Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Шымкентте Франция Республикасының құрметті консулдығы ашылды
Санатталмаған

Шымкентте Франция Республикасының құрметті консулдығы ашылды

authorBy author23 ноября, 2025Updated:29 ноября, 2025Комментариев нет7 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
Шымкент қаласында Франция Республикасының Құрметті консулдығының ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл — қала экономикасы, халықаралық байланыс және мәдени-гуманитарлық әріптестік үшін маңызды қадам. Іс-шараға кәсіпкерлер қауымдастығы мен бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.
Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасының директоры Сабира Адамбекова консулдықтың ашылуы өңір үшін стратегиялық маңызы бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, Франциямен мәдениет, әдебиет, туризм және бизнес бағыттарындағы бірлескен жобалар бұрыннан бар және жаңа консулдық сол байланыстарды одан әрі күшейтеді.
— Бұл — Шымкент үшін өте маңызды оқиға. Франциядан ірі брендтердің, танымал компаниялардың біздің қалаға қызығушылық танытуы — жаңа мүмкіндіктердің бастамасы. Француз кәсіпкерлері Шымкентте бизнес ашуға дайын екенін жеткізіп отыр. Бұл — өңір экономикасына оң әсер ететін үлкен қадам», — деді ол.
Салтанатты шара барысында Франция Республикасының Құрметті консулы болып тағайындалған Игорь Игорьевич өңірдің даму қарқынына жоғары баға беріп, екіжақты байланысты кеңейту бағытындағы жоспарларымен бөлісті. Консулдың айтуынша, Шымкент пен Түркістан облысы — Франция үшін серіктестік құруға өте қолайлы аймақтар.
— Біз бұл күнді ұзақ күттік. Шымкент — қарқынды дамып келе жатқан әрі үлкен әлеуеті бар қала. Түркістан облысы да дәл солай. Біздің басты мақсатымыз — Франция мен өңір арасындағы екіжақты қатынастарды дамыту. Осы мақсатта Франция елшілігі мен Шымкент әкімдігі арасында “Жол картасы” бекітілді. Онда мәдениет, білім беру, инвестиция тарту және экономикалық мүмкіндіктерді арттыру бағытында бірнеше жобалар қамтылған. Алдағы уақытта дәл осындай “Жол картасын” Түркістан облысымен де қабылдаймыз. Біз осы жобаларды жүзеге асыру үшін бар күшімізді саламыз», — деді Игорь Игорьевич.
Француз тарапы Шымкентке ерекше қызығушылық танытып отыр. Қалаға әлемге әйгілі бірқатар брендтерді әкелу, жаңа бизнес бағыттарын дамыту жөнінде ұсыныстар түскен. Бұл — өңір тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары, заманауи технологиялар және халықаралық стандарттарға сай жаңа жобалардың іске асуына мүмкіндік береді. Бұл қадам алдағы жылдары екіжақты байланыстардың нығаюына, жаңа мүмкіндіктердің қалыптасуына және Шымкенттің халықаралық аренадағы беделінің артуына ықпал етеді.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

17 апреля, 2026

Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде

17 апреля, 2026

Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте

14 апреля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.