Автор: author

Наурызнама онкүндігі аясында Түркістан облысында жалпыұлттық “Таза like” экологиялық акциясы өтті. Бұл шара табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Акцияға облыс тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар, еріктілер және белсенді азаматтар қатысып, қала мен ауылдардағы қоғамдық орындар, саябақтар, су айдындарының жағалаулары, көшелер мен аулалар қоқыстан тазартылды. Түркістан қаласы әкімдігінің инфрақұрылым және коммуникация бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Смадияр Сабировтың айтуынша, мұндай шаралар тұрақты түрде өткізіліп, қоршаған ортаны таза ұстауға үлес қоса бермек. “Таза қала” акциясы аясында бүгін жалпы көлемі 80 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 4 арнайы техника жұмылдырылды. Сенбілік барысында қаланың ең маңызды көшелері ғана емес, қоғамдық орындар, аулалар мен…

Read More

«22 наурыз – Ұлыстың ұлы күні» мерекесі қарсаңында мемлекеттік қызметшілер арасында ұлттық спорт түрлерінен (асық ату, тоғызқұмалақ, гір көтеру, арқан тарту және қазақ күресінен) облыстық спартакиада өтті. Бұл сайысқа аудан, қала әкімдіктері мен басқармалардан 18 команда, 400-ге жуық мемлекеттік қызметшілер қатысты. Тартысты өткен жарыста командалық есепте 3-орынды Бәйдібек ауданы, 2-орынды Отырар ауданы, ал 1-орынды Түлкібас ауданы еншіледі. Жарыс соңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Дархан Суртеков, Түркістан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ғалымжан Худияров, қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаевтар жеңімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы тағайындалған кубок, медаль…

Read More

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Түлкібас ауданында 56 азамат баспаналы болып, қоныс тойын тойлады. Тұрғындарды аудан әкімі Асқар Естібаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсембаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сәтбай Қасымбек қоныс тойларымен құттықтап, кілттерін табыс етті. Аталған пәтер кілттері кезекте тұрған 11 жетім балаға, 16 көпбалалы анаға, 19 осал топтағы азаматқа, 9 бюджеттік мекеме қызметкеріне және 1 апатты үй тұрғынына табысталды. Солардың қатарында 11 баланың анасы Молдашова Салтанат та бар. 1983 жылы дүниеге келген Салтанат ханым Машат ауылдық округіне қарасты Қызылбастау ауылында 9 жылға жуық уақыт жалдамалы пәтерде тұрып келген. Міне, бүгін мемлекеттік қолдау арқылы жаңа 3 бөлмелі баспанаға қол жеткізіп…

Read More

Арыс қаласында Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесі қарсаңында 70 отбасы қоныс тойын тойлады. Қала әкімі Қайсар Маңқараев қоныс иелерін қуанышымен құттықтап, жаңа үйлердің кілтін табыстады. Заманауи үлгідегі баспаналар Отырар шағын ауданында бой көтерген. Жаңа баспанаға қол жеткізген тұрғындар мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдауға ризашылықтарын білдіріп, қуанышты сәттерін жақындарымен бөлісті. Қала әкімі өз сөзінде халықтың әл-ауқатын арттыру, тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, алдағы уақытта да Арыста тұрғын үймен қамту жұмыстары жалғасатынын жеткізді.

Read More

Түркістан қаласында «Конгресс холл» кешенінде «Alqonyr» фольклорлық ансамблінің Ұлыстың ұлы күніне арналған «Наурыз сазы» атты алғашқы концерті өтті. Концертте ұлттық музыкамыздың жауһары саналатын шығармалар, халық әндері орындалды. Ансамбльге «Құрмет» орденінің иегері, Мәдениет саласының үздігі, Қазақстан Композиторлар одағының мүшесі Еркін Нұрымбетов дирижерлік етті. Сонымен қатар Қырғызстанның «Акак» комузшылар ансамблінің солисі Курманбек Жалил уулы ансамбльмен бірге өнер көрсетті. Бұл кеште кешеннің «Jana lep» шығармашылық ұжымы мен «Samgau» би ансамбліде өнер көрсетіп, жеке ән орындауда Айдос Иманжаппаров, Мейірімхан Назархан, Асыл Жомарт пен Жанәділ Ақерке елдің зор ықыласына бөленді. Кештің көркемдік жетекшісі Мерей Маханов болса, музыкалық жетекші Венера Жұбайқызы. Ал топ меңгерушісі Кенжебек Пірмахан.…

