Суға жүзуден ұлттық құрама өкілдері Афи¬нада өткен ха¬лық¬аралық турнирде сегіз медаль жеңіп алды. Дүбірлі додаға елімізден барлығы 18 спортшы мен 5 бапкер барды. Турнирде топ жарғандар 11 шілде-3 тамыз аралығында Син¬гапурде өтетін су спорты түрлері¬нен әлем чемпионатына қатысады. Ел құ¬ра¬масы атынан сынға түс¬кен Әділбек Мусин «Acropolis swim open 2025» халықаралық турнирінде 100 м қашықтықта баттер¬фляй әдісімен жүзуде алтын медальды жеңіп алса, 50 м қашықтықта осы әдісте жүлделі екінші орынды ие¬ленді. Сонымен қатар Айбат Мырзамұратов 100 м қашықтықта брасс әдісімен жүзуде екінші, 50 м қашықтықта үшінші орыннан көрі¬ніп, ел қор¬жыны¬на 1 күміс, 1 қола медаль салды. Айта кетерлігі, Айбат Мырзамұ¬ратов…
Автор: author
Бүгін Түркі әлемінің рухани астанасы —Түркістан қаласында 2005–2007 жылы туған жастар арасында қазақ күресінен «Дала қырандары» атты республикалық турнирдің жалауы екінші мәрте көтерілді. Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Түркістан қаласына ерекше мәртебе беру» жөніндегі бастамасы аясында, ұлттық спортты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа еліміздің әр өңірінен 8 команда қатысуда. Атап айтқанда, Алматы, Абай, Жамбыл, Павлодар, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының құрамалары боз кілемде өзара мықтыны анықтауда. Жарыстың салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Болат Қалмұрзаев, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, ҚР Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры Қайрат…
С 21 мая 2025 года начинается прием заявок по 1-му потоку на получение грантов для реализации новых бизнес-идей, передает Tengrinews.kz со ссылкой на Министерство труда и социальной защиты населения. whatsapp buttontelegram buttonfacebook buttoncopyLink button Иконка комментария блок соц сети14 Заявку можно подать на портале Business.enbek.kz, по всей стране в рамках первого потока планируется выдача 4,5 тысячи грантов. Гранты предоставляются на безвозмездной основе, средства необходимо использовать на запуск и развитие нового бизнеса. Размер гранта составляет 400 МРП, или 1 572 800 тенге. Каждый участник может получить его только один раз. «Средства грантов позволяют начинающим предпринимателям раскрыть свой бизнес-потенциал, наладить и развить…
Ұлттық статистика бюросының болжамды деректеріне сәйкес, еліміздің 2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік–экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары. Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 6%-ды құрады. Экономиканың негізгі салаларында: көлікте (22,4%), саудада (7%) даму қарқынының артқаны байқалады. Өсім ауыл шаруашылығы (3,9%) және байланыс (2,6%) салаларында да тіркелді. Көлік саласындағы өсім саланың жалпы көлеміндегі үлестері тиісінше 20,5% және 19,6%-ды құрайтын темір жол және құбыр көлігімен жүктерді тасымалдау жөніндегі қызметтер көлемінің ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Жоғары динамика Түркістан (21,8%), Жамбыл (11,2%) және Абай (14,9%) облыстарында тіркелді. Құрылыс саласында нақты жұмыс көлемінің индексі 16,2%-ды құрады. Сонымен қатар құрылыс кезеңін ескере отырып, жұмыстарды орындау қарқынын арттыру…
Төлеби ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, салтанатты жиын өтті. Мерекелік іс-шара аудан орталығында орналасқан «Жеңіс» саябағындағы мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоюдан басталды. Өңір басшысы Еркеғали Әлімқұлов, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров, ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес төрағалары, аудандағы зиялы қауым өкілдері қатысып, бабалар рухына тағзым етілді. Бір минут үнсіздік жарияланып, құран бағышталды. Сондай-ау, аудандық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында аудан әкімі Еркеғали Амантайұлы тыл еңбеккерлеріне мерекелік медаль табыстап, жеңіс мерекесімен құттықтады. «Бүгінде ортамызда қалмаған Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен қатары сиреп бара жатқан тыл ардагерлерінің ерлігі мен қайсарлығы ұрпақ жадында мәңгі сақталады. Олар бізге бейбіт өмір мен жарқын болашақ сыйлады.…
