Мемлекет басшысы экономикалық реформалардың халықтың күнделікті тұрмысына әсер ететініне қоғам алаңдап отырғанын жоққа шығармайтынын айтты. Президенттің сөзінше, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, кез келген ауқымды реформа бастапқы кезеңде жұртшылық тарапынан толық түсіністік таппай жатады. Осындай сын сағатта саяси жауапкершілікті өз мойнына алатын көшбасшының рөлі ерекше. Президент Қазақстан үшін реформалардан бас тарту жолы жоқ екенін атап өтті. Ел бір орында тоқтап қалмай, тұрақты даму үшін жүйелі өзгерістерді жүзеге асыруы тиіс. Бұл – күрделі әрі кедергісі көп жол болғанымен, стратегиялық тұрғыдан жалғыз дұрыс бағыт. Азаматтардың тұрмысына салмақ түсірмеу мақсатында Үкімет қыс мезгілінде тарифтердің өсуін әкімшілік тәсілдер арқылы уақытша тоқтатты. Сонымен қатар, бюджет қаражатын…
Автор: author
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Данабек Исабек Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен келді. Іссапардың алғашқы күні халық қалаулысы мегаполистегі бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Сапар аясындағы алғашқы нысандардың бірі – қаладағы дендрологиялық саябақ болды. Жалпы аумағы 117 гектардан асатын дендросаябақ – Шымкенттің экологиялық тепе-теңдігін сақтауда маңызды рөл атқаратын жасыл аймақтардың бірі. Мекеме директоры Есдәулет Достияровтың айтуынша, соңғы жылдары саябақтағы өсімдіктердің гендік қорын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Нәтижесінде былтыр гендік қор 214 түрден 330 түрге дейін көбейтілген. – Дендросаябақты дамыту мақсатында Өзбекстан, Қырғызстан және Грузия елдерінің ботаникалық бақтарымен, сондай-ақ Астана, Алматы, Щучинск қалаларындағы ботаникалық бақтармен меморандумдар жасалды.…
Достық үйінде Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ғылыми-сарапшылық топтың жылдық қорытынды отырысы өтті. Жиынға қаланың жетекші ғылыми қауымдастығының өкілдері, түрлі этномәдени бірлестіктердің мүшелері, сарапшылар мен қоғам белсенділері қатысты. Отырысты Ғылыми-сарапшылық топтың жетекшісі Қайрат Анарбаев ашып, 2025 жылы атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды. «Биыл біз қоғамдағы бірлік пен келісім мәселелерін ғылыми тұрғыдан зерделеп, сараптамалық талдауларды жүйелі жүргізуге басымдық бердік. Этносаралық қатынастардың даму динамикасы, жастар арасындағы бірлік мәдениеті, медианың қоғамдағы татулықты нығайтудағы рөлі сияқты маңызды бағыттарда зерттеулер жасалды. Алдағы жылы бұл жұмыстарды одан әрі күшейту – біздің негізгі міндетіміз», – деді Қайрат Сапарханұлы. Жиында 2025 жылғы атқарылған жұмыстардың қорытындысы талданып, келесі жылы…
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің 2025 жылға арналған қорытынды отырысы өтті. Жиынды Аналар кеңесінің төрағасы Гүлжан Сүгірбаева жүргізіп, жыл бойы атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасалды. Кеңес мүшелері 2025 жылы жүзеге асқан бастамалар, отбасылық құндылықтарды насихаттау бағытындағы іс-шаралар, жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты атқарылған жұмыстар туралы есеп тыңдады. Әсіресе қоғамдағы әйелдер рөлі, отбасындағы татулық пен ұлттар арасындағы бірлікті нығайту бағытындағы жобаларға кеңінен тоқталды. Отырыс барысында Қарағанды облысында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің республикалық семинарының материалдары таныстырылып, онда көтерілген өзекті мәселелер мен тәжірибе алмасу нәтижелері талқыланды. Бұл ақпарат алдағы жұмысты жетілдіруге бағытталған тиімді ұсыныстардың қалыптасуына негіз болды. Сонымен қатар…
Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Асхат Оралов Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары барысында Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде білім алып жатқан маңғыстаулық студенттермен және олардың ата-аналарымен кездесті. Кездесу барысында студенттердің оқу үдерісі, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы таныстырылып, ата-аналар мен жастардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Іс-шараға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек пен университеттің Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Әлібек Нұртаев қатысты. Аталған кездесу Президент Әкімшілігінің қолдауымен жүзеге асып жатқан пилоттық жоба аясында өтті. Жобаның негізгі мақсаты – Маңғыстау облысынан шыққан талапкерлерді сапалы біліммен қамтамасыз етіп, өңірге білікті мамандар даярлау. Биыл тамыз айында университет Маңғыстау өңірінен келген талапкерлерді қабылдап, қазіргі таңда…
