Автор: author

Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында Созақ ауданына облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің қолдауымен көше тазалығы мен коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында жаңа техникалар жеткізілді. Бұл бастама облыстық бюджет есебінен жүзеге асып, ауданға 10 арнайы техника мен 12 ауылдық және кент округтеріне трицикл мототехникалары табысталды. Техникалар ауданның тазалығы мен коммуналдық қызметтерінің тиімділігін арттыру үшін маңызды рөл атқарады. «Өткен жылдан бері елімізде Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бастау алған «Таза Қазақстан» экологиялық шарасы біздің ауданымызда да кең көлемде өткізіліп келеді. Бүгін ауданымызға қосылған жаңа техникалар – бұл облыс әкімдігі тарапынан берілген материалдық көмек қана емес, ауылдың тазалығын қамтамасыз ету, экологиялық жағдайды жақсарту…

Read More

Бүгін Түркістан қаласында «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы» республикалық туристік форумы өтті. Маңызды шараға Орталық Азия елдерінің және еліміздің туризм саласындағы бизнес және ірі компания өкілдері, сарапшылары мен қолөнершілері қатысты. Шара Түркістанды түркі әлемінің орталығы ретінде алыс-жақын елдерге танытуға, қаланың туристік әлеуетін арттыруға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған. Республикалық форум аясында «Түркістан – түркі әлемінің рухани астанасы: дамуы мен болашағы» атты пленарлық отырыс ұйымдастырылып, Италиялық-Қазақстандық сауда қауымдастығының вице-президенті Олжас Шынтаев модераторлық етті. Форумда Түркістанның әлемдік туристік картасында өз орнын алуы үшін жаңа идеялар мен стратегиялық шешімдер ұсынылды. Жергілікті билік, кәсіпкерлер және халықаралық серіктестер өзара пікір алмасып, ой бөлісті. Басқосуда Түркістан…

Read More

«Наурызнама» онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні. Осыған орай Түркістандағы «Фараб» кітапханасында «Ұлттық киім – ұлттық бренд» атты ерекше мерекелік шара өтті. Сән әлеміндегі ұлттық нақыш пен заманауи үлгіні тоғыстыратын «Ұлттық киім – ұлттық бренд» сән көрсетіліміне «Алтын Models» модельдік агенттігінің арулары, сондай-ақ «Бикеш Этно» және «Айлин ательер» сән үйлері қатысты. Сондай-ақ шараға «Құрмет» орденінің иегері, тарих ғылымдарының кандидаты, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Баян Адырбекова және журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Роза Нарымбетова, Түркістан қалалық «Жастар орталығының» басшысы Айдар Лескенов қатысып, Ұлттық киім күнінің маңызына тоқталды. Өзбекәлі Жәнібектің немересіне арнап тіккен ұлттық киімі келушілердің назарын бірден өзіне қаратты.…

Read More

Түлкібас ауданы аумағындағы барлық ауылдық округ, кенттің 7800 гектар суармалы жерін қамтитын жалпы саны 13 су нысанын бетондау жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстарын тиісті салада тәжірибесі мол «АТК 777» мердігер компаниясы жүзеге асыру үстінде. Түлкібас ауданында жөнделіп жатқан 13 каналдың жалпы ұзындығы 123 шақырымды құраса күрделі жөндеу барысында соның 77 шақырымы бетондалуы тиіс. Құрылысқа жауапты серіктестік өкілдерінің айтуынша, бүгінгі таңда тиісті меженің 60 шақырымы сапалы бетондалған. Яғни ауқымды жоба құрылысы шамамен 80 пайызға орындалып үлгерген. Жазғы маусымдағы егіндікті суару кезеңінде де шаруалар ағын сумен қамтылып отырған. «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы директоры Қазыбек Қошқарбекұлының тапсырмасы негізінде, мердігер мекеме…

Read More

Национальный курултай – это пространство для открытого диалога, где мнения граждан становятся основой для принятия решений. Это символ новой эры сплоченности, доверия и развития в Казахстане. Открытость – прозрачное обсуждение актуальных вопросов Инклюзивность – учет мнения каждого гражданина Конструктивный диалог – поиск решений на благо общества Курултай объединяет общественных деятелей, экспертов, молодежь, предпринимателей и всех, кто заинтересован в развитии страны. Здесь создаются идеи будущего и стратегии для устойчивого роста. Обсуждаем вместе, решаем вместе, развиваемся вместе! #НациональныйКурултай #ГолосНарода #Единство #НовоеКазахстан #Диалог

