Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » ӨҢІРЛЕРДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Санатталмаған

ӨҢІРЛЕРДІҢ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

authorBy author23 октября, 2025Updated:28 октября, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Бүгін Шымкент қаласында Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты (ҚСЗИ) ұйымдастырған KISI GPS: Gylym. Pikir. Sayasat ұлттық сараптамалық алаңының «Қазақстанның тұрақты өңірлік дамуы: цифрлық, экономикалық және әлеуметтік бағдарлар» тақырыбындағы отырысы өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты — Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған өңірлік саясаттың басым бағыттарын талқылап, оларды тиімді жүзеге асыру тетіктерін қарастыру. Сондай-ақ жиында өңірлердің цифрлық трансформациясы, экономикалық өсімнің тұрақтылығы, әлеуметтік теңгерім мен адами капиталды дамыту мәселелері кеңінен сөз болды.

Кездесуге мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы биліктің, жоғары оқу орындарының, сараптамалық орталықтар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Сарапшылар өңірлердің теңгерімді дамуы үшін ғылыми зерттеулердің, деректерге негізделген саясаттың және қоғаммен кері байланыстың маңыздылығын атап өтті.

Жиын барысында ҚСЗИ директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина, Шымкент қалалық мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің проректоры Ғани Бесбаев, сондай-ақ Кәсіпкерлер палатасының, Қоғамдық кеңестің және өзге де сарапшылардың мазмұнды баяндамалары тыңдалды.

Спикерлер өз сөздерінде өңірлердің тұрақты дамуы үшін жүйелі көзқарастың, цифрлық шешімдерді енгізудің және жергілікті қауымдастықтардың әлеуметтік тұрақтылығын арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Әсіресе, «ақылды қала» технологияларын енгізу, көлік және инфрақұрылым жүйесін жетілдіру, шағын және орта бизнесті қолдау тетіктерін күшейту мәселелеріне назар аударылды.

Қатысушылар өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті азайту, ауылдық аймақтардың дамуын жеделдету, цифрлық басқару жүйесін жетілдіру жөнінде нақты ұсыныстар берді. Сонымен қатар, сарапшылар қоғамның белсенді қатысуы мен жергілікті өзін-өзі басқару тетіктерін нығайту — өңірлік дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ететін басты факторлардың бірі екенін айтты.

Жиын соңында өңірлік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар пакеті әзірленіп, мемлекеттік және қоғамдық институттар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту бағыттары айқындалды. Кездесуге қатысушылар мұндай сараптамалық пікірталастар мемлекеттік шешім қабылдау сапасын арттыруға, өңірлердің дамуына жаңа серпін беруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Шымкент қаласында өткен бұл басқосу еліміздің өңірлік дамуына арналған маңызды диалог алаңы ретінде жоғары бағаланды. Ол ғылыми қауымдастық пен практиктердің өзара ықпалдастығын нығайтып, өңірлік саясаттың жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне негіз қалады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ

19 июня, 2026

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

19 июня, 2026

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА

19 июня, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.