Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті
  • Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде
  • Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте
  • Шымкентте Мәдениет және өнер университеті құрылып, жаңа Опера және балет театры салынады
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ӨЗБЕКСТАНҒА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН БАРДЫ
  • 27 ШЫМКЕНТТІК ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ
  • Қауіпсіз мектеп: Шымкентте 500 оқушы полиция бастығымен кездесті
  • Безопасная школа: в Шымкенте 500 школьников встретились с главой полиции
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » Энергия үнемдеу мен цифрлық технология – Шымкенттің су жүйесін жаңартудағы жаңа дәуір
Санатталмаған

Энергия үнемдеу мен цифрлық технология – Шымкенттің су жүйесін жаңартудағы жаңа дәуір

authorBy author15 октября, 2025Updated:28 октября, 2025Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласы соңғы жылдары инфрақұрылымдық жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты. Әсіресе су және кәріз жүйелерін жаңарту ісі қала дамуының басым бағытына айналды. Бұл бағыттағы жұмыстар 2021–2025 жылдарға арналған инвестициялық бағдарлама шеңберінде жүзеге асып жатыр. Бағдарламаның басты мақсаты – судың сапасын арттыру, энергия үнемдеу және коммуналдық қызметтердің тиімділігін жоғарылату.

Биылдың өзінде шамамен 110 миллион теңге бөлініп, ондаған нысанда жаңғырту жұмыстары атқарылды. Шанырақ пен Ұлағат шағын аудандарында ескі насос жабдықтары заманауи үлгіге ауыстырылып, судың берілу қуаты артты. Самал-3 және Асар-2 аудандарында горизонталды бағытталған бұрғылау әдісі қолданылып, жаңа су желілері тартылды. Бұл технология жол жабынын бұзбай, құбырларды қауіпсіз әрі тиімді орнатуға мүмкіндік береді.

Бозарық пен Жиделі аудандарында су тарату торабы мен қысым жүйелері жаңартылып, тұрғындарға үздіксіз су жеткізу қамтамасыз етілді. Енді су қысымы тұрақты, сапасы жоғары. Сонымен бірге «Нұрсат» және Қайтпас стансалары өздігінен ағатын жүйеге қосылды. Бұл – энергия тұтынуды азайтып, шығындарды төмендетудің тиімді шешімі.

Кәсіпорын тек техникалық жаңарту жұмыстарымен шектеліп қана қоймай, экологиялық және цифрлық тиімділікке де басымдық беріп отыр. Барлық сорғы стансаларына бейнебақылау орнатылып, орталық басқару жүйесі цифрландырылған. Әрбір стансадағы қысым, су деңгейі және температура автоматты түрде қашықтан бақыланады. Бұл апатты жағдайлардың алдын алу мен жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді.

Табиғи монополияларды реттеу комитетінің өкілдері мен қоғам белсенділері жаңғырту барысын тұрақты қадағалап келеді. Ашықтық пен қоғамдық бақылау принциптерін сақтау арқылы бағдарлама тиімді орындалуда. Сарапшылардың айтуынша, бұл реформаның нәтижесінде су жүйесіндегі апаттар саны жыл сайын азайып, судың ысырабы төмендеген.

«Бұрын электр энергиясына тәуелді жүйелер жиі істен шығатын. Енді өздігінен ағатын стансалар арқылы бұл тәуекел барынша азайды. Энергия үнемдеу деңгейі 20 пайызға артты. Бұл – қаржы үнемдеудің де, экологиялық тұрақтылықтың да кепілі», – дейді кәсіпорын басшысы Бағдат Сырлыбайұлы.

Жаңартылған жүйе тек судың үздіксіз берілуін ғана емес, қаланың болашақ тұрақтылығын да қамтамасыз етеді. Бұл – экологиялық таза, энергия тиімді және заманауи инженерлік шешімдерге негізделген жаңа дәуірдің бастауы.

Шымкент – тек мәдени және экономикалық орталық емес, сонымен қатар жаңа технологияларды тиімді енгізіп, халық игілігіне бағыттай білген қала. Су инфрақұрылымын жаңарту арқылы қала тұрғындарының өмір сапасы артып, мегаполис тұрақты дамудың жаңа кезеңіне өтті.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

Шымкентте «Халықаралық волонтерлер жылы – 2026» аясында жастар кездесуі өтті

17 апреля, 2026

Шымкентте «Жас сақшы» жобасы жаңа деңгейге көтерілуде

17 апреля, 2026

Университет культуры и искусства и новый Театр оперы и балета: два масштабных проекта реализуют в Шымкенте

14 апреля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.