Автор: author

2024 жылғы 7-14 шілде аралығында Астанада IBO-2024 биологиядан 35-ші Халықаралық олимпиада өтеді. Бұл оқушылар арасындағы ең беделді олимпиадалардың бірі. Биыл оған әлемнің әр түкпірінен ең мықты 305 жас биолог қатысады. Еліміздің құрама командасына олимпиадалық резерв арасында ең жоғары рейтингке ие болған төрт оқушы мен екі жетекші кірді: • Ғалымжан Бақтыбай — «Білім-Инновация» дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 11 сынып оқушысы. Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың үш алтын, IBO-2023 олимпиадасының қола медалінің, Авиценна атындағы Халықаралық олимпиаданың күміс медалінің иегері; • Амина Тынырбай — №10 дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» Қызылорда облыстық лицей-интернатының 11 сынып оқушысы. 2024 жылғы жалпы білім беретін пәндер…

Read More

ҚР Қарулы күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы «Қарулы Күштердің мемлекеттік мекемелерінің тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыру жөніндегі ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың қызметтерді сатудан түскен ақшаны жұмсауы қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 30 қазандағы № 871 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын әзірледі. Нормативтік құқықтық акт «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңының 1-бабы 3-тармақшасын, 2-тармағының бірінші бөлігін, 2-1-тармағын іске асыру шеңберінде дайындалды. Ереже нормаларын «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексіне сәйкес келтіру…

Read More

Халықтың шамадан тыс несиеленуі мәселесін шешу құралдарының бірі «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы болып табылады. Құжат былтыр өз күшіне еніп, қыркүйек айынан бастап өтініш берген алғашқы азаматтар банкрот болып таныла бастады. Бұл процесс онлайн форматта жүргізіледі. Ол үшін «Жеке тұлғаларадың банкроттығы» деген ақпараттық жүйе құрылды. Жүйе бойынша әр адам өзінің арызы мен оны қарастыру процесін қадағалай алады. Бұл жайлы ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ОКҚ алаңында айтты. 102 мың арызданушының 13 мыңы соттан тыс банкрот болып танылды. Оның ішінде 27 млрд теңге кешірілді. Көп арызданушының құжаттары кері қайтарылды. Оған мүлік пен автокөліктің болуы, банкпен…

Read More

Сиань қаласындағы жұмыс сапары барысында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бастаған делегация қатты тұрмыстық қалдықтарды жағуға бағытталған зауыттың жұмысымен танысты. Сорттау, қалдықтарды қайта өңдеу, утилизация және олардан электр энергиясын алу процестерін көрді. Қалған қалдықтардан құрылыс материалдары жасалады. Қала басшысы өнеркәсіп ұйымының басшылығымен кездесіп, Шымкентте осы бағытта жаңа технологиялық зауыт құру мүмкіндіктерін талқылады. Бүгінде қаламызға осындай жобалар қажет. Себебі, мегаполисіміздің аумағы артып, халқы көбеюде. Компания өкілдерін Шымкентке келіп, мәселені мұқият зерделеп, жобаны іске асыру мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі талқылауға шақырдым — деді Ғ.Сыздықбеков. Бұл бастама қаланың экологиялық ақуалын жақсартып, жаңа жұмыс орындарын құруға, тұрғындарды жылумен, ыстық сумен және электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.…

Read More

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүгедектігі бар 725 мыңнан астам адамға қолдау көрсетіп жатыр. Олардың арасында жұмысқа қабілеті бар 420 мың азамат болса, мүгедектігі бар балалар саны 109 мыңнан асып отыр. Ерекше қажеттіліктері бар үшін оларды оқшаулау, кемсітушілік, инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, еңбек нарығындағы тең емес мүмкіндіктер, әлеуметтік қызметтер сапасының төмендігі және басқа да мәселелер әлі де өзекті болып тұр. Оларды шешу үшін ведомство жүйелі түрде дәйекті шешімдер қабылдауда. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ОКҚ алаңында осылай деді. Елімізде 2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдар құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспар…

