Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «ШЫМКЕНТТІҢ НӘЗІК КҮШІ: ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚОҒАМДЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТІП ЖАТЫР»
Санатталмаған

«ШЫМКЕНТТІҢ НӘЗІК КҮШІ: ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ҚОҒАМДЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТІП ЖАТЫР»

authorBy author17 октября, 2025Updated:28 октября, 2025Комментариев нет3 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында өткен Іскер әйелдер кеңесінің 10 жылдығына арналған «Әйел кәсіпкерлердің үшінші өңірлік бизнес-форумы» – нәзік жандылардың табандылығын, еңбекқорлығын және көшбасшылық қасиетін паш еткен айтулы шара болды. Форумға Қазақстанның барлық өңірінен 500-ден астам қатысушы жиналып, тәжірибе алмасты, жаңа серіктестік байланыстар орнатты және кәсіпкерлікті дамыту жолындағы маңызды бастамаларды талқылады.

Форумның басты мақсаты – әйелдердің бизнес әлеуетін арттыру, табысты кәсіпкер әйелдердің тәжірибесін насихаттау және олардың өңір экономикасына қосқан үлесін мойындау болды.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек өз сөзінде:
«Қазақ әйелі – отбасының ұйытқысы ғана емес, елдің экономикалық өркендеуінің де тірегі. Сіздердің жігерлеріңіз бен еңбекқорлықтарыңыз арқылы Шымкент пен тұтас ел дамып келеді», – деді.

Қазіргі таңда қаладағы әр екінші кәсіпкер – әйел. Олар сән индустриясын ғана емес, өндіріс, қызмет көрсету, ауыл шаруашылығы мен білім беру бағыттарын да дамытуда. Форум аясында іскер әйелдерге арналған шеберлік сабақтары, мотивациялық тренингтер, бизнес-коучингтер мен оқыту бағдарламалары ұйымдастырылды.

Көрме аймағында кәсіпкерлер өз қолдарымен жасаған бұйымдарын, ұлттық нақыштағы киім-кешектер мен хош иісті шамдарын таныстырды. Солардың бірі – тоғыз баланың анасы Ұлболсын Тілемісова, ол құрақ көрпе тігіп, өз ісін дөңгелетіп отыр. Мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алып, шағын цех ашқан кәсіпкер бүгінде екі адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.
«Құрақ көрпе – қазақтың қасиетті мұрасы. Осы өнерді сақтай отырып, отбасылық табыс көзіне айналдыра алдым. Грант маған үлкен серпін берді», – дейді Ұлболсын.

Тағы бір жас кәсіпкер Әсел ханым қолдан жасалған хош иісті шамдар мен сәндік бұйымдар шығарып, шағын шеберханасын дамытып келеді. Бүгінде оның өнімдері әлеуметтік желі арқылы кеңінен таралып, тұрақты клиенттік база қалыптасқан.

Сонымен қатар форумда ұлттық нақыштағы киімдер тігумен айналысатын «Тарту» бренді ерекше назарға ілікті. Алуа Заманова мен Рахымжан Алтынбеков негізін қалаған бұл жоба табиғи материалдардан жасалған тақиялар мен киім үлгілерін ұсынып, шетелдік туристердің де қызығушылығын арттырған.
«Біздің мақсат – дәстүр мен заманауи стильді үйлестіру. Табиғи мата мен ұлттық нақыш арқылы өзіміздің брендті қалыптастырдық», – дейді шеберлер.

Форум барысында сөз сөйлеген «ASMAR» Қазақстан кәсіпкер әйелдері қауымдастығының төрайымы Ләззат Рамазанова әйелдердің қоғамдағы орны мен олардың ел дамуына қосып жатқан үлесін ерекше атап өтті.
«Қазақ әйелдері – ізденімпаз, рухы мықты және жауапты тұлғалар. Біз олардың әлеуетін ашу үшін жаңа білім мен тәжірибе алаңдарын ұсынуды жалғастырамыз», – деді ол.

Шымкенттегі форум нәзік жандылардың бірлігі мен еңбегін ұлықтаған маңызды оқиға болды. Бұл жиын әйелдердің тек отбасында емес, қоғамда, бизнесте және саясатта да өз орнын нығайтып келе жатқанын дәлелдеді.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

17 апреля, 2026

Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде

17 апреля, 2026

Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте

14 апреля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.