қосып, 2026–2030 жылдарға арналған Ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасының жаңа басымдықтарын талқылаған болатын.

Жиында ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов сөз алып, Қазақстанның ұлттық мақсаттары мен халықаралық ұйымдармен әріптестіктегі басымдықтарын атап өтті. Ол цифрландыру, жасанды интеллекттің дамуы, азық-түлік қауіпсіздігі және жақында Алматыда құрылған БҰҰ өңірлік орталығының рөлі туралы айтып өтті. Бұл қадамдар елдің жаһандық процестерге белсенді түрде араласуына ықпал ететінін жеткізді.

Іс-шараның қорытындысы ретінде тараптар жастарды қолдауға бағытталған жаңа идеялар мен бірлескен жобаларды дамытуға ниетті екенін білдірді. Кездесу жас буынның халықаралық деңгейдегі диалогқа қосылуы және олардың бастамаларының ресми деңгейде естілуі үшін айтарлықтай маңызды қадам болды.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

17 апреля, 2026

Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде

17 апреля, 2026

Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте

14 апреля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.