Read More

Түркістан облысында отбасын қолдауға, нығайтуға және қорғауға бағытталған «Отбасын қолдау секторлары» қызметі іске қосылған. Секторлар облыстың 10 аудан, қаласында ашылды. Бұл саладағы мәселелер облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бақылауына алынған. Аталған орталықтар Отырар, Жетісай, Сайрам, Сарыағаш, Сауран, Қазығұрт, Шардара, Келес аудандары мен Түркістан, Арыс қалаларында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жанынан ашылған. Онда аз қамтылған, көпбалалы, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған аналарға психологиялық қолдау, құқықтық көмек көрсетіледі. Оған қоса «Әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеу» секторлары арқылы азаматтарға психологиялық сүйемелдеу, кеңес беру, бағдарлау қызметтері көрсетіліп келеді. Жыл басынан бері аталған бағытта 348 арнайы іс-шара ұйымдастырылып, жалпы саны 2 658 адам қызметтермен қамтылған. Оның ішінде 565…

Read More

Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Оңтүстік Кореяның «Вусонг» білім беру қорының құрметті төрағасы Ким Сун Кюнмен кездесті. Қос тарап әріптестікті нығайту жолдарын талқылап, Түркістан қаласында Оңтүстік Кореяның «Woosong» университетінің филиалын ашу бойынша келісімге қол қойды. – Қасиетті Түркістанға қош келдіңіз. Қазақта «Бір көрген – біліс, Екі көрген – таныс» деген сөз бар. Өзіңізбен бірнеше рет жүздесіп, жақын адамға айналдық десек болады. Тарихы мен мәдени мұрасы мол ежелгі қала Түркістан қарқынды дамып, заманауи білім беру және мәдени орталыққа айналуда. Шаһарымызда «Вусонг» университетінің филиалын ашу осы жолдағы маңызды кезең екені даусыз және мұның мультипликативті әсері зор болатыны анық. Сіздің тәжірибеңіз бен біліміңіз…

Read More

Бүгін Түркістан қаласында «Жастар орталығының» жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Салтанатты шараға қатысқан Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды түркістандық жастарға заманауи орталықтың кілтін табыстап, әр бастамаларына сәттілік тіледі. – Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары аймақ. Соның ішіндегі 14-35 жас аралығындағы жастар саны 663 мыңнан асып, халық санының 30% құрайды. Түркістан қаласының өзінде бүгінде 72 мыңға жуық жас тұрады. Бұл – үлкен демографиялық көрсеткіш және адам капиталы. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толып отыр. Осы аз ғана уақыт ішінде Түркістан қаласында жастарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында түрлі мәдени, спорттық нысандар бой көтерді. Соның бірі, міне, бүгінгі Түркістан қаласының «Жастар ресурстық орталығы»…

Read More

Түркістан облысында тұрғындарды баспанамен қамту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Бүгін Түркістан қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топтағы азаматтарға 88 пәтер кілті табысталды. Тұрғындардың қуанышын бөлісуге Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды арнайы барып, пәтер иелеріне ізгі ниетін білдірді. – Бүгін сіздермен ерекше қуанышты сәтте кездесіп тұрмыз. Өздеріңіз білесіздер, Түркістан облысы құрылып, Түркістан қаласының облыс орталығы атанғанына 6 жыл толды. Осы айтулы мереке аясында бүгінгі іс-шараны жоспарлаған болатынбыз. Бұл үйлерді кәсіпкерлер нарыққа сатамыз деп салған болатын. Біз бюджеттен қаржы тауып, кәсіпкерлермен келісіп, үйлердің бағасын төмендетіп, арнайы сатып алдық. Сөйтіп шаһардағы мұқтаж азаматтарға беру туралы шешім қабылдадық. Көріп тұрсыздар, үйлер мен…

Read More

Түркістан облысы білім басқармасына қарасты Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында 2024-2025 жылға оқуға құжаттар қабылдау басталды. Талапкерлердің өтінімдері 25 маусым – 25 тамыз аралығында колледждердің қабылдау комиссияларында және «SmartNation College» платформасы мен «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүргізіледі. Алдымен өтініштерді 25 маусым мен 1 шілде аралығында колледжге қағаз түрінде құжаттар тапсыра алады. Ал 1 шілдеден 25 тамызға дейін веб-портал арқылы жүзеге асырылатын болады. Талапкер оқуға түсу кезінде мемлекеттік грант ұтып алуға конкурсқа түсу үшін 4 колледжге, 4 мамандыққа дейін таңдай алады. Орта балы бірдей талапкерлердің арасында бюджеттік орындарға конкурс Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 18 қазандағы…

Read More