Close Menu
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
Facebook X (Twitter) Instagram
Trending
  • ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ
  • ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ
  • В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА
  • ШЫМКЕНТТЕ БҰРЫНҒЫ ҚОҚЫС ПОЛИГОНЫНЫҢ ОРНЫНДА АУҚЫМДЫ ІРІ ЭКОПАРК АШЫЛДЫ
  • «ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ ДӘРІХАНА» АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ
  • КАДРОВАЯ ПОЛИТИКА ШЫМКЕНТА ДО 2030 ГОДА: ПРИОРИТЕТЫ РАЗВИТИЯ И ПЕРСПЕКТИВЫ
  • 2030 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ШЫМКЕНТТІҢ КАДРЛЫҚ САЯСАТЫ: ДАМУ БАСЫМДЫҚТАРЫ МЕН БОЛАШАҚ МҮМКІНДІКТЕР
  • ДОСТЫҚ ЛАГЕРІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫМЕН ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Facebook X (Twitter) Instagram
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Demo
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский
OITAMYZYQOITAMYZYQ
Home » «ТҮРКІСТАН МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МЕРЕЙІ» ФОРУМЫ ӨТТІ
ЖАҢАЛЫҚТАР

«ТҮРКІСТАН МӘРТЕБЕСІ – ЕЛ МЕРЕЙІ» ФОРУМЫ ӨТТІ

authorBy author14 апреля, 2025Комментариев нет4 Views
Facebook Twitter Pinterest LinkedIn WhatsApp Reddit Tumblr Email
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email
✔️Бүгін Түркістан қаласында ел тарихында маңызды орын алатын «Түркістан мәртебесі – ел мерейі» атты форум өтті. Іс-шара Түркістан қаласына берілген ерекше мәртебенің мәнін айқындау және оның рухани-мәдени миссиясын жан-жақты талқылау мақсатында ұйымдастырылды.
✔️Форумға ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, Мәжіліс депутаттары – Қайрат Балабиев, Темір Қырықбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің басқарма басшысы Рига Онаева, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қоғам қайраткерлері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Форумның модераторы Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев болды.
✔️Жиын барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Б.Омарбеков «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» ҚР Заңының негізгі ережелерімен таныстырды. Оның айтуынша, бұл Заң қаланың тарихи, мәдени және рухани мұрасын сақтау мен дамытуға, туристік әлеуетін арттыруға, сондай-ақ әкімшілік басқару жүйесінің тиімділігін күшейтуге бағытталған. Аталған заң аясында Түркістан қаласының әкімдігі мен мәслихатына қосымша 44 құзырет берілген.
✔️Форум бағдарламасы аясында Түркістан қаласының қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Оркестр ұлттық аспаптармен күй төксе, «Ұлы тарихтың жаңғыруы» атты сахналық көрініс көрермен назарына ұсынылды.
✔️Айта кетейік, Түркістан қаласының халық саны соңғы үш жылда 31,5%-ға артып, 2024 жылдың 1 желтоқсанында 236 954 адамды құрады. Облыс орталығы болғалы жалпы өңірлік өнім 4,5 есе өсіп, 2024 жылы 452,6 млрд. теңгеге жетті. Түркістан қаласында мемлекеттік бюджетке түсетін түсімнің көлемі 2,8 есе өсіп, 2024 жылы 80,1 млрд. теңге түсті. Қала дамуының негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі соңғы үш жылда 915,7 млрд. теңгені құрады. 2024 жылы 400,2 млрд. теңге инвестиция тартылды.
Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Tumblr Telegram Email
author

Related Posts

ПЕРВЫЙ ЗАМЕСТИТЕЛЬ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА НУРЛЫБЕК НАЛИБАЕВ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ В ОТКРЫТИИ CITY PARK В ШЫМКЕНТЕ

19 июня, 2026

ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ НҰРЛЫБЕК НӘЛІБАЕВ ШЫМКЕНТТЕГІ CITY PARK САЯБАҒЫНЫҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫНА ҚАТЫСТЫ

19 июня, 2026

В ШЫМКЕНТЕ ОТКРЫЛИ КРУПНЕЙШИЙ ЭКОПАРК НА МЕСТЕ БЫВШЕГО ПОЛИГОНА

19 июня, 2026
Leave A Reply Cancel Reply

© 2026 Designed by SamDev.kz
  • Қаржы
  • Саясат
  • Әлемде
  • Шоубиз
  • Қоғам
  • Арнайы жобалар
  • Русский

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.