Автор: author

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков Арыс қаласына жұмыс сапарымен барып, Шымкент электрмен жабдықтау дистанциясының Арыс қосалқы тарту бекетінде кеңес өткізді. Оған Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев, Электр желілерін басқару жөніндегі «KEGOC» АҚ-ның, «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның аймақтық өкілдері қатысты. Жиында іске қосылатын инвестициялық жобаларды электр қуатымен қамтамасыз ету, жоғарғы кернеулі желіге қосылу талаптары мен тәуекелдері талқыланды. Нұрбол Тұрашбеков әкімдік тарапынан қажетті шаралар ұйымдастырылатынын атап өтті. – Желіні жалғау барысында ешқандай қолайсыздық туындамауы тиіс. Қажеттілігіне қарай қосалқы электр станцияларының қызметіне жүгінеміз. Әсіресе, өндірістер зардап шекпеуі қажет. Осы мақсатта ортақ келісімге келіп, елге тиімді шешім қабылдауымыз шарт, – деді облыс әкімінің…

Read More

Түркістан облысындағы 3 кәсіби театрда 2024 жылы 436 спектакль қойылып, 60 мыңнан астам көрермен қойылымдарға куә болған. Сондай-ақ, 18 жаңа шығарма театрсүйер қауым назарына ұсынылған. Өңірде өзіндік өрнегін қалыптастырып үлгерген ұжымдар өткен жылы түрлі жетістіктерге жетіп, бірқатар белестерді бағындырған. Мәселен, Түркістан музыкалық драма театрының «Келіндер көтерілісі» қойылымы «Kazakhstan Ticketon Awards-2024» байқауында «Жылдың ең үздік аймақтық қойылымы» номинациясына ие болды. Ал, Р. Сейтметов атындағы Түркістан қалалық сазды драма театры Көкшетау қаласында өткен С.Жүнісовтың 90 жылдық мерейтойы аясында «Сәлем» ІІ Халықаралық комедиялық фестиваліне қатысып, арнайы жүлдемен марапатталды. Сондай-ақ, Түркістан музыкалық драма театрының «ФАРИЗА» қойылымы «ТЕАТР ALL» ІІІ Халықаралық театр фестивалінде үздік атанды.…

Read More

Шымкент қаласында CityPass бірыңғай туристік картасы іске қосылады. Бұл жоба қала қонақтарына мәдени нысандарға, ойын-сауық орталықтарына, мұражайларға және басқа да көрікті жерлерге жеңілдікпен кіру мүмкіндігін ұсынады. CityPass картасы Шымкент қаласының туристік әлеуетін арттыру, қонақтарға ыңғайлы жағдай жасау мақсатында қолға алынып отыр. Жаңа жүйе туристерге уақытты үнемдеуге, негізгі нысандарға қолжетімділікті арттыруға көмектеседі. Картаны онлайн платформа арқылы немесе арнайы сату нүктелерінен сатып алуға болады. Бағдарлама аясында қосымша жеңілдіктер мен арнайы ұсыныстар қарастырылған. «CROCOS» ЖШС компаниясы бұл жобаны іске асыру арқылы Шымкенттің туристік инфрақұрылымын дамыту, қалаға келетін қонақтардың санын арттыру және қызмет көрсету сапасын жақсартуды көздейді.

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, 2024 жылдың сәуірінен бастап «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр. Акция басталғаннан бері Шымкентте 317 мыңға жуық адам, 2 301 өндірістік және кәсіпкерлік, 687 әлеуметтік нысан қатысып, 10 145 бірлік техника жұмылдырылды. 24 мың тонна тұрмыстық қалдық шығарылды. Сонымен бірге былтыр 200 мыңға жуық ағаш көшеті отырғызылды. Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары,  қалалық әкімдіктің ресми өкілі Сәрсен Құранбек БАҚ өкілдерімен Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында   Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы тарапынан атқарылған жұмыстары мен  алдағы даму жоспары туралы  баспасөз жиынында баяндады. Биыл да  «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасып, наурыз айынан бастап жыл…

Read More

Стадионның құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде.   Бұл маңызды жоба қала мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп қана қоймай, халықаралық спорттық ареналармен байланыстыратын маңызды нысанға айналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. Жаңа стадион Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тұран-2 шағын ауданында орналасады. Оның жалпы аумағы 21 гектарды құрайды. Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, қазіргі таңда мемлекет мұқтажына қайтаруға жататын 177 жер учаскесінің 160-ы қайтарылды. Ал қалған 17 жер телімін мемлекет мұқтажы үшін қайтару жұмыстары әлі де жалғасады. Бұдан бөлек, қосымша жерге орналастыру жобасы жасақталып 14 жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына қайтару бағытында жұмыстар атқарылып жатыр.