Read More

Түркістан облысында биыл 372 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы зиянкестеріне қарсы өңдеу шаралары жоспарланды. Оның 192 мың гектары республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылса, қалғаны жергілікті бюджет арқылы жүзеге асырылады. Шегірткеге қарсы күрес мәселесі облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен мәжілісте кезекті рет пысықталды. – Жұмысшы топтар, техникалар, зиянкестерге қарсы дәрілер толық дайын болуы тиіс. Кешігуге болмайды. Бұл жұмыстардың артында диқандарымыздың, жүздеген отбасының мәселесі тұр. Сондықтан жұмысты жауапкершілікпен істеңіздер. Дәрілеу, өңдеу жұмыстары сапалы атқарылуы керек, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров. Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков зиянкестерге қарсы күрес өз уақытында жүргізілетінін айтты. 2024 жылдың 31 желтоқсанда облыс әкімінің өкімімен…

Read More

Бүгін «Ұлы дала елі» орталығында 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай арнайы көрме ұйымдастырылды. Бұл көрме қазақтың ұлттық киімдерінің алуан түрлілігін, олардың тарихы мен мәдени маңызын насихаттауға бағытталған. Көрмеде қазақтың дәстүрлі киім үлгілері, соның ішінде шапан, сәукеле, кимешек сияқты ұлттық киімдер ұсынылды. Әрбір киімнің өзіндік мәні мен ерекшелігі бар, олардың жасалу әдістері мен қолданылу дәстүрі келушілерге кеңінен таныстырылды. Іс-шара барысында келуішілерге ұлттық киім үлгілерінің аймақтық ерекшеліктері көрсетіліп, олардың әшекейлену ерекшеліктері мен символдық мағынасы туралы ақпарат берілді. Көрме қонақтары қазақтың ұлттық киімдерін киіп, арнайы фотоаймақта суретке түсу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен бірге ұлттық қолөнер шеберлерінің жұмыстары таныстырылып, олардың жасаған бұйымдары…

Read More

Оңтүстік өңірі қашан да өнер мен мәдениеттің тал бесігі саналған. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы қарсаңында қала әкімдігінің қолдауымен төртінші мәрте ұйымдастырылып отырған «Күміс қалам» республикалық байқауы осы сөзімізге дәлел. Поэзия әлеміне қадам басқан жас таланттарды қолдау, олардың шығармашылығына қанат бітіру мақсатында өткізіліп отырған байқау талай жастың белін буып, қанатын қақтырды. Биылғы «Күміс қалам» байқауы қазақ балалар әдебиетінің көрнекті өкілі, ақын Өтебай Тұрманжанұлының 120 жылдығына арналды. «Нан қоқымын шашпаңдар, жерде жатса баспаңдар» деген нақыл сөзі жадымызда қалған Өтебай ақынның шығармашылығы – бала жүрегіне ізгілік дәнін сеуіп, ұлттық құндылықтарды бойға сіңіруге бағытталған асыл қазына. Сондықтан жас ақындардың осы байқау аясында…

Read More

Ұлттық құрылтай – ел тағдырына алаңдайтын әр азаматтың үнін естіртетін маңызды алаң. Халық пен билік арасындағы ашық диалог – әділетті қоғам құрудың басты кепілі. 📌 Құрылтайдың басты міндеттері: 🔹 Қоғамдық келісімді нығайту 🔹 Мемлекеттік саясатқа халықтың ұсыныстарын енгізу 🔹 Ел дамуының өзекті мәселелерін талқылау Қазақстанның болашағы – біздің ортақ жауапкершілігіміз. Бірлесе әрекет етсек, мықты әрі әділетті қоғам құрамыз! 🇰🇿✨ #ҰлттықҚұрылтай #Бірлік #ХалықҮні #ЖаңаҚазақстан

Read More

В стране в сфере образования работа нацелена на устранение дефицита мест в школах и детсадах, улучшение качества знаний, повышение статуса педагога. Об этом говорится в статье Премьер-министра Олжаса Бектенова, передаёт BaigeNews.kz. За последние шесть лет открыто 1 367 детских садов, что снизило очередность в пять раз. 100% детей из социально уязвимых семей обеспечены бесплатным питанием. С 2019 года в Казахстане построено рекордное количество школ – 1 200 учебных заведений, что обеспечило около 1 миллиона ученических мест. Модернизировано более 3 тысяч сельских школ, что позволило решить проблему 32 аварийных и 71 трехсменной школы, а также дефицита мест в 200 школах Казахстана. В текущем…

Read More