Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ
  • СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ
  • ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
  • КЕЛІП ТҮСКЕН ҰСЫНЫСТАР ЕСКЕРІЛІП, ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫНА ҚОСЫМША НОРМАЛАР ЕНГІЗІЛДІ
  • МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ КЕПІЛІ
  • Шымкент: Автокөлік саласының өкілдері жаңа Конституцияны қолдайды
  • Шымкентте медицина саласы өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдау білдірді
  • Шымкентте этномәдени бірлестік өкілдері жаңа Конституция жобасына қолдау білдірді
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » САЛАУАТТЫ ӨМІРГЕ БАСТАЙТЫН ЖОЛ
Санатталмаған

САЛАУАТТЫ ӨМІРГЕ БАСТАЙТЫН ЖОЛ

authorBy author23 октября, 2025Updated:28 октября, 2025Комментариев нет2 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласында пробация қызметі есебінде тұрған жастар арасында кіші футболдан қызықты әрі маңызды турнир ұйымдастырылды. Бұл іс-шара Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, «Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің бастамасымен «Жаңа өмір» әлеуметтік жобасы шеңберінде өтті.

Жарыстың басты мақсаты – өмірлік қиын жағдайға тап болған жастарды қоғамға бейімдеу, олардың спорт арқылы өз-өзіне деген сенімін арттыру, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік жасау және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау. Спорттық жарыстар тек дене шынықтырудың ғана емес, мінез қалыптастырудың, төзімділік пен мақсаткерлікті дамытудың да маңызды құралы саналады.

Турнирге қаладағы бес ауданнан іріктелген 10 команда қатысып, ойын алаңында шынайы тартыс өрбіді. Турнир басталар алдында төрешілер командаларға ойын ережелерін түсіндіріп, әділ жеребе тарту рәсімін өткізді. Қарсыластар анықталған соң, әр команда жеңіске жету жолында бар күш-жігерін жұмсап, спорттық рух пен ынтымақтың тамаша үлгісін көрсетті. Ойын барысында қатысушылардың белсенділігі мен өзара сыйластығы айқын байқалды.

Жарыстың жабылу салтанатында Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының бөлім басшысы Ақбота Оспан мен Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Нұрлыбек Әлібекұлы сөз сөйлеп, қатысушыларды белсенділіктері үшін алғыс білдіріп, жеңімпаздарға марапаттар табыстады.

Нәтижесінде, табандылық танытып, жоғары ойын мәдениетін көрсеткен «Тұлпар» командасы 3-орынды иеленсе, шеберлігімен ерекшеленген «Әл-Фараби – 1» командасы 2-орынды жеңіп алды. Ал қарсыластарынан басым түсіп, айқын жеңіске жеткен «Тұран» командасы турнирдің бас жүлдесін және 1-орынды еншіледі.

Жеңімпаздарға кубоктар, медальдар, бағалы сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар табысталды. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен дипломдар берілді. Турнир соңында қатысушылар көтеріңкі көңіл-күймен тарасып, өзара достық қарым-қатынасты нығайтты.

– Біздің мақсат – жастардың бойында ерік-жігер мен жауапкершілікті қалыптастыру, спорт арқылы жаңа өмірге сенім ұялату. Осындай жарыстар жасөспірімдердің қоғаммен байланысын нығайтып, оларды дұрыс өмір салтына бейімдейді. Бұл іс-шаралар азаматтардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастырады. Сонымен қатар, мұндай бастамалар жастардың түзелу жолына түсіп, қоғамға қайта бейімделуіне мүмкіндік береді, – деді «Жалын» жастар ұйымының өкілі.

Іс-шара барысында қатысушылар тек спорттық шеберліктерін ғана емес, өзара сыйластық пен ынтымақтың жоғары деңгейін көрсетті. Турнир достық пен бірліктің айқын көрінісіне айналып, қатысушылардың жүрегінде ұмытылмас әсер қалдырды.

Мұндай жобалар жастардың әлеуметке қайта бейімделуіне, өз әлеуетін ашып, қоғамда өз орнын табуына ықпал етеді. Салауатты өмір салтына бет бұру – жаңа өмірге бастайтын сенімді қадам.

«Шымкент келбеті»

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯДА БАРЛЫҚ ӨТПЕЛІ РӘСІМДЕР, МЕРЗІМДЕР МЕН РЕГЛАМЕНТТЕР НАҚТЫ ЖАЗЫЛАДЫ

11 февраля, 2026

СОТ ШЕШІМІНСІЗ БАСПАНАДАН ШЫҒАРУҒА ЖОЛ БЕРМЕУДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯСЫНДА БЕКІТУ ҰСЫНЫЛДЫ

11 февраля, 2026

ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖҰМЫС ПЕН ТАЛҚЫЛАУДЫҢ КЕҢДІГІ ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ ЖОБАСЫН БҮКІЛХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМҒА ШЫҒАРУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

11 февраля, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.