Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » АБАЙ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТОЛЫҚ ЖАҢАРЫП КЕЛЕДІ
Санатталмаған

АБАЙ АУДАНЫНДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТОЛЫҚ ЖАҢАРЫП КЕЛЕДІ

authorBy author19 сентября, 2025Updated:27 сентября, 2025Комментариев нет6 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email

Шымкент қаласындағы Абай ауданы соңғы жылдары қарқынды дамып, тұрғындарға қолайлы өмір сүру жағдайын жасау бағытында кешенді жұмыстар атқарылып келеді. Бүгін өткен брифингте аудан әкімі Сұлтанхан Шәкір 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп беріп, негізгі жетістіктер мен алдағы жоспарларды жариялады.

Әкімнің айтуынша, аудандағы ең үлкен жетістік – ауыз су мен электр энергиясымен қамту көрсеткіші толықтай 100 пайызға жеткені. Бұл көрсеткіш аудан тұрғындарының тұрмыстық жағдайын едәуір жақсартуға, жаңа тұрғын үй алаптарын дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар биыл табиғи газбен қамту жұмыстары да толық аяқталып отыр.

– Ақпан айында «Ынтымақ-2» шағынауданы мен «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын алабы газ желісіне қосылып, аудан халқы толығымен көгілдір отынға қол жеткізді. Бұл – тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстың нәтижесі, – деді аудан әкімі.

Жол инфрақұрылымын дамыту да ерекше қарқын алған. Бүгінде жалпы ұзындығы 1080 шақырым болатын 1274 көшенің 66 пайызына асфальт төселген. Жыл соңына дейін барлық тас жолдарға асфальт төсеп, көрсеткішті 100 пайызға жеткізу жоспарлануда. Бұл тұрғындардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын қамтамасыз етеді.

Көшелерді жарықтандыру саласында да айтарлықтай өзгерістер бар. Егер өткен жылы бар болғаны 193 көше жарықтандырылса, биыл бұл көрсеткіш 954 көшеге дейін өскен. «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 2 млрд теңгеге жуық қаржы бөлініп, оның есебінен 16 ойын алаңы, 3 спорт алаңы, 5 гүлзар және 34 мың шаршы метр аяқжол салынды. Сонымен қатар бірнеше шағын ауданда жаңа демалыс аймақтары мен гүлзарлар пайдалануға берілді.

Ауданның жылыту маусымына дайындығы да жоғары деңгейде. 255 көпқабатты тұрғын үйдің барлығының жылу жүйесіне қысыммен тексеру жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 104 үй автономды жылыту жүйесімен қамтылған, 24 үй жеке қазандық арқылы жылытылады, ал қалған 127 үй орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар 32 мектеп, 9 балабақша және 13 медициналық мекеме де жаңа маусымға толық дайын.

Экологияны жақсарту мен абаттандыру бағытында да нақты жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері 37 рет сенбілік ұйымдастырылып, оған 30 мыңнан астам адам қатысқан. Балалардың қауіпсіз әрі жайлы ойнауын қамтамасыз ету үшін 107 ауладағы ойын алаңдарының 45-і жаңартылды.

Аудан әкімі атап өткендей, жүргізіліп жатқан барлық жобалардың түпкі мақсаты – тұрғындардың өмір сапасын арттыру, қауіпсіз және қолайлы қалалық орта қалыптастыру. Абай ауданының бұл бағыттағы жүйелі жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.

Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ

19 июня, 2026

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

19 июня, 2026

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА

19 июня, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.