Read More

Наурыз мерекесі – қазақ руханияты мен дәстүрінің алтын арқауы. Бұл күн – тек көктемнің ғана емес, ұлттық өнердің де жаңғыратын шағы. Осындай ерекше мереке қарсаңында Шымкент қаласында қазақтың қасиетті сөз өнерін дәріптеген дәстүрлі «Күміс домбыра» республикалық жас ақындар айтысы өтті. Қаламызда бесінші мәрте өтіп жатқан шара ұлт руханиятының жанашыры, түркітанушы ғалым Бейсенбай Кенжебаевтың 120 жылдығына арналды. Бұл дода – жас ақындарға үлкен мүмкіндіктер алаңы болды. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген 16 жас айтыскер ақын сахнада суырып салмалық пен тапқырлықтың тамаша үлгісін көрсетті. Айтыстың әділдігін ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, белгілі айтыскер ақын Аманжол Әлтаев, айтыстың арыстаны атанған Бекарыс Шойбеков бастаған қазылар алқасы қадағаласа,…

Read More

Президент Ұлттық құрылтайда экономиканың нақты секторын дамытуға басымдық беріп, оған құйылатын инвестиция көлемін арттыруды көздеп отыр. Биыл бұл салаға 8 трлн теңге бөлінсе, алдағы жылдары инвестиция көлемі 10 трлн теңгеге дейін ұлғаяды. ✅ Жаңа жұмыс орындарын құру – халықтың табысын арттыруға мүмкіндік береді ✅ Өндіріс пен өңдеу өнеркәсібін дамыту – шикізатқа тәуелділікті төмендетеді ✅ Бизнеске қолдау көрсету – кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады Өңірлер арасындағы экономикалық теңсіздік азаяды Халықтың өмір сүру деңгейі жақсарады Қазақстанның өндірістік әлеуеті күшейеді Бұл – ел дамуына тың серпін беретін тарихи мүмкіндік! Мемлекет бизнеске қажетті ресурстарды ұсынып отыр, енді оны тиімді пайдалану – негізгі міндет.

Read More

Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев кезекті жеке қабылдауын өткізді. Азаматтарды қабылдау орталығына өңірдің әр аумағынан келген тұрғындар шағымдары мен ұсыныстарын жеткізді. Білім, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту, әлеуметтік салалар бойынша көмекке жүгініп, өздерін алаңдатқан сұрақтарға жауап алды. Талап-тілектер және өзекті мәселелердің басым бөлігі білім саласына қатысты қаралып, жауапты басқарма өкілдерінің қатысуымен талқыланды. Атап айтқанда, ауылдағы мектептің жабылуы, білім ұясының құрылысы, жұмыспен қамту, балабақшаға қаржы қарастыру мәселелері көтерілді. Өтініш иелерін мұқият тыңдаған Бейсенбай Дәулетұлы әрбір шағым бақылауға алынып, заң шеңберінде зерделенетін айтты. Ашық форматтағы қабылдаулар, бетпе-бет кездесулер жалғасады.

Read More

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров өңірдегі ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асу барысын пысықтады. Жауапты сала басшылары мен өңірде жаңа өндіріс орындарын ашатын кәсіпкерлермен жоба барысын жан-жақты талқылады. Инвестициялық штабтың кезекті отырысында өңір басшысына бұл бағыттағы жұмыс барысы баяндалды. Облыс әкімі инвесторларға оңтайлы әрі ыңғайлы орта қалыптастыру үшін бизнеске қойылатын артық талаптарды жоюдың маңыздылығын атап өтті. Құрылысы жүріп жатқан зауыт, фабрикалардың маңыздылығы мен тиімділігін ескертіп, осы мақсатта жауапты тұлғаларға инфрақұрылым тартуға қатысты нақты тапсырмалар берді. Инвестициялық штаб – бизнес мәселелерін жедел шешуге арналған ашық алаң. Бүгін Арыс қаласы мен Сайрам ауданындағы «Nurym Group» ЖШС-не еншілес компаниялар тобының 500 гектарға жаңбырлатып суару…

Read More

В Косшы Акмолинской области открылся первый в Казахстане многофункциональный комьюнити центр — масштабный общественный культурно-спортивный комплекс, построенный по международным стандартам, передает Ulysmedia.kz. Детали Проект реализован Фондом Булата Утемуратова и стал значимым вкладом в развитие городской инфраструктуры. Общая площадь центра — 8,5 тысяч квадратных метров, одновременно он может принимать до 1000 человек. Проект стоимостью 20 миллионов долларов безвозмездно передан на баланс города. Цитата «По поручению главы государства Касым-Жомарта Токаева в Косшы продолжается активное строительство и модернизация социальных объектов. Сегодня мы стали свидетелями открытия первого в стране многофункционального комплекса, созданного фондом Булата Утемуратова. Здесь обеспечены все современные условия для населения, как…

Read More