Түркістан қаласындағы «Жеңіс» саябағында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ер есімі – ел есінде» атты іс-шарасы өтті. Салтанатты шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты. Мерекелік іс-шара әскери оркестрдің сүйемелдеуімен орындалған ҚР Мемлекеттік Әнұранымен басталды. Аймақ басшысы салтанатты жиынға жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. – Сіздерді 9 мамыр – Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл Ұлы Жеңіске 80 жыл толып отыр. Екінші дүниежүзілік соғыста қазақ халқы ерекше ерлігімен көзге түсті. Елде қалған жерлестеріміз тылда аянбай еңбек етті. Жеңіс күні – батырларды еске алып, ерлігін ұлықтайтын күн.…
Халқымыздың ХХ ғасырда басынан өткізген ең ауыр кезеңдерінің бірі — екінші дүниежүзілік соғыс. Тарихи деректер 1,2 миллион қазақстандықтың қан майданға аттанып, оның 600 мыңы сұрапыл соғыстан оралмағанын көрсетеді. Қаһарман халқымыздың жаһанға уын шашқан фашизмді талқандап, күллі адамзатты озбырлықтан аман сақтап қалған Ұлы Жеңісіне бүгін 80 жыл толып отыр. Еліміздің түпкір-түпкірінде осынау тарихи оқиға кеңінен аталып өтіп жатыр. Атап айтқанда, бүгін Шымкент қаласындағы «Даңқ» мемориалдық кешенінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс – ұрпаққа аманат» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты іс-шараға жиналған көпшілік, ең алдымен, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнін шырқады. Еліміздің Әнұранын Ұлттық Ұланның Шымкент қаласында орналасқан…
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бүгін Түркістан қаласы әкімі Әзімбек Пазылбекұлы халықаралық деңгейде ел намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижеге қол жеткізген полиция қызметкері — Айнұр Қабылқызын қабылдап, 2 бөлмелі пәтер кілтін табыстады. Дубай қаласында өткен халықаралық «SWAT Challenge» чемпионатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі құрамындағы «Томирис» командасының сапында өнер көрсеткен Түркістан облысы Полиция департаментінің арнайы жасақ инспекторы Айнұр Қабылқызы үздік нәтижеге қол жеткізіп, жүлделі ІІ орынды иеленген болатын. Отан алдындағы абыройлы қызметі мен батылдығы үшін Айнұр Қабылқызы Мемлекет басшысының Жарлығымен «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Батыр қыздың бұл жетістігі ескерусіз қалмай, Түркістан қаласының әкімі әкімдік пен қала тұрғындары атынан өз алғысын…
Бердыбаев Мұрат Егізбайұлы 1967 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген. 2006 жылдың 20 шілдесінен бері Шымкент қалалық жедел жәрдем көрсету станциясының №2 бекетінде жүргізуші ретінде абыройлы қызмет атқарып келеді. Ол жедел жәрдем қызметінде 19 жылдан астам уақыт еңбек етіп, қиын сәттерде бригада құрамын науқастарға барынша жылдам әрі қауіпсіз жеткізу арқылы тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге зор үлес қосып келеді. Шақырту түскен бойда жедел жәрдем бригадасының уақтылы жолға шығуын қамтамасыз етіп, ең қысқа және қауіпсіз маршруттарды таңдайды. Кәсібилік пен жауапкершілік Мұрат Егізбайұлы жүргізуші ретінде тек көлікті басқарумен шектелмей, дәрігерлер мен фельдшерлерге науқастарды тиеуге, түсіруге, тасымалдауға, қажет болған жағдайда иммобилизация жасауға көмектеседі. Медициналық…
Ұлы жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театрында Бақытгүл Бабаштың инсценировкалауындағы Жұмекен Нәжімеденовтың «Хат тасушы»қойылымының тұсауы кесіледі. Бүгін премьера алды көрсетілімі мен баспасөз жиыны өтті. Зиялы қауым және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен өткен жиында сұрақтар қойылып, бағасы берілді. Қоюшы режиссері «Құрмет» ордені және Махамбет сыйлығының иегері Мұқанғали Томанов осымен қара шаңыраққа төртінші рет қойылым сахналап жатқанын тілге тиек етіп, шығармашылық ұжымға алғысын жеткізді. Рөлдерде театрдың белді әртістері ойнайды. Театрдың «Тарлан» музыкалық-аспапты ансамблі музыкамен көркемдеп, қойылым мазмұнын аша түседі. Қоюшы суретшісі – Қанат Шериев, жарық суретшісі – Жанболат Рсимбетов, хореограф – Жангүл Ерсұлтанова. Қойылым барысында соғыс…