Шымкент қаласында Көксай ауданын жаңарту тұжырымдамасы жоспарлы іске асырылуда. Тәуелсіздік күні мерекесіне орай қала әкімі Ғабит Сыздықбеков бұған дейін Транспорт көшесі, 5 және Нұрлыбаев көшесі, 2 мекенжайларында тұрған 20 отбасына жаңа пәтерлердің кілтін табыстады. Айта кетейік, Тұжырымдаманы іске асыру басталғалы бері ауданнан 103 отбасы көшірілді. Тұрғындар Шымкент-сити және Тұран шағынаудандарындағы абаттандырылған үйлерге орналастырылды. Таза әрлеумен тапсырылған пәтерлердің бөлме саны бұрынғы үйлерге сәйкес келеді және қоныстануға толық дайын. Мегаполис басшысы отбасыларды қоныстойымен және мемлекеттік мерекемен құттықтап, денсаулық, бақ-береке және барлық бастамаларына табыс тіледі. Айта кетейік, Тұжырымдама аясында тұрғындарды көшіру және оларды жайлы баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасын табады. Шымкент…
В Шымкенте продолжается плановая реализация Концепции модернизации района «Зелёная балка». В честь Дня Независимости Республики Казахстан аким города Габит Сыздыкбеков вручил ключи от новых квартир двадцати семьям, ранее проживавшим на улицах Транспортная 5 и Нурлыбаева 2. Отметим, с начала реализации Концепции из района переселены 103 семьи. Жители получили благоустроенное жильё в микрорайонах «Шымкент Сити» и «Туран». Квартиры с чистовой отделкой соответствуют по количеству комнат ранее занимаемым и полностью готовы к заселению. Глава мегаполиса поздравил семьи с новосельем и государственным праздником, пожелал им здоровья, благополучия и успехов во всех начинаниях. «Модернизация района “Зелёная балка” направлена в первую очередь на повышение…
«РУХТАСТАР» жастар сыйлығының 2025 жылғы жеңімпаздары «Үздік филиал» номинациясын Шымкент қаласы иеленді. Бұдан бөлек «Жастар Рухы» қолдаушысыноминациясын талантты жастардың бастамаларына қолдау көрсетіп жүрген спортшы, аралас жекпе-жек (ММА) шебері Арман Оспанов марапатталды. Сондай-ақ «Белсенді рухтас» номинациясы бойынша Шымкент қаласының белсенді жасы Тұрсынбек Жанерке Нұржанқызы марапатталды. Бұл марапаттар — жастардың белсенділігі мен тұрақты еңбегінің нақты нәтижесі. Алдағы уақытта да ортақ мақсат жолында бірлесе еңбек ете береміз
Бүгін Шымкентте Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні мерекесі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай қалалық Достық үйінде «Қара шаңырақ» қолөнер және халықтық өнер көрмесі өтті. Алғаш рет ассамблея алаңында ұйымдастырылған іс-шараға 20-дан астам астам қолөнер шебері қатысып, өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Қазақ халқының дәстүрлі қолөнерін насихаттау, ұлттық мәдени мұраны сақтап, дамыту арқылы оны жас буын арасында дәріптеуді мақсат тұтқан іс-шараға қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі Айгүл Амзеева, қалалық ҚХА жанындағы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Досыбай Шерімқұлов, қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенділері және қала тұрғындары қатысты. Көрмені тамашалауға келген қонақтар алдында сөз сөйлеген қалалық ҚХА хатшылығының меңгерушісі іс-шараның…
Қоғамның тұрақтылығы – ел дамуының ең сенімді кепілі. Тарих парақтарына үңілсек, татулық пен өзара құрмет орнықпаған жерде қандай да бір жетістік ұзаққа созылмағанын аңғарамыз. Шын мәнінде, бірлік бар ортада ғана экономика өркендеп, әлеуметтік сала ілгерілеп, мемлекеттің халықаралық беделі арта түседі. Бүгінгі өзгермелі әлемде ішкі алауыздық салдарынан әлсіреп жатқан мемлекеттер аз емес. Осындай кезеңде Қазақстанның достық пен келісімді мемлекеттік саясаттың басты бағыты ретінде бекітуі – халқымыздың тарихи тәжірибесіне сүйенген көреген шешім. Қазақ халқы ежелден кеңпейіл, бауырмал, меймандос халық. ХХ ғасырдағы ауыр кезеңдерде сан түрлі этнос өкілдері дәл осы қасиетті жерден пана тауып, жаңа өмірге қадам басты. Бұл тарихи сәт бүгінде ел…