Read More

Түркістанда велоспорттан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан Республикасының қысқы чемпионаты басталды. 6 күнге созылатын жарысқа 18 өңірден 200-ге жуық велошабандоз қатысады. Іс-шараның ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев, Қазақстан велоспорт федерациясының бас хатшысы Жетес Сүлейменов, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы Николай Лопатин және Қазақстан паралимпиадашылар федерациясының президенті Кенжеғұл Сейтжан қатысты. – Бұл жарыс – өңіріміздің спорттық өміріндегі маңызды оқиғалардың бірі. Велоспорт – тек төзімділік пен шеберлікті ғана емес, сондай-ақ қайсарлық пен жеңіске деген ұмтылысты талап ететін спорт түрі. Біздің аймақ әрқашан спортты дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Мемлекет басшысының бастамасымен бұқаралық спортты қолдау және салауатты өмір салтын насихаттау бағытында…

Read More

Түркістан қаласына «Ерекше мәртебе» туралы Заңда қолөнершілерге мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілген. Осы Заң аясында Түркістан қаласы «World Craft Council» халықаралық ұйымының шешімімен және Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің келісімімен «Қолөнершілер қаласы» мәртебесін иеленді. Ақпан айында Түркістанға «World Craft Council» халықаралық ұйымының мүшелері мен Дүниежүзілік қолөнер Кеңесінің Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша вице-президенті, аймақ бойынша сарапшылар – Үндістаннан, Түркиядан, Оңтүстік-Шығыс Азия аймағынан арнайы сапармен келіп, қала мүмкіндіктерін жоғары бағалап, Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қабылдауында болған болатын. Сарапшылармен келіссөз барысында қала әкімі Түркістан қаласының «Халықаралық қолөнершілер қаласы» мәртебесін алуына ниет білдіріп, өтінім жолданған болатын. Нәтижесінде бүгін Түркістан қаласы ресми түрде «Қолөнершілер қаласы» мәртебесін растайтын…

Read More

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті. Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің басшысы Мұрат Төлеубаев, құқық қорғау және мемлекеттік орган басшылары, облыс әкімінің орынбасарлары, басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері қатысты. Заң мен тәртіпті нығайту мақсатында өткен мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралып, оны шешу жолдары қаралды. Атап айтқанда, облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы талқыланды. Сонымен бірге мәдениет саласындағы мәдени-бұқаралық іс-шараларды қаржыландыру кезіндегі тәуекелдерді азайту жұмыстары және бизнестің дамуына кедергі келтіретін жемқорлық тәуекелдері мен әкімшілік кедергілерді жою…

Read More

Қазіргі таңда қала аумағында түнгі уақытта қоғамдық тыныштықты бұзу фактілері жиілеп тұр. Бұл әсіресе тойханалар мен мейрамханалар, елді-мекендер мен шағын аудандарда пиротехникалық бұйымдарды пайдаланумен байланысты болып жатады. Пиротехникалық бұйымдарды елдi мекендерде қолдану ережелерін бұзған жағдайда Қазақстан Республикасы Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінің 436-бабына сәйкес тәртіптік жауаптылық қарастырылғанын естеріңізге саламыз. Атап айтсақ: Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгiленген тәртiптi бұзатын және iрi материалдық залал келтiруге әкеп соқпаған, елдi мекендерде және бұл үшiн бөлiнбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану пиротехникалық бұйымдар тәркiленіп, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған әрекет…

Read More

Алматыда үстел теннисінен Қазақстан чемпионатында командалық есептегі алтын, күміс жүлдегерлер анықталды.  Ерлер арасындағы финалдық матчта Шығыс Қазақстан облысының құрамасы Алматы командасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңсе, әйелдер арасындағы сайыста алматылықтар 0:2 есебімен жеңіліп жатып, жеңіске деген ерік-жігерлерін паш етіп, 3:2 есебімен бірінші орынды иеленді. Ерлер, финал. Шығыс Қазақстан облысы — Алматы 3️⃣:0️⃣ 🥇1 орын Шығыс Қазақстан облысы  🥈2 орын Алматы  Әйелдер, финал. Алматы- Қарағанды облысы 3️⃣: 2️⃣ 🥇1 орын Алматы  🥈2 орын Қарағанды облысы 🛫https://t.me/atamekenbusiness_sport

Read More